Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 мамыр — Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 21 мың гектардан астам жер кері қайтарылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі жыл басынан бері көлемі 21552,25 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 23 жер учаскесі мемлекетке кері қайтырылғанын мәлімдеді.  «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің жоспарымыздағы басты басымдық – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан жер телімдерін кері қайтару. Осыған орай өңірлердегі жағдайды саралап, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстарын саралауды көздедік», -дейді аталған комитеттің басқарма басшысы Айдос Абдрахманов. Облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың айтуынша, жыл басынан бері 21552,25 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 23 жер учаскесі мемлекетке қайтырылған. «Ауыл…

Read More

CaspianLife, 30 мамыр — Ақтау тұрғындары балалар көлігін жалға берушілерге шағымданды. Шағын кәсіпкерлер тыйым салынғанына қарамастан жағажайдағы бизнесін жалғастыруда. Тұрғындардың сөзінше, олар жағажайға демалып келгендердің мазасын алады. Бұған дейін, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жергілікті атқарушы органдар рейд жүргізіп, кәсіпкерлерге ескерту жасағанын хабарлаған болатын.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Атырау халқы дүкен сөрелерінен секер таба алмай жүр. Тек жарты және бір келілік рафинад бар. Оның құны да аспандап кеткен, келісі 1000 теңгеге жуық. Кішігірім азық-түлік дүкендерінің сатушылары да жағдайдың күрделі екенін айтады. Ал, сатушылар қант тіпті фирмаларда жоқ екенін айтады. Болған жағдайда қымбатқа ала алмайтындарын жеткізді.  Осы орайда «бағаны да, азық-түліктің бәріне жетуін күнде бақылауда ұстап отырмыз» деп жарияға жар салып жүретін шенеуніктердің жұмысының нәтижесі қайда деген заңды сұрақ туындайды. Әдеттегідей олар жағдайдан хабардар. Облыстық әкімдіктегілер халықты дүрбелең тудырмауға шақыруда. Өйткені қант тапшылығы Атырауда ғана емес, еліміздегі барлық өңірде байқалуда. Жағдайдың күрделенуіне санкцияның астында қалып,…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Бейнеулік түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай Есет ауылының орталығына биіктігі 9 м болатын тутұғыр орнатты. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады. 2002 жылдың түлектері мерейтойды өзара атап өтудің орнына, туған ауылына елеулі сый жасауды жөн санады. Қазір ту жергілікті тұрғындар кешкісін бас қосқанды ұнататын ауыл орталығында желбіреп тұр. «Бірнеше күн бұрын біздің мектептің түлектері тутұғыр орнату туралы ұсыныс жасады. Олардың бұл ойларын қуана құп көріп, орнатылатын жерді белгілей салысымен құжаттар әзірледік. Бұл сый ауыл тұрғындарының да көңілінен шықты», — дейді ауыл әкімі Есет Ізбасаров. Тутұғыр 36 шаршы метрді алып жатыр. Ол барлық жағынан…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Ақтау әуе айлағында Ақтау-Тбилиси халықаралық рейсінің жолаушыларын кедендік бақылау кезінде облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 30 мың АҚШ долларын экспорттау әрекетінің жолын кесті. Оқиға фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Мемлекеттік кірістер департаменті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 10 мың АҚШ долларынан асатын қаражат пен 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтын құймаларын шекарадан асыруға тыйым салынғанын ескертті. Сондай-ақ, шетелге шыққалы жатқан азаматтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауын сұрады.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Ақтауда 6 адам темір тұлпарды мас күйінде айдағаны үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айрылды. Бұл туралы Ақтау прокуратурасында хабарланды. 2020 жылдан бастап көлікті алкоголь және есірткі тұтынып айдаған жүргізушілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілген болатын. «Бұған дейін осындай құқық бұзған адамдарға айыппұл немесе қоғамдық жұмыстраға тарту түріндегі жазалар қолданылатын. Қазір сотталушылар бес жылға дейінгі бас бостандығы мен өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айрылады», — деп мәлімдеді прокуратура өкілі.

Read More

CaspianLife, 27 мамыр — Ақтаулық азамат алимент төлемегені үшін бір жылға қамауға алынды. Аталған қылмыстық іс 4 ата-ананың үстінен қозғалды. Олардың балаларының алдындағы қарызы 200 млн тг-ге дейін жетеді. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді. Жыл басынан бері сот үкімін орындамағаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бүгінде Ақтауда 8000-нан астам бала алимен алуы қажет. Ал борышкерлердің қарызы 200 млн тг-ден асты», — деп хабарлады прокуратура өкілі. Сондай-ақ, алимент өндіру туралы атқару құжаттары прокуратураның ерекше назарында екені айтылды. Сәуір айында Ақтау қалалық сотының үкімімен Ақтау қаласының тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына…

Read More

CaspianLife, 26 мамыр — Ақтауда бір топ жігіт полиция қызметкерімен төбелесті. Облыстың ПД-нің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы болған. Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты. «Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп қорытындылады ведомство өкілі.

Read More

CaspianLife, 26 мамыр — Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар ұйымдастырған тағы бір заңсыз ойын бизнесі анықталды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері мекеменің заңсыз әрекетінің жолын кесті. — Ойын мекемесі «Самал» шағын ауданында орналасқан, ол жерден мониторлар, процессорлар, теледидарлар, касса, сондай-ақ қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Аталған факті Жаңаөзен полиция басқармасында тіркеліп, жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, — деп хабарлады құқық қорғау органы.

Read More

CaspianLife, 26 мамыр — Бүгін мемлекеттік рәміздер және Шекара қызметі құрылуының 30 жылдық мерей тойына орай, ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің лауазымды тұлғаларының ұйымдастыруымен Дамбы ауылдық округінде тәрбиелік спорттық-веломарш іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға Дамба ауылдық әкімшілігі, мәдениет үйінің, Амангелді атындағы орта мектебі өкілдері мен ауыл тұрғандары, сонымен қатар әскери-патриоттық үйірмесінің «Жас шекарашылар» мүшелері де қатысты.

Read More