CaspianLife, 10 маусым — Ақтауда жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Оқиға 9 маусымда кешкі 22:20-да 5 және 7 шағын аудандары арасында болған. «Toyota Carolla көлігінің жүргізушісі қиылыста солға бұрылғалы жатқанда Minsk X250 мотоциклімен соқтығысты. Мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», — дейді жергілікті полиция өкілі. Жеңіл көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жұмыстары басталды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 10 маусым — Маңғыстау облысының алданған тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалаудың қақ ортасында әділдік талап етуде. Олардың әрқайсысының атына қымбат автокөліктер несиеге рәсімделген. Бірақ несиегерлердің банкке қарызы болса да, көліктері жоқ. Көлік бойынша алаяқтар туыстық немесе достық қарым-қатынасты қолдана отырып, сенімге кірген. Содан кейін адамдарға 16-20 миллион арасында несие рәсімдеп, автокөліктерді қайта сатып, қарызды жабуға уәде берген. Ал бұл келісім үшін 70-тен 200 мың теңгеге дейін сыйақы төлеген. Әрине, несиені ешкім өтемеді. Тек Маңғыстау облысында мұндай алаяқтықтан 189 адам зардап шекті. Барлығы 16 көлік табылды, олар қазір тұрақта. Полицейлер үш адамды ұстады. Тағы біреуі іздеуде. Маңғыстаулықтардан басқа, алаяқтардан Алматы қаласының тұрғындары да зардап шеккен. Алданғандар көптігіне қарамастан,…
CaspianLife, 9 маусым — Биыл Маңғыстау облысында 3747 адам донор атанды деп хабарлайды облыстық қан орталығының директоры Рафаэль Сарамалиев. Оның айтуынша, былтыр 8649 адам донор болуға өтініш білдірсе, оның 2336-сы қабылданбады. «Көп жағдайда қандағы гемоглабин деңгейі төмен болғандар донор бола алмайды. Бұл бұрыс өмір салты мен дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Бұдан бөлек басқа себептер бар», — дейді орталық директоры. Қан орталығында донор болғысы келгендер үшін иммуногематологиялық зерттеуден өтуі керек. Қажет болған жағдайда мекеме қызметкерлері донорларға өздері барады. «Былтыр осындай қайырымдылықтың үлесі 2,2 % құрады. Донорлардың 94%-дан астамы қанды тегін тапсырды», — дейді Сарсамалиев.
CaspianLife, 9 маусым — Ақтауда шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған нәресте шамамен 3-4 ай болған. «Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», — деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
CaspianLife, 9 маусым — Маңғыстаулық полицейлер «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерден 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіледі. Шара барысында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін табиғатты қорғау полиция қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және патрульдік полиция батальоны мен рота қызметкерлерінен бес топ құрылды. Нәтижесінде, 90 заң бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде, балық аулау қағидасын бұзғаны үшін 74 тұлғаға хаттамалар толтырылды. «Бекіре-2022» акциясы барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 1099 келі бекіре тұқымдас және 46 келі ұсақ балық, итбалықтың майы мен терісі тәркіленді.
CaspianLife, 9 маусым — Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр. Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер еккен еді. Шенеуніктер жасанды гүлзар түнде жарық шамдарымен безендіріліп, қалаға көрік береді деп сенген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің көп ұзамай тоқтары үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды. Қызғалдақтар алқабы кәдеге аспаған соң оның орнына пластик көгал қойылған. Бірақ, ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киген.
CaspianLife, 9 маусым — Еуразиялық экономикалық комиссияның мәлімдеуінше, Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жалақының өсімі бойынша көшбасшыларының біріне айналды. Осы жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде көтерілді. Оның мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар) Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) дейін құрады. Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).
CaspianLife, 7 маусым — Атырауда дзюдодан ересектер арасында еңбек және спорт ардагері Кеңес Барақатовты еске алуға арналған XIV республикалық турнир өтті. 2 күнге созылған байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100 ге жуық спортшы 60 – 100 келі аралығында күш сынасты. Сондай-ақ, олардың арасында Өзбекстан атынан қатысып отырған 1 команда бар. Алғашқы күннің қорытындысымен 60 келі салмақта Атыраулық Шейілхан Қанат, 66 келі салмақта Қызылорда спортшысы Берікұлы Әділбек, 73 келі салмақта Алматылық Нүсіпбаев Ілияс жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды.
CaspianLife, 5 маусым — Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының маңына мұнай төгілгені анықталды. Бұл жайт туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіге видео жүктеген. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі осыған байланысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. «Комиссия құрамында облыстық экология департаменті мен Құлсары қалалық әкімдігінің мамандары және қоғам белсенділері бар. Департамент мамандары комиссия мүшелерімен бірге 31 мамырда видеода көрсетілген жерде тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталған аумақтың мұнай өнімдерімен бүлінгені анықталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Аумағы 60х70 метр сол жерден темір бөшкелер, автокөлік дөңгелектері, басқа да заттар табылған. Бұдан өзге 100 тоннаға жуық құрылыс қалдығы тасталған. «Тексеру кезінде Құлсары қаласының…
CaspianLife, 3 маусым — Еуразия банк, Халық банкі және Банк ЦентрКредит жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты. Оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының жоқтығы себеп болды. «Барлығы 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. Біздің банкте өтініштерді қабылдауды қайта бастаудың нақты мерзімі әлі белгісіз», — деп атап өтті Еуразия банкінің баспасөз қызметі. Банк басшылары өтініштер лимиті таусылғанын хабарлады. Сонымен қатар, ranking.kz сайтының мәліметінше, маусым айының басында 24,19 мың өтініш қабылданып, оның 9,84 мыңы 72,7 млрд теңгеге мақұлданған. Бағдарлама аясында қазақстандықтарға барлығы 1618 автокөлік берілді.
