Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 маусым — Атырауда Маңғыстау облысының Шекара қызметі Жағалау күзетінің 3 дивизион әскерилері Сарайшық арнаулы орталығымен бірлесіп 18 жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сый жасады. Қызметкерлер балаларды ойын-сауық кешеніне апарып, жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кейін оларға арнап түскі ас ұйымдастырды. «Балаларға қуаныш сыйлау үшін арнаулы күндер керек емес. Біз қолымыздан келгенше қуаныш сыйлауға тырысамыз» — дейді әскерилердің бірі. Атырау облысы бойынша департамент өкілі Өмірбет Айтәлі шекарашылардың мұндай игі істерді жиі ұйымдастырып отыратынын айтады. Бұған дейін қызметкерлердің бірі өз атынан аймақтағы балалар үйіне 20 ортапедтік аяқ киімді сыйға тартқан болатын.

Read More

CaspianLife, 16 маусым — Атырауда донерден уланып ауруханаға түскен 8 адамның жағдайы орташа. Науқастардың кішісі – 1 жас 7 айлық, үлкені – 30 жаста. «Қазір науқастың бәрі аурухана дәрігерлерінің жіті бақылауына алынды. Ауруханадағы науқастарға қажетті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді аурухананың баспасөз қызметінен. Бұған дейін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова Атырауда екі күнде 9 адам донерден уланып қалғанын айтқан еді. «Кеше облыстық инфекциялық ауруханаға 7 адам улану диагнозымен тіркелді. Ал, бүгін тағы 2 жағдай анықталып отыр. Оқиға С. Датов көшесінде орналасқан жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінде болған. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған…

Read More

CaspianLife, 16 маусым — «Атырау жылу желілері» АҚ жылу пункттерінің жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты күрделі жөндеу кестесіне сәйкес 20 маусым мен 24 маусым аралығында ыстық су беру мына мекенжайлар бойынша уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. — Аманшина ЦТП-нен – Аманшина 72, 74, Абдрахманов 39, С.Бейбарыс 38, 40, 42. — Алмагүл-2 ЦТП – Алмагүл 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24. — No15 ЦТП-дан — Авангард 4 шағын ауданы. 2а, Сәтпаева 2б, 2в, 2д, 5а, 5б, 5д, 5д, 42, 48, 48а, 48б, 48в, 48д, 48д, 50, 50а, 50б, 52, 54, 56, 58, 58 Владимирского 2в.

Read More

CaspianLife, 16 маусым — Атырау мұнай өңдеу зауытында жөңдеу жұмыстарына байланысты қондырғы жұмыстары екі күнге тоқтайды. Компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінші, 16-17 маусымда сутегіні тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылады. «Жөндеу жұмыстары құрамында сутегі бар газды (СГ) тазалауға арналған адсорберге жүргізіледі. Қондырғы тоқтатылған кезеңде құрамында сутегі бар газ одан әрі өртеу үшін технологиялық қондырғылардан газдарды қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ететін алау жүйесіне жіберілетін болады. Алаудың жану шүмегіне ауа беру арқылы бағанадан шығарылатын технологиялық газдың толықтай жануын, көмірсутектердің бейтараптандырылуы мен буға толық конверсиялануын қамтамасыз етеді. Демек, толық жану нәтижесінде алауда құрамында сутегі бар газдан улы газ (СО) түзілмейді», — деп хабарлады зауыттың қоғаммен…

Read More

CaspianLife, 15 маусым — Атырауда жыл басынан бері 112 адамды бұралқы иттер қапқан. Зардап шеккендердің 70-і кәмелет жасына жетпегендер. Прокурорлар тұрғындарды ит қабу дерегінің азаймауына – оларды аулайтын мекемелер жұмысының тиімсіздігі мен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның дұрыс орындалмауы себеп дейді. «Мемлекеттік бюджеттен тиісті қаражаттың бөлінгеніне қарамастан, қала аумағында бұралқы иттердің саны күрт көбейіп кетті. Бұл қоғамға қауіп төндіргендіктен, қала прокуратурасы тиісті қадағалау актісін енгізіп, мобильді топтар құрылды. Біз ата-аналарға ескертетініміз, қоғамдық жерлерде балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», — дейді жергілікті прокуратура өкілі Ерлан Какиев. Қалалық прокуратура қызметкерлері бұған дейін қаңғыбас иттерді атумен айналысатын кәсіпкерлердің атылмаған 311 итті тізімге қосып, жалған құжат…

Read More

CaspianLife, 15 маусым — Атырау облысы Құрманғазы аудандық ауруханасының науқасқа көмек көрсетпегені үшін айыпталған екі дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Дәрігерлерге ҚР Қылмыстық кодексі 317-бабының 3-бөлігімен айып тағылған болатын. Прокурор сотталушылар онша ауыр емес қылмыс жасағандықтан, оларды рақымшылық актісі бойынша негізгі жазадан босатуды сұрады. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың бұрын сотталмағанын, және де айыпталушы Ш.-ның балалары бары да айтылды. «Сотталушылардың әрқайсысының рөлін және жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, сот Ш.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны, сондай-ақ 3 жылға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны тағайындады. Ж.-ға 2 жыл 6 ай…

Read More

CaspianLife, 15 маусым — Атырау қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров аймақтағы масаны улау жұмыстары не үшін кеш басталғанын түсіндірді. Оның айтуынша мердігер мамыр айында анықталған. «Салыстыратын болсақ, 2021 жылы байқау жеңімпазы наурыз айында анықталды, ал 27 наурызда өңдеу жұмыстары басталды. Масалардың дернәсілдері жойылды. Ал биылғы жылы тендердің ұзаққа созылуына байланысты өңдеу жұмыстары мамыр айында ғана басталды – жоспарланған уақыттан бір жарым ай кешігіп, маса көбейіп кеткен», — дейді Әубәкіров. Одан бөлек, көктемде ылғалдың көп болуы мен өзен суының толуы да масалардың көбеюіне әсер еткен. Сондай-ақ, Атырауға масалармен күресу үшін Алматыдағы Генетика және физиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары шақырылды. Жуырда…

Read More

CaspianLife, 14 маусым — Елімізде шығатын дәрі-дәрмек жалпы сұраныстың 24%-ын ғана қамтиды. Қазақстанда дәрілік және медициналық бұйымдарды өндіру үшін технологиялар мен компонентер қажеттілігі басым. Сондай-ақ, фармацевтикалық препарат пен субстанциялар импорты да маңызды болып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят мәлімдеді. «Аталған салада мынадай проблемалар бар: отандық тауар өндірушілердің генерикалық препараттары төмен рентабелді, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде дәрілік заттар айналымының рәсімдері шектелген, елде фармацевтикалық субстанциялар өндірісі жоқ және дайын өнім экспортының деңгейі төмен, фармацевтикалық өндірістің арнайы бейінді мамандары өте аз, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жаңа әзірлемелерін қаржыландыру механизмі жоқ, дәрілік заттар мен медицианлық бұйым өндірісін іске қосу үшін…

Read More

CaspianLife, 14 маусым — Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев егіс алқаптарындағы шабындық көбелектің зиянды құрттарын жою жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда 20 мың гектар егіс алқабына мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 7500 гектар алқапты химиялық өңдеу қажеттілігі белгілі болып, оның 4500 гектары өңделді. Оның 800-і өз шаруашылық күшімен, қалғаны бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен жасалды. “Егінге зиян келтірудің алғашқы фактілері анықталған бойда Батыс Қазақстан облысынан зиянкестермен күресетін мамандарды шақырдық. Индер, Махамбет, Қызылқоға аудандарының ауыл шаруашылығы алқаптарында жұмыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда егінді құрттардың құрту қаупі жойылды. Біздің тарапымыздан шаруа қожалықтарын химиялық заттармен қамтамасыз етумен қатар түсіндіру жұмыстары жалғасуда”,…

Read More

CaspianLife, 14 маусым — Жылыой ауданының тұрғыны былтыр есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, аудандық сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда айыпталушы өзінің жазықсыз екенін айтып, апеляциялық сотқа шағымданыпты. Бірақ одан да нәтиже болмай, кейін Жоғары сотқа шағымданған. «2021 жылғы 18 маусымда полицейлердің заңсыз әрекеті нәтижесінде жазықсыз қамалып, 5 жылға жаза арқаладым. Менің кінәсіз сотталуым ең бірінші анама ауыр тиді. Сондықтан заң алдында адалдығымды дәлелдегім келіп, қорғаушымның көмегімен ҚР Жоғары сотына арыздандық», — дейді  айыпталушы. Толықтай ақталып шыққан азамат Жоғары сот қаулысымен жазадан босап, бүгінде қызметіне қайта орналасқан. Жазықсыз айып арқалаған ол алдағы мақсаты отбасылы болып, жалғыз…

Read More