Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 маусым — Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бозжырада қонақүй салу мәселесін қоғаммен, инвесторлармен және экологтармен бірігіп талқылау қажет деп мәлімдеді. «Бозжыра трактіне келетін болсақ, әзірге жоспар жоқ. Қазір жай ғана жабайы туризм бар, бақылаусыз. Елестетіп көріңізші, егер Медеу болмаса, адамдар жүрер ме еді? Барды. Жасанды мұз айдындарында жүріңіз. Бірақ ешқандай тазалық пен күтім туралы сөз болған жоқ. Бозжыра алқабында қазір шамамен осындай жағдай», — дейді министр. Бұл ретте қонақ үйді табиғи нысанннан тыс жерде және барлық экологиялыфқ талаптарды сақтай отырып салу қажеттігін алға тартты. «Сонда өркениетті туризмге адамдар келеді. Бізге көп нәрсені дамытуға мүмкіндік береді – жұрт…

Read More

CaspianLife, 22 маусым — ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді. «Шын мәнінде, біз биыл олардың жалақысын 50 пайызға көтереміз. Екіншіден, қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі бар. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50% немесе 100% жоғары жалақы алады», — деді министр. Осы орайда ол Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында қарастырылған өтінімдер саны бойынша ынталандыру жүйесі бар екенін де тілге тиек етті.

Read More

CaspianLife, 22 маусым — Депутат Сәлімжан Нақпаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдан «Атырау-Астрахань» тасжолының мәселесіне араласуын сұрады. «Еліміздің батысындағы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» жолының маңыздылығы көптен айтылып келе жатыр. Бұл жолмен Атырау қаласына 100 мыңнан аса халқы бар Исатай, Құрманғазы аудандарының тұрғындары қатынайды және көрші Ресей елінің Астрахань облысымен сауда-саттық, туризм, тұрмыстық қарым-қатынастар жасалады. Жоспар бойынша 2019 жылдан басталып, 2022 жылы толық аяқталуы тиісті бұл жол, жоба жасаушылардың білімсіздігінен, оны қадағалайтын тиісті министрліктің салғырттығынан, 2023 жылға кешіктірілді. Бұл алдымен жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өйткені, адам шығынына әкелген апаттар орын алуда», — деді мәжілісмен. Оның айтуынша, аталған жолдың бойында…

Read More

CaspianLife, 22 маусым — Ақтауға 200 тоннадан астам қант жеткізіледі. Қазір қалада  555 тонна қант қоры бар, сауда желілерінде — 335 тоннасы болса, тұрақтандыру қорында — 220 тоннасы тұр. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлімдеді. «Қаланың сауда желілері Алматы облысындағы Көксу қант зауытымен шарт жасасты. Нәтижесінде Ақтауға 408 тонна қант жеткізіліп, бір килограмы 450 теңгеден алынып, 500 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, «Каспий «ӘКК» АҚ Тараз зауытымен және «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-мен 204 тонна қант алуға келісім-шарт жасасты. Жақын арада ол Ақтауға келеді», — деді Жанна Тоқбаева.

Read More

CaspianLife, 22 маусым — Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Жұмабек Қаражанов болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар. 2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау №…

Read More

CaspianLife, 21 маусым — Индер ауданында әкесінің көз алдында суға кеткен баланың денесі бүгін түс әлетінде табылды. Алғашқы мүшелге енді қадам басқан жасөспірімнің мүрдесін полицейлер туған-туыстарына тапсырды. «Екі күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгіни яғни 21 маусым күні сағат 11:35 минут шамасында Елтай ауылдық округінің аумағынан табылған болатын. Қазір азаматтың денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп мәлімдеді аудандық ТЖБ аға инженері Ербол Ғабитов. Естеріңізге салайық, 19 маусым күні әкелі-балалы екеу Орал қаласынан өздері тұратын Бейнеу ауданына қайтып келе жатып, Индер ауданы тұсындағы Жайық өзенінің рұқсат етілмеген жеріне суға түскен.

Read More

CaspianLife, 21 маусым — Атырау және Маңғыстауда математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті және шет тілі мұғалімдері тапшы. Екі облыста да білім сапасы төмен. Оған 2018 жылғы халықаралық PISA зерттеуі мен ҰБТ нәтижелері дәлел, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. Осыған байланысты арнайы бағдарлама жасақталмақ. Қазір байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. «Мұғалімдер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-магистр» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген оқу үлгерiмi жақсы түлектер де қатыса алады. Басқа өңірлердің мұғалімдеріне қатысуға болады», – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі…

Read More

CaspianLife, 21 маусым — Атырауда балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тағамның бағасы өседі, деп мәлімдеді білім басқармасының басшысының міндетін атқраушы Айнагүл Дүйсекенова. Бұған себеп – азық-түлік бағасының қымбаттауы. «Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге дейін, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі. Мектептердегі балаларды бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету тарифі жаңа оқу жылының басында қайта қаралады», — дейді Дүйсекенова. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың айтуынша, Атырау облысы – 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылғаны төрт өңірдің бірі. Алайда, күніне бір балаға бекітілген соманың мөлшері…

Read More

CaspianLife, 21 маусым — Ақтауда жаз мезгіліне байланысты келесі айдан бастап №2, №3 және №5 автобстардың жүру уақыты 22:00-ге дейін ұзарады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде Ақтауда аталған қоғамдық көліктермен қатар, №4 мен №7 автобустар да таңғы 06:40-тан 20:00-ге дейін қызмет көрсетіп келді. Аталған маршруттардың интервалы кешкі сағат 20:00-ге қалыпты уақыт аралығында, яғни, №2 маршрут үшін 12-14 минут, №3 маршрут 6-8 минут, №5 маршрут 14-16 минут аралығында қатынай береді. Ал, сағат кешкі 20:00 мен 22:00 аралығында жолаушылар ағынының азаюына байланысты автобус аралығындағы интервалдар №2 маршрут үшін 18-20 минут, №3 маршрут 12-14 минут, №5 маршрут 20 минут болады.

Read More

CaspianLife, 21 маусым — Атырауда стадионда болған төбелеске қатысқан 28 адамға қатысты іс қозғалды. Сот қаулысымен 2 адамға 15 315 тг, 26 адамға 10 721 тг көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетсек, Мұнайшы стадионында футбол жанкүйерлері арасында төбелес болған еді. Полиция қызметкерлері 30 шақты адамды ұстады.

Read More