Мұғалім тапшы өңірлерде ұстаздарға 790 мың тг жалақы төленеді — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам Білім

Мұғалім тапшы өңірлерде ұстаздарға 790 мың тг жалақы төленеді

21.06.2022
Білім, Жаңалықтар
0
Мұғалім тапшы өңірлерде ұстаздарға 790 мың тг жалақы төленеді

CaspianLife, 21 маусым — Атырау және Маңғыстауда математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті және шет тілі мұғалімдері тапшы. Екі облыста да білім сапасы төмен. Оған 2018 жылғы халықаралық PISA зерттеуі мен ҰБТ нәтижелері дәлел, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Осыған байланысты арнайы бағдарлама жасақталмақ. Қазір байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр.

«Мұғалімдер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-магистр» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген оқу үлгерiмi жақсы түлектер де қатыса алады. Басқа өңірлердің мұғалімдеріне қатысуға болады», – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Қажетті құжаттардың тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.

Айта кетсек, үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама аясында мұғалімдерге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері бар, оның ішінде жоғары жалақы, үй жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге барған ұстаздарға 790 мың теңге жалақы төленетінін мәлімдеген еді.

Тегтер: Caspianатыраубілімжалақымаңғыстаумектепмұғалімұстаз
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz