Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 мамыр — ҰБТ-ға құлаққаппен кіріп, жоғары балл жинаған оқушының нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. «Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз. Осылайша, өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарымызға түскен тестіленушіге тоқталсам. Тест тапсырушы қаңтар айында 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғаны белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған»…

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Әлеуметтік желіде ақтаулық балалардың »Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында ойнап жүрген видеосы тарады. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар кәмелетке толмаған. Тәртіп сақшыларына кешкі сағат 19:45-те шатырда балалар жүргені туралы қоңырау түсті. «Оқиға орнына ювенальды полиция қызметкерлері барған кезде шатырда ешкім болған жоқ», — делінген хабарламада. Полиция балалардың кім екенін анықтауда. Сондай-ақ, шатырға шығатын есіктің жабық екенін қосты.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Жанжал шығарып,  бір-біріне жұдырық жұмсағандардың бұл әрекеті жергілікті полиция басқармасының жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында шу шығарған 1989, 1997 және 1998 жылғы үш азаматты анықтады. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 271 тг көлемінде айыппұл салынды.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Маңғыстау облысында мектеп бітіру кешін дүркіретіп тойлауға тыйым салды. Бұл туралы жергілікті білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева мәлімдеді. Түлектерге демалыс агенттіктерді, жеке студия өкілдерін, әртістер мен көліктерді жалға алуға болмайды. Мамаеваның сөзінше, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы ұйымдастырады, ал шара мектеп қабырғасында өтуі керек. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға және кешті басқа ойын-сауық орындарында жасауға тыйым салынады. «Мектеп бітіру кешінде оқушылардың ата-анасы, мұғалімдер, демеушілік ұйым өкілдері де қатыса алады», — деп толықтырды Гүлмира Мамаева. Биыл Маңғыстау облысында 7562 оқушы мектеп бітіреді, оның 7114-і мемлекеттік, 59-ы жеке, 389-ы кешкі мектепті тәмамдайды.…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Huawei, Intel Corporation, Lenovo, Hewlett Packard және тағы басқа компаниялар санкцияларды айналып өту үшін Қазақстан арқылы Ресейге тауарларын ұсынып жатыр.  Көрші елде смартфон, планшет, ноутбуктерін сатуды көздеген компаниялар Қазақстанда өнімдердің Еуразиялық экономикалық одақтың территориясына енгізілгені туралы хабарламаны тіркейтін болған. Бұл туралы ресейлік РБК басылымы хабарлады. Cnews агенттігінің мәліметінше, хабарлама – Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметінде, ал Қазақстанда – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тіркелген құжат. Ол ЕАЭО-ға криптография және шифрлау элементтері бар тауарларды әкелу үшін қажет. Сондай-ақ ресейлік БАҚ ірі дүкендерде Қазақстан арқылы жеткізілген гаджеттердің құны қымбаттағанын хабарлады.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Жалған брокерлер сайт жасап, Kaspi.kz атынан интернетте жарнама беріп жатыр, деп хабарлады банк. «Олар адам тіркелгеннен кейін бірден инвестициядан ақша табуды ұсынады, содан соң жеке тұлғаның картасына ақша аударуды сұрайды. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, сенбеңіз, бұл алаяқтық!», — деп ескертті банк. Брокерлік компаниялар әдетте клиенттің атына шот ашады және оны өзіңіз толтыра аласыз. Банк құпия деректерді қалдыруға, күмәнді сауалнаманы толтыруға және бейтаныс адамға ақша аударуға болмайтынын еске салды.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Облысты сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сметалық құны 231,8 миллиард теңгеден асатын тұщыту зауыттарын салу жоспарланған. Бүгінде бюджеттік несиелендіру аясында Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарын сумен үздіксіз қамтамасыз ететін Ақтаудағы Каспий тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Жеке инвестиция есебінен Қаражанбас кен орнында тұщыту қондырғысының құрылысын аяқтау жоспарлануда (қуаты тәулігіне 17 мың текше метр, құны шамамен 21,4 млрд тг).

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Атырау облысының ПД 27 жастағы тұрғынды тексеру кезінде 60 дана оралған синтетикалық есірткі тәркіледі.  «Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Жергілікті ТЖ басқармасы қала тұрғындарына елді мекендер мен ұйымдар аумағында қоқыс өртеуге болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, ауаны қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 61 260 тг, лауазымды адамдарға 153 150 тг, шағын кәсіпкерлікке 918 000 тг, ал үлкен кәсіпкерлікке 1 521 500 тг көлемінде айыппұл салынатынын алға тартты. «Жыл басынан бері Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоқыс өртеген бес адамды жалпы сомасы 153 150 теңгеге жауапкершілікке тартты», — деді бөлім қызметкері Есен Борашев.

Read More

CaspianLife, 20 мамыр — Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу уақытын ұзартты. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.  «Біз Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салуды тағы алты айға ұзартқымыз келеді», — деді министр. Шектеу осы жылдың соңына дейін созылуы мүмкін. Ал 2023 жылдан бастап бұл тәжірибеден бас тартады. «Нарықтың жекелеген қатысушылары мұны теріс пайдаланбауы үшін дұрыс нарықтық қатынастарды құруымыз керек», — деп қосты Ақшолақов. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанда КҚК-ға толыққанды балама мұнай экспорттау жолдары жоқ.

Read More