Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 19 мамыр — Биыл 4 айда тұрмысты зорлық-зомбылықтың фактісі бойынша 6 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының ПД хабарлады. Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты екі қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеген. Биылғы жылы сот 114 тұлғаға, өткен жылы 107 адамға арнайы талаптар белгіледі. «Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 50 тұлға жауапкершілікке тартылды, ал былтыр бұл көрсеткіш 43 болды», — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі. Статистика бюросының мәліметінше, биыл төрт айда әйелдерге қатысты 508 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 108 жағдайға артқан. ҚР Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын арызды…

Read More

CaspianLife, 19 мамыр — Әскерге шақырту алған Талғат Айтмұханов 14 мамырда Құрықтағы әскери бөлімшеге барған соң, жұмыстың алғашқы күндерінде-ақ оғаш қылық көрсете бастады. Бұл туралы қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан хабарлады. Талғат Айтмұхановтың анасы әскердегі әлімжеттік мәселесін көтерген қайраткерге өз ұлының жағдайын айтып, көмек сұраған. «Жігіттің оғаш қылығын бірнеше күннен кейін хабарлады. Кеше, 18 мамырда Талғатқа ата-анасы барып кетті. Олар ұлының ешқандай реакция көрсетпегенін айтты. Кейін Маңғыстаудағы облыстық ауруханаға апарып, басын МРТ-ға түсірді. Бірақ, дәрігерлер еш кінарат таппады. Бұған себеп, жігіттің үйден шықпауында болуы мүмкін дейді. Алайда, ол Оралдағы колледжде бір жыл оқыған студент. Оны қалай әскерге шақырғаны түсініксіз», — дейді…

Read More

CaspianLife, 19 мамыр — Форт-Шевченко тұрғыны теңіз жағасынан итбалықтардың өлексесін тапты. Видео авторы баламен серуендеп келе жатқанда жағада жатқан 2 өлі итбалықты байқаған. «Ары қарай жүрсем тағы бірнешеуі болуы мүмкін. Себебі, алыстан құстардың шулап бірнәрсені шұқып жатқанын көрдім», — дейді тұрғын. Түпқараған ауданының әкімдігі өлген итбалықтарды жинап, өлу себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Айта кетелік, мұндай оқиға бұған дейін де бірнеше рет қайталанған болатын.

Read More

CaspianLife, 18 мамыр — Осы жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтар қаржылық пирамида туралы ескертулерді СМС арқылы алатын болады. Бұл туралы Бас прокуратура Берік Асылов мәлімдеді. Асыловтың сөзінше, соңғы 5 жылда қаржы пирамидасы бойынша фактілер өскен. Мәселен, 2018 жылы – 103 іс болса, 2021 жылы – 160 іс тіркелді. Сондықтан, қыркүйекте Парламентке қылмыстық заңды оңтайландыру мәселелеріне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынбақ. Оған сәйкес, заңсыз әрекеттен кіріс алған сәттен бастап жауапкершілікке тартылады. Заң жобасы бұған дейін Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында талқыланып, мақұлданған. «Мұндай шаралар аталмыш қылмысқа қатысты фактілерді азайтатын болады. Мәселен, осы жылдың төрт айында…

Read More

CaspianLife, 18 мамыр — Қалалық орта мектептің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны анықталды. Нәтижесінде тапқан табысы 190 000 (бір жүз тоқсан мың) теңгені құрады. Лауазымды тұлғаға 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді. Жалпы алғанда, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетелік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік және басқа ақылы қызметпен айналысуға, сондай-ақ, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды.

Read More

CaspianLife, 18 мамыр — Мектептерде QR коды бар арнайы тақтайшалар орнатылуда. Ол арқылы ата-аналар да құқық бұзушылық туралы хабарлай алады. Кодты сканерлегенде балалардың құқығын қорғайтын Bala Qorgau веб-сайтына сілтеме алады, сол жерде өзіне қажетті сұрақтарға жауап табады. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналар жасырын түрде көмек сұрап, мектептегі заңсыздық туралы хабарлай алады. QR код тақтайшалары Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірнеше мектептерде бар. Алдағы уақытта басқа да білім беру ұйымдарына орнатылатын болады. Сайтқа 100-ден астам хабарлама келген. Көбіне ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайында болды. «Bala Qorgau» сайты мектеп оқушыларына әрқашан көмек пен қолдау сұрауына мүмкіндік береді. Балалар түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керегін, өздеріне…

Read More

CaspianLife, 18 мамыр — 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. «2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен болатын. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен 30%-ға, ол 400 мыңнан астам, орта медицина персоналының жалақысы 20%-ға, ол 200 мың теңгеден астамға артты», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, келер жылы да медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылып қойғанын айтты. «2023 жылы дәрігерлер жалақысын орташа есеппен 30 %-ға, орта медицина персоналының жалақысын 20%-ға арттыру жоспарланды, қазіргі уақытта қаражат қарастырылды», — деді Ажар Ғиният.

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Маңғыстау облысының электр энергиясы үшін қарызы 2 млрд теңгеден асады. Бұл туралы «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің басшысы Ермек Давлетпаков облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровпен өткен жиналыста мәлімдеді. Жиында коммуналдық мәселелермен қатар, 2022-2023 жылдары жылу беру маусымына дайындық талқыланды. Серіктестік директорының сөзінше, жарықтың ақшасын әсіресе мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар төлемейді. Мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешсе де, нәтиже шықпаған. Сондықтан, осы жылдың маусым айынан бастап борышкерлердің нысандарын жарықсыз қалдыратын болады. «Борышкерлер алдағы 25 мамырға дейін қарыздарды өтемесе, 1 маусымнан бастап электр энергиясынан ажыратамыз», — деді компания директоры.

Read More

CaspianLife, 18 мамыр — Ақтауда 150-ден астам тұрғын алаяқтарға алданып қалды. Олар жеке тұлғаларға несиеге автокөлік рәсімдетіп, қарызға батырып кеткен. Ал халықты «еңбектеріңе сыйақы береміз» деп алдаған. Тұрғындарды төленбеген несие пайызының өсіп жатқаны алаңдатып отыр. Автонесие әртүрлі банктен алынған. Жәбірленушілер Ақтау қалалық ІІБ-на арызданған. Тергеу басталғалы 50-ден астам көлік айып тұрағына қойылыпты. Қалғаны іздестірілуде. Қолдан-қолға өткен транспорттар қазір басқа облыстарда жүрген көрінеді. «Қазір 200-ден астам автокөліктің несиеге алынғаны туралы ақпарат бар. Бір адамға 2, 3, 4 көліктен рәсімделген. Кейбірі көліктің қайда жүргенін білмейді. Барлық облысқа автокөліктерді анықтап, сол аймақта автотұраққа жабу туралы жеке тапсырма жолданды», — деді жергілікті ІІБ тергеу…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — «Алтын белгіге» үміткер түлек ҰБТ-да төмен нәтиже көрсететін болса, мектеп басшылығы жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан шекті баллды жинай алмаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартатын боламыз. Олардың ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда. Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет болса, жұмыстан шығарамыз»,- деді ол.

Read More