Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 16 мамыр — Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Урдюк мүйісінен Баутинская шұңқырына дейінгі аумақта жағалау сызығын тексеру кезінде 64 итбалық пен 5 бекіренің өлексесін тапты. Теңіз маржандар өлімінің себебін анықтау үшін экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс тобын құрып, аумақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Бір күн бұрын оңтүстік-батыстан соққан қатты дауылды желдің салдарынан өлекселер жағаға шығып қалған. Өлі итбалықтар мен балықтардың денесі шіріп кетті», — деді балық инспекциясы басқармасы. Мамандар лабороториялық зерттеулер жүргізу үшін су мен ауадан сынама алып.

Read More

CaspianLife, 13 мамыр — Маңғыстау облысында көлік салығын төлемегендер азаймай тұр. Олар мұның себебін елдегі экономикалық жағдайдың қиындағанымен түсіндіреді. Мәселен, Мұнайлы ауданы тұрғындарының көлік салығының қарызы 173 млн теңгеден асқан. Ауданда 20 мыңға жуық жеке тұлғаның атына 25 мыңдай автокөлік тіркелген. Сәуір айынан бері транспорт салығынан аудан қазынасына тек 87 миллион теңге түсіпті. Берешекті төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін деп белгіленген еді. Содан бастап кешіккен әрбір күн үшін жалпы соманың 0,25 пайызы өсімпұл ретінде жүреді. Мамандардың айтуынша, салықтан қашатындардың дені жол талғамайтын көліктердің иелері. «Облыс бойынша 55 мың жеке тұлға көлік салығын төлемеді. Олар бір жарым млрд тг қарыз. Салық…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр — Биыл Атырау облысының бюджетіне 420 млрд теңгеге жуық салық түсуі тиіс. Бірақ, бұл болжам ғана. Өйткені, жыл соңына дейін қазынаға түсуі тиіс салықтың көлемі 43,1 млрд.теңгеге азаюы мүмкін. Оған бірнеше фактор әсер отыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің отырысында айтылды. Қазынаға салықтың аз түсуіне мыңдаған атыраулықты жұмыспен қамтып отырған компаниялардың өзге өңірлерде тіркеуде тұрғаны да себеп. Яғни, Атырау жерінде жұмыс істеп, пайда тауып отырған ірілі-ұсақты компаниялар салықты өзге облысқа төлеп отыр. Салықшылар жылжымайтын мүлік нарығындағы қазіргі кездегі көрсеткіштерді сараптай отырып, қаладағы сауда үйлерінен түсетін салықтың көлемі 1,2…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр — Былтыр Маңғыстау облысында мұғалімдерден құқықбұзушылыққа байланысты 4 шағым түскен. Аталған фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Есболат Өмірзақ мәлімдеді. – Мәселен, жұмыстан заңсыз қуылған мұғалімнің арызы облыстық білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органда қаралды. Ақтау қалалық білім бөліміне жолданғаннан кейін ұстаз жұмысына қайта оралды. Тағы бір өтініште Мұнайлыдағы мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинап, қызметтік міндеттеріне кірмейтін жұмыстар тапсырғаны жазылған. Мектеп басшысына ескерту берілді, — дейді Есболат Өмірзақ. Оның сөзінше, «Педагог туралы заң» күшіне енгенімен, ұстаздар құқығы әлі де тапталуда. – ҚР Білім және…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр – Атыраудағы екі шағын аудан уақытша ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы бүгін «Атырау жылу желілері» АҚ кәсіпорны ескертті. Ақпарат бойынша, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су беру төмендегі мекенжайларда 16-20 мамыр аралығында уақытша тоқтатылады. — Привокзальный-5, № 7, №8, №9, №10, №11, №12, №13, №14, №15, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №22, №23, №24, №25, №26, №27, №28, №29, №30, №31, №32, №33, №34 и №35 — Баймұханов, №1, №2 и №3 — Авангард-3, № 9 — Құрманғазы, №1, №1 «А», №3 и №5 — Владимирский, №99, №100, №101.

Read More

CaspianLife, 13 мамыр — Мемлекеттік сатып алу саласында 2020 жылдан бастап биылғы 1 тоқсанға дейін 418 қылмыстық іс тіркеліп, 162 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді. «Биыл 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте Президент жылдар бойы сыбайлас жемқорлық пен ысырапшылық бюджет процесінің барлық кезеңдерінде байқалып отырғанын айтты. Қабылданған шаралар да бұл жағдайды айтарлықтай өзгертпеді. Осыған байланысты ол мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жүйесін қайта қарауды тапсырды», — деді Сарқұлов. Статистикаға сәйкес, бюджет шығыстарының жалпы сомасындағы мемлекеттік сатып алу үлесі шамамен 30%-ға жетеді. Ал бұл Қазақстанның…

Read More

Caspianlife, 13 мамыр — Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі коммуналдық қызметтерге тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін негізсіз шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған қарай 16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жылумен, электрмен, сумен және газбен қамту саласы бойынша 21 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. «Бүгінгі таңда аталған істердің барлығы бойынша келтірілген 5,5 млрд теңгеге залал өтелді және 1,9 млрд теңгенің мүлкіне тоқтам салынды», –делінген хабарламада. Мәселен, Атырау облысында Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентіндегі жылу желілерін, су құбырларын және кәріз құбырларын жөндеу кезінде…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр – Қазақстанда қанттың экспортына уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 23 мамырдан бастап күшіне енеді. «ҚР шекарасынан 6 айға қант пен шикі қантты шығаруға тыйым салынады», — делінген бұйрықта. Айта кетелік, наурыз айында еліміздегі көп қалада қанттың бағасы қымбаттаған болатын. Оған себеп нарықтағы ажиотаж, яғни халықтың сұранысы түрткі болды дейді Сауда және интеграция министрлігінің комитет төрағасы. Сарапшылар Қазақстандағы қанттың бағасы бір жылда 15%-ға қымбаттағанын айтады.

Read More

CaspianLife, 12 мамыр – Атырауда 20 мамырдан бастап бұралқы иттерді аулайтын болады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық мониторинг және есептілік бөлімінің басшысы Нұркен Бояров мәлімдеді, деп хабарлайды «Ақ Жайық». Бұған дейін қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстары ҚР«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына байланысты тоқталыған болатын. 2022 жылдың бірінші тоқсанында облыстық аурухананың травматология бөліміне түрлі дәрежеде ит қапқан 71 бала келді. Былтыр 398 бала осы себеппен жедел жәрдемге жүгінді. Осы себептен, жергілікті қала әкімдігі мен барлық ауылдық округте қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары ұйымдастырылды. — Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өтті. Жеңімпаз мердігер бүкіл жұмысты ұйымдастырады. Ал иттерді…

Read More

CaspianLife, 12 мамыр — Атырауда акция аясында 25 сәуірден бастап 37 азамат полицияға қаруды ерікті түрде тапсыруға ниет білдірді. Тұрғындар 36 бірлік тегіс ұңғылы, 5 иір ойық қаруды өз еріктерімен тапсырған. Олардың барлығы 2 млн 852 460 теңгеге бағаланды. Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығына сәйкес төленетін болады.

Read More