Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 мамыр — Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Исатай ауданында құрылысы аяқталмай тұрған нысандарды аралады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Серік Шәпкенов Аққыстау ауылындағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бүгінде бұл үйлердің құрылысы өте баяу жүруде. Облыс әкімі нысанға жауапты компанияға ескерту жасады. — Ауылдағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда осы үйді күтіп отырған баспанасы жоқ қаншама адамдар бар. Сол себептен «Дан Строй База ЛТД» ЖШС мердігер мекемесіне тиісті тапсырмалар берілді. Аяқталмаған жағдайда мердігер мекеме заң жүзінде жауапқа тартылады, — деді Серік Шәпкенов. Облыс әкімі осы «Дан Строй База ЛТД»…

Read More

CaspianLife, 12 мамыр — Ақтау тұрғыны қала маңында Қаракөлге қарай ағып жатқан лас суды видеоға түсіріп алды. Оның айтуынша, екі апта бұрын құбырдың айналасына бетон құйған. Бірақ, қазір үстіне құм төгіп тастады. — Қаракөл де қорғаудағы аймақ болғанына қарамастан теңізге емес, көлге құюда. Сұйықтық құбырдан тоқтамай ағып жатыр. Тіпті, кішкентай көлшік пайда болып үлгерді. Бұған арнайы мамандар араласуы керек, — дейді тұрғын. Видео Маңғыстау облысының экология департаментіне жіберілді.

Read More

CaspianLife, 12 мамыр — Облыстық экология департаменті Ақтау іргесіндегі елді мекенге лақтырылған бөтелкелердің ішіндегі сұйықтықтың не екенін анықтады. Үйіліп тұрған пластик пен әйнек бөтелкелердің ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар екен. — Бұл қоқысты кім лақтырғаны әзірге белгісіз. Біздің мамандар Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды жинап, полигонға апару керектігін айтты. Жергілікті полицейлер кінәліні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады, — делінген экология департаментінің хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Құтқарушылар Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшыларды іздеуді жалғастыруда. Бұл  туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар жағалау сызығы мен суда визуалды тексеру жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарын түкұшақ пен кеме жұмылдырылды. Еске салайық, 30 сәуірге қараған түні қайықпен екі ер адам — 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы Каспий теңізіне балық аулауға кеткен. Содан бері қайтып оралмаған.

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Маңғыстау облысында 205 мың 400 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі тізімінде тұр. Бұған дейін үй салу үшін жер алмағандар онлайн кезекке тұра алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда жер кезегінде тұрғандар саны 32,5 мың адамға артқан. Мамандар кезектің өсуіне электронды тіркеу себеп болған. «Бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен жер телімін алмаған маңғыстаулықтар енді әкімдікке бармай-ақ EGov порталы арқылы қашықтан өтініш беріп, еліміздің кез келген елді мекенінде жер алуға кезекке тұра алады», — деді Есемұрат Дүзмағанбетов. .…

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Бүгін әкімдік ғимаратының жанына «West Recycling Company» ЖШС-нен «Green City» ЖШС-не көшкен 400-ге жуық тазалықшы жиналды. Жұмысшылардың айтуынша, оларға дауды шешудің қолайлы шарттары ұсынылған. Аталмыш компания Ақтау қаласының санитарлық тазалығына жауапты. Серіктестік жұмысшыларының бірі келісім-шарт бойынша 112 500 тг жалақы болғанымен, аударымдарды қоспағанда қолға 83 мың тг ғана алатынын жеткізді. «Мен аптасына алты күн жұмыс істеймін: бес толық күн, сенбі — қысқа күн. Бізге қала әкімі шығып, екі айдың ішінде қолымызға 120 мың теңге төлейтінін, содан кейін жалақының одан да көбейетінін айтты», — деді компания қызметкері.

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Маңғыстаудан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбайдың қазасына қатысты пікір білдірді. «Күдікті жақында ғана әскерге келген жігіт. Олардың қандай қарым-қатынаста болғанын қазір айта алмаймын. Оның үстіне екеуі де батыс аймақтардан. Бірі Атырау облысынан, екіншісі Маңғыстау облысынан», — деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ, қазір тұрақты мониторинг жүргізілетінін алға тартты. Камалетдиновтың сөзінше, әр казармаға видеобақылау орнатылған. «Біз әр бөлімшелерге психологтарды енгіздік, олар психологиялық мониторинг жүргізеді. Әскери бөлімдерде бақылауды әртүрлі дәрежедегі командирлер үнемі жүзеге асырады. Бірінің орнына екіншісі жауап беретін жауынгер дос тактикасы енгізілді. Техникалық тұрғыдан қазір казармаларда, жеке құрам орналасқан орындарда бейнебақылау жүргіземіз», -…

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Елімізде азық-түлік бағасының өсімі 12 облыста тіркелді, соның ішінде Атырау өңірінде 0,3%-ға  қымбаттады, деп мәлімдеді Премьер-Министр. Сауда және интеграция министрлігі сауда нүктелерінің рұқсат етілген тауар ставкасын сақтауын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарды үйлестіретінін хабарлады. 36,6 мың тұрмыстық дүкенге рейд жүргізіліп, сауда үстемелері 15%-ға төмендеді. Әлихан Смайлов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жеткізуді ұйымдастыру үшін өндіріс пен тұтыну балансын нақтылауды тапсырды. — Қазір оңтүстік өңірлерде көкөністер ерте піседі. Келісім-шартқа отырып, көкөністерді жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұған қоса, форвардтық сатып алуды қаржыландыруды ұлғайту қажет (тауарды қазіргі сұраныстан артық мөлшерде…

Read More

CaspianLife, 11 мамыр — Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы Батыс Қазақстан Полиция департаменті хабарлады. 9 мамырда «Қазталовка-Индер» тасжолының 188-ші шақырымында «Тойота Камри» көлігі аударылып қалды. «Алдын ала деректер бойынша, 1988 жылғы азаматша көліктің рулін басқара алмай қалған. Салдарынан 2018 жылғы бала қайтыс болды. Сондай-ақ, жүргізуші мен тағы бір жолаушы жарақат алды», — делінген БҚО ПД-нің хабарламасында. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Read More

CaspianLife, 10 мамыр — Атырау облысында 1991 жылғы азамат 9 мамырда мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған. Оны  іздестіруге «Қазавиаспас» тікұшағы пайдаланылды. Төтенше жағдайлар департаменті Жылыой ауданында іздеу жұмыстары басталғанын хабарлады. 10 мамырда сағат 11.15-тен бастап Құлсары қаласынан 150 шақырым радиуста Жылыой ауданында ТЖМ «Қазавиапас» АҚ-ның Ми-8МТВ UPMI844 тікұшағы іздестіру жұмыстарына тартылды», — деп мәлімдеді ведомства. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардан бөлек полицейлер, жоғалған адамның туыстары мен іздеу иті де жұмылдырылған.

Read More