CaspianLife, 12 мамыр — Ақтау тұрғыны қала маңында Қаракөлге қарай ағып жатқан лас суды видеоға түсіріп алды. Оның айтуынша, екі апта бұрын құбырдың айналасына бетон құйған. Бірақ, қазір үстіне құм төгіп тастады.
— Қаракөл де қорғаудағы аймақ болғанына қарамастан теңізге емес, көлге құюда. Сұйықтық құбырдан тоқтамай ағып жатыр. Тіпті, кішкентай көлшік пайда болып үлгерді. Бұған арнайы мамандар араласуы керек, — дейді тұрғын.
Видео Маңғыстау облысының экология департаментіне жіберілді.