CaspianLife, 5 мамыр — Ішінде егеуқұйрық жүрген дүңгіршектің иесі 700 мың тенгеден астам айыппұл арқалайтын болды. Мұны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары айтты. Қалада ірілі-ұсақты дүңгіршектер күннен күнге көбейіп келеді. Өкінішке қарай, мұндай субъектілерді ешкім тексере алмайды. Өйткені, елімізде 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынған. — Тексере алмайтынымыз қиын болып тұр. Себебі, қандай да бір шағын бизнестен жаппай улану тіркелмесе, біз оларды жоспардан тыс тексеру жұмысын жүргізе алмаймыз. 5 адамнан артық уланған жағдайда ғана арнайы рұқсатпен барып тексеруге болады. Ол үшін Атырау облыстық департаменті іс қозғап, қаулы шығару керек, — дейді жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 мамыр — Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, өлексе қатты ыдырап кеткендіктен, өлім себебін бір айға жуық уақыттан кейін анықтауға болады. Мамандар тырнақтар мен тістердің үлгісін алған. «Көпшілік итбалықтардың өлімі мен NCOC компаниясының Солтүстік Каспийдегі теңіз түбін тереңдету жұмыстары қаншалықты байланысты деген мәселені көтерді. Итбалықтардың өліміне байланысты мамандар оқиға 3-4 ай бұрын болуы мүмкін дейді. Бұл қыс мезгілі, әлі мұз ерімеген кез. Сондықтан өлексе сақталған. Олар мұзда болды. Мұз ерігеннен кейін, майдың әсерінен қалқып, жағаға шыққан. Өлекселер Қашағаннан 150 шақырым қашықтан табылған. Іс-шара жоспары бойынша қазба жұмыстары…
CaspianLife, 4 мамыр — Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық жалақы мөлшері жаңарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлімдеді. «2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 285 433 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім — 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз», — делінген хабарламада. 2021 жылдың ақпанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болған еді. Ведомство мәліметінше, өңірлік тұрғыда ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында — 477,9 мың теңге. Солтүстік Қазақстан облысында — 203,4 мың теңге, бұл республикалық деңгейден 28,7 пайызға төмен. «Бюро қолданатын орташа айлық жалақыны…
CaspianLife, 4 мамыр — Ақтаудағы елді мекендер тұрғындары су тапшылығын сезіп отыр. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиевтың сөзінше, су тапшылығы тұрғындардың өсу қарқынының жоғары болуы мен суару маусымының басталуынан туындап отыр. Соның ішінде, Атамекен ауылдық округіне қарасты Батыр ауылының кейбір шағынаудандарының, «Арай» шағынауданының, сондай-ақ Басқұдық ауылдық округінің кейбір көшелерінің тұрғындары ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. – Мұнайлы ауданының қазіргі тұрғындарының санына байланысты күніне 35 текше метр ауыз су қажет. Дегенмен, қазір ауданға тәулігіне 12 мың текше метр су келуде, — деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 4 мамыр — Маңғыстауда бірнеше нысан салынбақ. Бұл туралы Орталық өңірлік коммуникация қызметі хабарлады. Түркістан ауданындағы Сайын Шапағатов ауылында 1200 орындық мектеп құрылысы басталады. Ауыл басшысы Сайран Қылыштың айтуынша, халық саны жыл сайын өсіп келеді. — Құрылысқа арналған жердің жалпы көлемі 3,8 га, ал мектептің өзі 15 124 шаршы метрді алады. Қазір мердігер мектептің іргетасын құюға дайындалып жатыр, құрылысты осы айдың ішінде бастау керек, — деді әкім. Жоспар бойынша жаңа мектеп екі жылдан кейін қолданысқа беріледі. Кейін балаларды мектепке қатынау мәселесі шешілмек. Сонымен бірге, Қарақия ауданы, Құрық ауылында 3 балалар ойын алаңы салынып, 3-шағын ауданындағы ескірген спорт алаңына қайта…
CaspianLife, 4 мамыр — Атырауда 98 миллион теңге иемденгені үшін сотталған азаматшаның басқа да алаяқтық әрекеттері анықталды. Бұл туралы жергілікті полицияның баспасөз қызметі хабарлады. Атыраулық азаматша 4 жәбірленушіге қала аумағынан пәтер алып беремін деп, олардан алған 98 миллион теңгені қалтасына басқан. Көп ұзамай әйелдің қылмыстық әрекеті әшкере болып, оған қатысты 12 сәуір күні сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аталған азаматшаның бұрын да пәтер алып беруге мүмкіншілігі болмауына қарамастан тағы 6 адамға қала аумағынан пәтер алып беремін деп алдап, ақша қаражаттарын иемденіп алғаны анықталды. Келтірілген шығын 25 700 000 теңгені құрайды. Қазіргі сотқа…
CaspianLife, 4 мамыр — Маңғыстауда аймақта қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі әлі шешілмей тұр. Мамандардың айтуынша, соңғы бес жылда құрылыс қалдықтарының көлемі екі есеге артқан. Бұл оны қайта өңдейтін кәсіпкерлер пайданың астында қалғалы тұр деген сөз. Бірақ соған қарамастан облыста қоқысты ақшаға айналдыруға тырысатын адам санаулы ғана. «Біз тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және сұрыптаумен айналысамыз. Қоқыс тек Ақтаудан шығарылады. Қоқысты жинағаннан кейін сұрыптап, көліктерге тиеп, өңдеуге жібереміз. Қазіргі уақытта бізде 12 қызметкер жұмыс істейді. Дегенмен жұмыс күші әлі де қажет. Тұрақты жұмыс іздеген, қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамайтын кез келген адамды жұмысқа қабылдауға дайынбыз», — дейді жеке кәсіпкер Ирина…
CaspianLife, 3 мамыр — ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Аталған іске сарбаздың әскердегі әріптесі кінәлі болуы мүмкін. Күдіктіні ұстауға куәгердің айғақтары мен сот-медициналық сараптаманың қорытындысы себеп болды. Іске қатысты материалдар сотқа жіберілді. Еске сала кетсек, әскерге кеткен ақтаулық сарбаз бірнеше күннен кейін қаза тапқан болатын. Қарулы Күштердің Бас штабы анықтау барысында гематомалар табылмағаны туралы хабарлады. Қайтыс болған сарбаздың туыстары адал тергеу жүргізуді талап етті. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстың себебін анықтауды тапсырды.
CaspianLife, 3 мамыр — «Балалар жылына» орай Атырау облысындағы прокуратура білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде облысымыздағы 37 мектепте интернетке шектеу қойылмағаны, ал тоғыз мектепте интернет желісі мүлдем болмағаны анықталды. Сондай-ақ, оқушылардың тыйым салынған сайттарға кіруіне шектеу қойды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. «Осылайша 40 мыңнан астам оқушының құқығы қорғалды. Заңбұзушылыққа жол берген мектеп басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.
CaspianLife, 3 мамыр — Маңғыстауда «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. Компания ұзақ уақыт бойы жол майының битумының жылдық көлемінің 99%-ын тек бір ұйымға сатып келген. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаменті хабарлады. Кейін аталмыш ұйым жол құрылыс компанияларына битумды жоғары бағамен сатқан. Ведомствоның мәліметінше, деладал жүктеген сауда үстемесі шамамен 30%-ды құраған. «Қаражанбасмұнай» АҚ монополияға қарсы органның талабын толығымен орындады. Енді компания жол майының битумын тікелей жол құрылыс компанияларына сататын болады. Акционерлік қоғамның және басқа да субъектілердің қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені қылмыстық қудалау органдары монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп шешеді, оның барысында барлық нарық субъектілерінің әрекетіне…
