Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 мамыр — Қаруды өз еркімен тапсырғандарға өтемақы төленеді. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді. Қару тапсырғандар олардың түрі мен техникалық күйіне байланысты әр данасы үшін 30 мыңнан 306 мың теңгеге дейін алады. «Мысалы, 100 АЕК-ке дейін немесе 306 мың теңгені – автоматты ойық қаруды тапсырған азамат ала алады. Мұндай соманың жартысы ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін төленуі мүмкін. Тапаншалар мен револьверлер үшін – 122 мың теңгеге дейін ақы төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір данасы барынша 91 мың теңгеге бағалануы мүмкін», — деді Асылбек Ыдырысов. Өтемақы төлеу мерзімі – 1…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Ақтауда ауыз су тарифі текше метріне 225,2 теңгені құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есе көп. Energyprom.kz сайтының хабарлауынша, суық су тарифі айтарлықтай өзгермеген. Алғашқы үш айда бағаның төмендеуі байқалады: қаңтарда — 0,4%-ға, ақпанда – 0,7%-ға, наурызда – 0,2%-ға. Қазақстан бойынша орташа тариф: 1 текше метр салқын су 70,2 теңгені құрады. Қымбат су рейтингінде Ақтаудан кейін Қарағанды (1 текше метрге 101,2 тг) және Шымкент (1 текше метрге 95,2 тг) қалалары орналасқан. Ең арзан тариф Орал (1 текше метрге 36,8 теңге), Павлодар (1 текше метрге 42,9 теңге) және Қызылорда (1 текше метрге 44,9 теңге) қалаларында тіркелді.

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті. «Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоға байланысты мынаны хабарлаймыз: 2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е. Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды» делінген хабарламада. Ал 2022 жылғы 14 сәуірде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылған. Айта кетейік, бұған дейін желіде шамамен өткен жылдың соңында түсірілген видео тараған еді. Онда құзырлы органдар терезесі көлегейленген көлікті тоқтатқан. Видеода машинаның рулінде Ербол Назарбаев болғаны айтылады.

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Биыл Атырауда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 80 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ. Бұл тізім қазір жер ресустарын басқару комитетіне жолданған. Ал республика бойынша биыл мемлекет иелігіне кемінде 5 млн гектар жер қайтарылуы тиіс. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Мамандар шұрайлы жерді пайдаланбай босқа ұстап отыру — шаруашылығын дөңгелетем деген азаматтарға кедергі екенін айтады. «Жер учаскесін игерілмей отырған шаруа қожалықтарының өз еріктерімен пайдаланбаған жағдайда қайтаруын сұраймыз. Себебі, пайдаланылмаған жер учаскесіне 10 еселенген салық жүреді. Сонымен қатар сот арқылы мәжбүрлеп қайтаруға болады», — дейді жергілікті Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова. Енді мамандар жер учаскесіне аяқтай…

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Бұл туралы баспасөз алаңында өткен брифингте Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлімдеді.  «Судың көлге тез келіп, тез қайтуының салдарынан балықтар жыңғылдардың арасында, қайраңдарда қалып қойған. Безымянный көлінен 65 килиграмм балық өлексесі жиналса, Алмағамбет көлінен соңғы есеп бойынша 507 килограмм жиналды. Дегенмен, жұмыстар әлі жалғасуда. Қазіргі сәтте Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылының 8 жұмысшысы осы бағытта жұмыс жүргізуде», — деді А. Бахиянов. Ал облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірде 200-дан астам су айдыны болса, оның 70-ке жуығы қауіпті айдын қатарына жататынын, және олар қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Read More

CaspianLife, 29 сәуір — Атырау облысының Махамбет ауданындағы Алмағамбет көліне судың көп келуіне байланысты балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Кеше әлеуметтік желіде жаппай қырылған балықтардың видеосы тараған болатын. Мамандардың айтуынша, шабақтар қатты су ағысымен жыңғылдар арасына жиналуы салдарынан өлген. Оған қоса, күннің ысуына байланысты көлдегі оттегі мөлшері де себеп болған. Қазір жергілікті орган өкілдері мен еріктілерден құралған топ құтқару жұмыстарын жүргізуде. Ал, өлген балықтар санитарлық талаптарға сай көмілді. «Көлден 300 метр қашықтықтағы арнаның өзінде су терең, ол жерде балықтардың өлу фактісі жоқ. Алмағамбет су айдыны орман алқабына кіреді. Бұл жердегі жыңғылдарды жұлу, жою, қазу жұмыстарын…

Read More

CaspianLife, 29 сәуір — Ақтау тұрғыны Rixos қонақүйінен Қаракөл көліне апаратын құбырды видеоға түсіріп алды. Бейнежазба авторы ағып жатқан қалдық су болуы мүмкін деп күдіктенеді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты Маңғыстау облысының экология департаменті түсініктеме берді. Олар компанияның тазартылған суды ағызуға рұқсаты бар екенін айтты. «Заң бойынша белгілі бір стандарттар шегінде суды ағызуға болады. Ол жерге хлорсыздану процессінен өткен бассейн суы ағызылады. Компания ағызылған су туралы есепті тұрақты беріп отыруы қажет», — деді басшылық. Экологтардың айтуынша, бұрын иелері ешқандай есеп бермеген соң «Rixos-ке» айыппұл салынып, заңбұзушылықты реттеуді міндеттеген.

Read More

CaspianLife, 29 сәуір — Атырау қаласындағы мектеп оқушыларының 10%-ы инфекциялық емес ауруларға шалдыққан. Балалар арасында әсіресе сколиоз, анемия, көздің нашар көруі және тісжегі көп кездеседі. Мәселен, 2018 жылы 48 оқушының омыртқасы қисайған болса, 2021 жылы мұндай 268 бала тіркелген. Анемияға шалдыққан жасөспірімдер саны соңғы үш жылдың ішінде екі есе өсіп, 1061 адамға жеткен. Мұндай жағымсыз мәлімет «Балалар мен жасөспірімдердің медициналық тексерістен сапалы өтуі және сауықтырылуы» тақырыбында ұйымдастырылған семинар барысында белгілі болды. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, мектептегі медбикелер оқу жылының соңында оқушылардың денсаулығы 100 пайыз жақсы екендігі туралы есеп береді, ал шын мәнінде жағдай ондай мәз емес көрінеді. «Жылдан-жылға…

Read More

CaspianLife, 29 сәуір — «Атырау жылу желілері» АҚ жылу жабдықтарының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 3-6 мамыр аралығында қаладағы кей көшелерде ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады. — Азаттық көшесі, №5, №5 «а», №5 «б», №13 и №15, №72, №72 «б», №74, №80, №82, №84, №86, №88, №90, №92, №94, №131 и №131 «б» — Әуезов көшесі, №56 «а», №58, №60 и №60 «а» — Смағұлов көшесі, №10 и №12 — Сәтпаев көшесі, №19, №19 «а», №21 «а», №23, №25, №27, №29, №33 и №35 — Құлманов көшесі, №135, №139, №147, №152, №154 и №154 «а».

Read More

CaspianLife, 29 сәуір — Ақтаудағы жаңа айлақ заңсыз салынып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жасөспірімдерге арналған желкенді спорт мектебінің басшылығы пирсті рұқсатсыз салуға кіріскен. Яғни, құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін келісілген құжаты жоқ. Қазір монтаждау жұмыстары түгелдей тоқтатылды. Бұл жерде осыған дейін шағын қайықтарды кәсіпкерлер жалға беріп, нәпақа тауып келген. Су инженерлерінің айтуынша, айлақты топырақпен толтыру осы жердің балшықты мекенге айналуына әсер етеді. «Ақтау қалалық әкімдігі бақылаушы орган емес. Құрылыс жұмыстарын тексеріп, қажетті іс-шараларды қабылдау үшін экология, құрылыс, жер қатынастары салаларындағы жауапты органдарға хат жаздық», — дейді Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай  Бекмағанбетов. Заңсыз құрылыс…

Read More