CaspianLife, 27 сәуір — Ақтауда «Қаржанбас» кен орнының су бөгеті маңында өлі итбалықтардың 50-ге жуық ұшасы табылды. Жануарлардың өлу себебін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зертханалық зерттеулерді жүргізу мақсатында балық қорғау инспекторлары теңіз суы мен топырақтан сынама алды. Қазіргі уақытта жергілікті Балық инспекциясы басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелерге бақылау жасауда. Сонымен қатар, аталған факті туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» зертханасының қызметкерлеріне, сондай-ақ «Гидробиология және экология институты» Батыс Қазақстан мекемесінің қызметкерлеріне хабардар етілді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 сәуір — Атырауда 35 жастағы ер адам брондалған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) заңсыз сатпақ болған. Полиция департаментіне түскен жедел ақпаратты тексеру нәтижесінде әскери көлік 1986 жылғы азаматқа тиесілі екені анықталды. Қазіргі уақытта көлік тәркіленіп, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге тұрғылықты жерден кетуге шектеу қойылды.
CaspianLife, 27 сәуір — «Украинадағы Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан атыраулық ардагерлер көмекке мұқтаж». 26 сәуір — Халықаралық радиациялық апаттар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне орай қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған ардагерлер осылай дейді. 60 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған апаттан бері 36 жыл өтсе, атыраулық ардагерлер тиісті құрмет пен әлеуметтік қорғауды әлі сезінбей келетін көрінеді. Бізді үшінші топтағы мүгедек деп айтқанымен, поликлиникаларда ешқандай көмек жоқ. Ол жерде көбі сіздерді біз емес жіберген дейді. Жер мәселесі де әлі шешілмей келеді, — дейді Чернобыль ардагері Асқар Нұржанов. Радиациялық аймақты залалсыздандыруға Атырау облысынан 1500 азамат аттанған. Олардың 163-нің көзі тірі. Бәрі…
CaspianLife, 26 сәуір — 25 сәуір күні №36 мектеп-гимназиясының 10-шы және 11-сыныптарының екі оқушысы өзара сөзге келіспей мектеп әжетханасында төбелесіп қалған. Салдарынан 11-сыныптың оқушысын 10-сынып оқушысы соққыға жыққан. Оқушылар төбелескен кезде жандарында басқа сыныптардың да оқушылары болыпты. Зардап шеккен оқушы кешкі сағат 17-30 шамасында жарақатпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, құлақ, мұрын және бет жақ бөлімшесіне жатқызылған. Қазіргі уақытта облыстық ауруханада бет жақ хирург маманының болмауына байланысты науқастың ата-анасы қолхат жазып, оны Батыс Қазақастан облысына алып кеткен. Науқасқа жоспарға сай 7-10 күн ішінде ота жасалуы тиіс. 11-сынып оқушысын соққыға жыққан 10-сынып оқушысымен және жандарында болған барлық оқушылармен, олардың ата-аналарымен сөйлесіліп, түсінік…
CaspianLife, 26 сәуір — Балық қырылғаны туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Осыған байланысты Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы түсінік берді. «Видео биыл түсірілген. Бірақ, қырылған балық дабыл қағатындай көп емес. Нақты саны қосымша хабарланады. Бұл жағдай Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болған», -дейді басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, балықтың қырылуына байланысты арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері бар. Мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр. IMG_8614
CaspianLife, 26 сәуір — Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шаһар бюджетінен масаға қарсы дезинсекциялық жұмысқа 129 млн 995 мың теңге бөлініп отыр. «Қаңтарда масаға қарсы дезинсекциялық жұмысты жүргізуге тендерлік конкурс жарияланған еді. Алайда, қатысушылардың құжаттарына байланысты конкурс сәуір айына ауыстырылды. Жақында тендер нәтижесі шығады. Ал, мамыр айының басында дезинсекциялық жұмыс басталады. Бірақ, сәуірде қаланың кейбір бөліктерінде демеушілік көмекпен масаға қарсы роторлы бүріккішпен улау қолға алынды», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 26 сәуір — Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында пара алды және қызметтік жалғандық жасады баптарымен айыпталған ауыл әкіміне, сондай-ақ пара берді және жалған құжат жасады деп айыпталған оның сыбайласына қатысты үкім шықты. Сот ауылдық округ әкімі қызметін атқаратын шенеунік әкім аппаратына тиесілі ғимаратты сатуға жәрдемдескені және ЖШС директоры жалған мәліметтер енгізген ресми құжаттарды тіркеуші органға бергені үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге сомасында пара алғанын анықтады. «Сотталушылар кінәсін мойындап, жедел іздестіру іс-шараларының және тергеу әрекеттерінің нәтижелері, бейнефонографиялық сараптама қорытындысы, мемлекеттік аудитордың қорытындысы, банк құжаттары арқылы дәлелденді», — деді Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер. Сот үкім шығару кезінде экс-әкім мүгедек…
CaspianLife, 26 сәуір — Әскерде жүріп қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың туыстары Қорғаныс министрлігін сотқа бермекші. Олар Әлібек жазатайым қайтыс болды дегенге сенбейтінін айтады. Өйткені денесінде көгерген іздер бар дейді. Дәлел үшін оны суретке де түсіріп алыпты. Кеше Әлібек Қалбайдың денесі жер қойнына тапсырылды. 18 жастағы жігіт Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әскери бөлімге барғанына бір аптадай ғана уақыт болған көрінеді. «Әскерге айыппұлдан қорыққандықтан, мәжбүрлі түрде барды» дейді туыстары. Әлібектің ауылдастары мен жақындары тергеудің әділ жүргізілуін сұрап, Президентке үндеу жолдады. «Мәйітіне де кірдік, баланы ұрып-соққан. Камерада бар, оны өзімізге түсіріп алдық. Тергеуші толық ақпарат берген жоқ. Іс күмәнді, бала ұрылған деді, сот сараптамасы бір…
CaspianLife, 26 сәуір — Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жігіттің мүрдесі кеше Ойыл өзенінен табылды. Жоғалған жігіттің жасы – 21-де. Ол 21 сәуірде сағат 09:00-де Тасшағыл ауылынан белгісіз бағытқа мал іздеуге шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмады. Далалық жазықтан табылмаған соң оны Ойыл өзенінен іздеуге шешім қабылданды. «Бұрнағы күні, 23 сәуірде сағат 19:00 шамасында өзеннен жоғалған жігіт мініп кеткен аттың өлексесі табылды. Ал, бүгін, 25 сәуірде сағат 09:45-те із-түзсіз кеткен жігіттің мүрдесі өзеннің жағаға жақын тұсынан табылып, судан шығарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жоғалған жігітті іздеуге департаменттің 6 қызметкері мен 2 техникасы, оның…
CaspianLife, 25 сәуір — Ішкі нарықта газды тұтынудың артуы газ тарифінің өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Ерік Сұлтанов мәлімдеді. «Айта кететін жайт, ішкі нарықта газды тұтынудың өсуі ұлттық оператордың (QazaqGaz) тауарлық газ экспортының қысқаруына әкеліп соғады, кіріс есебінен газ бағасы ішкі нарықта субсидияланады. Ал бұл өз кезегінде ішкі газ бағасының – орта есеппен 60 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін. Біз газ тарифінің өсуінен қаша алмайтынымызды ашық айтуымыз керек», — деді Сұлтанов Сенатта өткен Үкімет сағатында. Оның айтуынша, «жаңа аймақтарды залалсыз газдандыруды ғана емес, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифті тежеуді қамтамасыз ететін оңтайлы тетікті анықтау» маңызды. Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, тұтынушыларды…
