Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

25.04.2022
Жаңалықтар, Мұнай-газ
0
Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

CaspianLife, 25 сәуір — Ішкі нарықта газды тұтынудың артуы газ тарифінің өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Ерік Сұлтанов мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

«Айта кететін жайт, ішкі нарықта газды тұтынудың өсуі ұлттық оператордың (QazaqGaz) тауарлық газ экспортының қысқаруына әкеліп соғады, кіріс есебінен газ бағасы ішкі нарықта субсидияланады. Ал бұл өз кезегінде ішкі газ бағасының – орта есеппен 60 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін. Біз газ тарифінің өсуінен қаша алмайтынымызды ашық айтуымыз керек«, — деді Сұлтанов Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, «жаңа аймақтарды залалсыз газдандыруды ғана емес, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифті тежеуді қамтамасыз ететін оңтайлы тетікті анықтау» маңызды.

Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, тұтынушыларды бұл туралы алдын ала хабардар ету үшін жыл сайын газ бағасын жоспарлаудың ұзақ мерзімді кестесін ашық жариялауы керек.

Еске салайық, ақпанда бағаны сараптау нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанның басым бөлігінде газ бағасын төмендеткен болатын.

Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов тау-кен және балқыту кәсіпорындары белсенді түрде көмірден газға көшетін болса Қазақстан 2025 жылға қарай газ тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Тегтер: Caspianгаз бағасықазақстандақымбатшылық
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz