CaspianLife, 25 сәуір — Ақтау билігі жаңа шағынаудандардың бірінен жаңа стадионға орын бөлді. Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, жаңа стадионның сыйымдылығы 15 000 орынды құрайды. «Аренаның өзі толығымен УЕФА стандарттарына сай болады делініп отыр. Жобаның құны шамамен 8 миллиард теңгені құрамақ», — делінген ақпаратта. Айта кетерлігі, Түркістандағы жеті мың орындық стадион құрылысына 12,6 миллиард теңге бөлінген болатын. Ал ақтаулық «Каспий» құрамасы 5 мың орындық «Жас Қанат» стадионында өнер көрсетіп жүр. Биылғы жазда жасанды жабындыны жаңа жабынға ауыстыру жоспарланып отыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 сәуір — Маңғыстау облысында өлген қоқиқаздардың табылуына қатысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы түсініктеме берді. «24.04.2022 жылы Facebook әлеуметтік желісінде Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денелері құм арасында жатқаны түсірілген бейнежазба таралған. Қазіргі таңда, осы оқиға бойынша «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары жедел түрде барып, анықтау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық ПБ-нің қызметкері Бейнеу ауданының аумағындағы Сам құмы және оған іргілес жатқан аумақтарды шолу жұмыстарын жүргізуде» делінген Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы таратқан хабарламада. Ведомство…
CaspianLife, 25 сәуір — Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды. Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды. Әнуар Елжановтың айтуынша, «Тасаттық» рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған. «Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен», — дейді ол. Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді. Видео: Lada.kz
CaspianLife, 25 сәуір — Атырау қаласындағы сауналардың біріндегі өртті сөндіруге 40 құтқарушы мен 8 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды. Жексенбіге қараған түні Балықшы ауылындағы «Арасан» қонақ үйінің ауласындағы 2 қабатты саунаның шатырынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын 2-ші қабатқа жайылып, жалпы ауданы 210 шаршы метр жер өртенді. Зардап шеккендер жоқ, қазір жалынның шығу себебі анықталуда.
CaspianLife, 25 сәуір — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды. Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн…
CaspianLife, 22 сәуір — Бірінші тамыздан бастап қаладағы «Мерей» базарының аумағында көлік жөндеу орталықтары болмайды. Жалға алушы кәсіпкерлер жағымсыздау бұл жаңалықты жуықта естіген. Олардың айтуынша, көлік жөндеушілер сәуір айының соңына дейін жалға алған аумақты босатпаса, базар әкімшілігі жарықты сөндіріп тастамақ. 7 айдан кейін Мерейдің администрациясы келіп, 2 күн уақыт беремін бұл жерді бұзыңдар деп келіп тұр. Тезірек бұзып кетіп қалыңдар деді. Мен бұның әлі ақшасын шығарған жоқпын. 250 м 2 салдым сто. Ішіне 12 миллион теңге ақшам кетті. Ол ақшам әлі шыққан жоқ. +01:16 250 мың теңге аренда төлеймін. Плюс светке 120 мың теңге төлеймін. Осы айда келіп маған 150…
CaspianLife, 22 сәуір — Қазақстан мен Ресей шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлерге қарсы бірлескен операция жүргізді. Нәтижесінде 47 адам ұсталып, 3-уіне әкімшілік хаттама толтырылды. 4 су көлігі, 51 тор тәркіленді. Браконьерлерден 2 200 келі бекіре тұқымдас балық пен 1 тонна шабақ, кефаль табылды. 3 адамға әкімшілік құқықтық хаттама толтырылды. Оларға 183 мың 780 тг шамасында айыппұл салынды. Одан басқа заңсыз ау тәркіленді. Олардан 30 дана бекіре табылып, теңізге жіберілді,-деді шекарашы Бағлан Жанықұлов. Екі апта бойы өткен іс-шарада 33 итбалық құтқарылып, теңізге жіберілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда теңіз жануарының 2 есе көп құтқарылғанын көрсетеді. Қазір бекіре тұқымдас балық уылдырық шашып, теңіз жануарлары…
CaspianLife, 22 сәуір — Атырауда салмағы 190 килограм болатын бекіре тұқымдас қорытпа балығынан 35 келі уылдырық алынды. ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Осы жылы балық өсіру маусымы басталғалы бері «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК жасанды өсімін молайту мақсатында бекіре балық түрлерінің 55 данасын аулаған. «Мәселен, 2022 жылғы 21 сәуірде бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру мақсатында тірі кезінде осы жылдың 19 сәуірінде Жайық өзенінен ауланған, салмағы 190 кг аналық қортпадан 35 кг уылдырық алынды. Ұрықтанған…
CaspianLife, 22 сәуір — Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы облыс әкімі Серік Шәпкенов пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бақылауында болмақ. Аймаққа іссапармен келген министр мердігер мекемелерге атқарылған жұмыстың есебін күн сайын беріп отыруды тапсырды. Министрлік тарапынан Атырауға 1-2 мамандарды жібереміз. Тікелей осы жолға жауап беріп, күнде қарап жүрсін деп. 2022 жылы жолдың ашылуын көзделіп отырмыз. Көлік жүрсін деп. Толығымен жан жағында инфрақұрылымы бар 2023 жылы бітіреміз деп жоспарлап отырмыз,- деді ҚР ИИД министрі Қайырбек Өскенбаев. Өткен ғасырдың 70 жылдары салынған, ұзындығы 277 шақырым тас жолға асфальт төсеу жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру үшін барымызды саламыз…
CaspianLife, 21 сәуір — Жаңаөзен қаласында «Кезби» компаниясының 200-дей қызметкері жұмысын тағы тоқтатты. Жалақы мәселесін көтеріп, бірнеше рет ереуілге шыққан олар бұл жолы компания алдына шатыр тігіп, түнеп жатыр. Олар «жалақыны көтереміз» деген басшылардың уәдеден танғанына ашулы. Мұнай ұңғымаларына бұрғылау жұмысын жүргізетін жұмысшылар серіктестік басшыларына айлықты 20 пайызға көтеру, 12 сағаттан артық жұмысқа қосымша ақы төленуі, «Өзенмұнайгаз» компаниясына ауыстыру секілді бірнеше талап қойды. Ақпан айында «Өзенмұнайгаздың» сервистік компаниялары тоқтап тұрған кезде 20 пайыз оларға көтерсе, сіздерге де көтеріледі деген. Ол көтерілмей қалды. Одан кейін 12 сағат төленеді деді және 15 пайыз окладқа қосымша бригадаларға беріледі деп айтылды. Бірақ ол төленбей…
