CaspianLife, 29 сәуір — Атырауда 12 миллион теңге тұратын сынып бөлмесін 1 миллиардқа сатып алмақ болған мектеп әкімшілігі мән-жайды түсіндірді. Мақат ауданына қарасты Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп басшылығы қыздарға арналған технология кабинетін 1 миллиард теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті анықтады. Ал бұл жайтты мектеп әкімшілігі былай деп түсіндірді. «2021-2022 оқу жылында мектебімізде қыз балаларға арнап 12 млн қыз балалардың технология кабинетін сатып алу жоспарланған болатын. Осы кабинетті сатып алуда арнайы порталға жүктеген уақытта мектептің экономист маманының тарапынан қателік жіберіліп, сол порталға млрд теңге көлемінде жүктеліп кеткен. Сол қателікті маман 15…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 сәуір — Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындардың жағымсыз иіс туралы шағымдарына жауап берді. Мекеменің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 25-28 сәуір аралағында зауыт штаттық режимде жұмыс істеген. Ал қондырғыларда төтенше жағдай тіркелмеді. Қазіргі уақытта «Tazalyq» жобасы аясында булану алқаптарында рекультивация жұмыстары жүріп жатыр. «1945 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кен орны көрсетілген аймаққа қалалық кәріз суы мен АМӨЗ және ЖЭС-ның нормативті-тазартылған суын ағызып келеді. Көрсетілген күндердегі желдің бағытын ескерсек, булану алқабы жағымсыз иістің себебі болуы мүмкін. АМӨЗ қала тұрғындарының алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, өз бетінше тексеру жұмыстарын бастады. Тергеу нәтижелерін кейін хабрлайтын боламыз», — делінген…
CaspianLife, 28 сәуір — Бүгін тұрғындар көліктің қозғалтқышында ит қысылып қалғанын көріп, құтқаруға тырысқан. Олар шығара алмаған соң 112-ге хабарласуды жөн көрген. Оқиға орнына келген құтқарушылар қысылып қалған итті аман-есен алып шықты. Жануардың жағдайы жақсы, ол босатылғаннан кейін қашып кеткен.
CaspianLife, 28 сәуір — Колледж бен ЖОО-ға арналған қазақ тілінде әдебиет жеткіліксіз деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. «Мемлекеттік тілді жетілдіру мәселесі контентпен де байланысты. Әсіресе, колледж бен ЖОО-нда қазақ тілдегі әдебиеттер аз. Осыған байланысты білім туралы ұлттық жобада жоғарыда аталған мәселені бөлек қарастырып отырмыз. Мәселен, әлемдік деңгейдегі әдебиеттерді қазақ тіліне аударып, оқу барысында қолдану қажет. Бұл жұмысты тіл комитеті атқарады. Одан бөлек отандық ғалымдар колледждер мен ЖОО арналған оқулықтар жазып жатыр. Соның ішінде, темір-тесектің тілін қазақшалау аса маңызды», — дейді Асхат Аймағамбетов. Одан бөлек министр балаларды кітапқа баулитын арнайы бағдарлама жүзеге асып жатқанын айтты. 2021 жылы мектеп…
CaspianLife, 28 сәуір — Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрлан Ноғаев облыс әкімі болған кезде тұрғындармен кері байланыс орнату үшін Тelegram-дағы «әкімдік» чаты жұмыс істеп тұрған еді. Бірақ облыс басшысы ауысқаннан кейін чат әкімшілігі сауалдарға жауап бермеген соң, белсенділігі төмендеп кетті. Серік Шәпкенов жаңа әкім болып тағайындалғаннан соң әкімдіктің баспасөз қызметі азаматтардың өтінішін қабылдау үшін чатты қайта іске қосатынын хабарлады. Тұрғындар Telegram арқылы мемлекеттік органдарға, облыс әкімінің орынбасарлары мен коммуналдық қызмет басшыларына сұрақтарын қоя алады. «Азаматтардан чат арнасында этикалық нормаларды сақтауды сұраймыз, қойылған сауалдарға бір-екі жұмыс күнінде жауап беретін боламыз. Чатқа қосылу үшін https://t.me/akimatatyrau сілтемесіне өтіңіздер», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
CaspianLife, 28 Сәуір — Атыраулық оқушылар қоғамдық көліктерде тегін қатынауға құқылы. Мұны қалалық прокуратураның бөлім бастығы Ерлан Какиев айтты. Бұл өзгеріс құзырлы орган жүргізген талдау жұмыстарынан кейін енгізіліп отыр. Жалпы қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерде карталық жүйе енгізілген сәттен бастап оқушылар автобустарға тек 2 рет тегін, ал бұдан артық жүрсе 40 теңге төлейтін енді. «Атырау қаласының прокуратурасының ұсынымы негізінде мектеп оқушылары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз балалар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылықтар толықтай жойылды. Жетім балалардың құқығын қорғау прокурордың басты назарда екенін атап өткім келеді», — дейді Атырау қалалық…
CaspianLife, 28 сәуір — Атырау қаласында Нұрсая ықшам ауданындағы Тұлпар 1, Тұлпар 2 кешенінің тұрғындары электр жарығына жарымай отыр. Электр қуаты қайта-қайта сөнетіндіктен ыстық су мен газ да қатар болмай қалады. Олар жауапты орындардың есігін талай рет қағыпты. Бірақ бәрі де жарықтың сөне беретініне апаттық жағдай себеп дейді. «Соңғы кездері жарық жиі сөнетін болды. Ол болмаса ыстық су мен салқын су да жоқ. Қысқасы дымсыз қаласыз. Не су іше алмаймыз, не әжетханахаға бар алмаймыз. Өткен сенбіде таңертең жарық сөнді, жексенбі күні теңертең ғана қайта қосты. Ол не деген масқара? Бұны шешетін адам қайда? Атырау-Жарықтың адамдарына қоңырау шалсақ, баяғы бір әңгіме:…
CaspianLife, 27 сәуір — Маңғыстауда ХҚКО-на қарсы 15 шағын ауданындағы жаяу жүргінші жолағында Kio Sorento көлігінің жүргізушісі 9 жасар баланы қағып кетті. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Ал дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайы ауыр дейді. «Науқастың жабық бас сүйек-миы зақымданған, ми шайқалып, тері астында гематома пайда болды. Сондай-ақ, бірінші дәрежелі тарвматикалық шок алған», — дейді хирург Ербол Кенжевалов.
CaspianLife, 27 сәуір — Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінім беру 18 сәуірден бері қабылдануда деп хабарлады Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. «Бағдарламаға отбасы мүшелерінің бір айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен аспайтын жанұялар қатыса алады. Олар жалдайтын пәтер ақысының 50%-ын «Отбасы банкі» өтейді», — дейді министр. Қазіргі таңда елімізде 590 мыңға жуық адам кезекте тұр, оның 210 мыңы әлеуметтік осал санатқа жатады. Және 70 мың қазақстандықтың табысы күнкөріс деңгейінен төмен. «Көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар мемлекет қолдауына ие бола…
CaspianLife, 27 сәуір — Енді елімізде бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі болмайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева мәлімдеді. Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы мақұлданды. Жаңа заң жобасы бойынша әр қаржылық ұйым мен екінші деңгейдегі банктер берген несиелері туралы мәліметті кредиттік бюроға 1 күнде ұсынуы қажет. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды. Себебі кредиттік бюрода бұл адамның бір…
