CaspianLife, 21 сәуір — 21 сәуір күні сағат 05.57-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының 7-ауылында Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 3 ауланы су басты. Эвакуацияланған тұрғындар 3 үйден 10 адам (оның ішінде 4 бала) туыстарына орналастырылды. Ең қауіпті учаскедегі 7-ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (25 қызметкер және 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (30 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (20 қызметкер және 6 бірлік техника), «Казкомсервис» ЖШС (9 қызметкер және 9 бірлік техника), «Жылыой-Су» ЖШС(3 қызметкер және…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 21 сәуір — Дәнді дақылдардан, өсімдік ұнынан жасалған ұн, сондай-ақ олардың ішінде ұсақ тартылған қоспалар өндірісінің көлемі биылғы қаңтар-наурыз айларында 881,4 мың тоннаны құрап, бір жылда 8,9%-ға ұлғайды. Бұл 2018-2019 жылдарға қарағанда аз. Айта кетейік, үш жыл қатарынан осыған ұқсас кезеңде өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды. Шығарылымның ұлғаюына қарамастан, ағымдағы жылдың наурызына қарай ұн бағасы бір жылда 15%-ға өсті, бұл ретте бір жыл бұрын 19%-ға, ал 2020 жылдың наурызына қарай 23,3%-ға қымбаттағаны байқалды. Қазақстанның қалалары арасында 2022 жылдың наурыз айында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең жоғары бағасы елордада (343 тг/кг), Атырауда (327 тг/кг) және Алматыда (312 тг/кг) тіркелді. Ең төменгісі…
CaspianLife, 21 сәуір — 20 сәуір күні Ақтау маңындағы Басқұдық ауылындағы автокөлік жолында «КамАЗ» маркалы жүк көлігіне тиелген темірбетон плиталар жол үстіне аударылып қалды. Оқиға салдарынан жүк көлігі бір жағына қарай қисайып кеткен. Біраздан кейін оқиға орнына жеткен автокөтергіш бетон плиталарды көлікке қайта тиеген. Әзірге Ақтау қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
CaspianLife, 21 сәуір — Атырау қаласының Дамбы ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртенді. Қызыл жалын 9 га аумақты қамтыды. 7 сағатқа жуық уақыт жалындаған өрт сағат 08.00-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі (1 қызметкер,1 бірлік техника), Жедел-құтқару жасағы (1 құтқарушы, Трэкол), №4 Өрт сөндіру бөлімі (6 қызметкер, 1 бірлік техника), АШ-7 (автомобиль штабной) (3 қызметкер 1 бірлік техника), Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасы (4 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
CaspianLife, 20 сәуір — Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасының басшылығы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтаған. Ведомство мәліметінше, монополияға қарсы департаменттің қорытындысы Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді. «Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық…
CaspianLife, 20 сәуір — Жергілікті ихтиолог, биология ғылымдарының кандидаты Николай Поповтың айтуынша, Жайық өзенінде майшабақтың жүзіп жүруі – сирек әрі таңқаларлық жайт емес. «Өйткені, майшабақ өзен арнасымен Каспий теңізіне дейін жүзіп барады. Бұрын Жайық өзенінің Махамбет және Индер аудандары тұсында кездескен еді. Ал, 2008 және 2012 жылдары өзеннің Атырау қаласындағы бөлігінде байқалды. Майшабақтың өзенге шығуының бір-екі нұсқасын қарастыру қажет. Біріншіден, мұны теңізде майшабақтың көп мөлшерде болуымен байланыстырған жөн шығар. Сол себептен, өзенге жүзіп шығуы мүмкін. Екіншіден, теңіздің ластану нұсқасын жоққа шығаруға болмайды. Мұны да ескерген жөн. Бірақ, мұның бәрі – болжам. Нақты қорытындыны арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесі белгілі болғаннан кейін…
CaspianLife, 20 сәуір — Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, жер телімін алуға кезекке тұрғандар саны көбейген. «Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 120 мыңнан асты. Оның ішінде 92 640 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биылғы жыл басынан бері 1999-2006 жылдары кезекке тұрғандарға облыс орталығына таяу маңдағы Атырау, Дамбы, Зарослый елді мекендерінен 54 жер телімі берілген. Енді Индер ауданында – 20, Махамбетте – 1 808, Жылыойда – 11, Исатайда – 50, Қызылқоға ауданында 276 жер телімін бөлу жоспарланып отыр», — дейді Әлібек Ермекқали. Оның айтуынша, жер телімін беру 8…
CaspianLife, 20 сәуір — Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты бірқатар жол бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылды. Айтап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының» Шетпе-Жетібай» учаскесінің 643 -705 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. «Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 1403»,-делінген хабарламада.
CaspianLife, 20 сәуір — Атырау облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшысына және осы ведомстваның бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті мәлім етті. Департаменттің хабарлауынша, олар жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі жандардан мүгедектікті кедергісіз ұзарту үшін 30-70 мың теңге аралығында пара алған. «Сонымен қатар, Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар жүк тасымалымен айналысатын тұлғалардан республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз жүру, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқоршылыққа алу үшін барлығы 10 млн тенгеден жоғары соммада бірнеше рет пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер…
CaspianLife, 19 сәуір — «Амангелді» өндірістік кооперативінің жұмысшылары Жайық өзенінің Кіші Дамбы тартымында бекіре тұқымдас қорытпа балығының аналығын ұстады. Су маржаны арнайы техникамен Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытына жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде балықтың салмағы 190 келі, ұзындығы 247 см екені анықталды. Ультрадыбыстық тексеру жүргізген мамандар аналықтың бойында 30 келіге жуық уылдырық бар деп болжап отыр. Осы зауыттың бассейніне жеткіздік. Аналық толық қаралды. Енді бір-екі күнде су температурасы көтерілсе, уылыдырығын алуға кірісеміз. Шамамен айтсақ, 1 млннің үстінде шабақ шығуы керек. Соңғы 4-5 күнде Жайықтың деңгейі көтеріліп, балықтың жүрісі басталды деп айтуға болады, деді «Жайық-Атырау» бекіре шабақтарын өсіру зауытының директоры Ғилымен…
