Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 сәуір — Жарсуат ауылдық окургінің аумағындағы тарихи маңызы бар Махамбет мазарының маңын ретке келтіру керек.Өйткені, жыл сайын мазар басына келіп, құран бағыштайтындардың саны артып келеді. Бұл мәселені Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен кездескен жарсуаттықтар көтерді. Аймақ басшысы аталған мәселені басты назарына алып, шешу жолдарын іздестіремін деді. Бұдан бөлек ауыл халқы жиында бұралқы иттерді атуға тыйым салынған заңдылықты алып тастауды сұрады. «Индер-Атырау тас жолының сақталуы туралы. Осы жолмен ауыр жүк көліктері артық жүк тасып, жолды бүлдіруде. Шарасын алуды сұрағанбыз. Серік Жамбұлұлы бұл мәселемен таныс екендігін айтып, шара алатындығын айтып бізді қуантып тастады», — дейді Жарсуат ауылдық округінің тұрғыны Талғат…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір — Маңғыстау облысындағы тұмса табиғатымен танымал Бозжыра шатқалында салынып жатқан қонақ үйдің құрылысы тоқтатылды. Халық арасында резонанс тудырған күмәнді құрылыс мәселесін билік басындағылар тағы бір мәрте зерделеп шықпақшы. Инвестор бұған дейін Жабайұшқан қаумалы аумағында қонақ үй мен этноауыл салынады деп жоспарлаған еді. Алайда енді ол эскизден бас тартыпты. «Тапсырмаға байланысты өзгерістер осы Бозжыра шатқала Жабайұшқан қаумалының ішіне, соның аумағына кіретін болғандықтан, ол қаумалдан тысқары, 4 км тысқары жерде салу жөнінде инвесторлармен ұысыныс берілді», — дейді Маңғыстау облыстық инвестиция және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Гүлсім Жариева Бозжыра шатқалы Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына кіреді.…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір — «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 9 801 600 теңге сомасына айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Атырау қаласы мен Мақат ауданының тұрғындары үшін өтемдік тарифін енгізуге міндеттелді. Ал тұтынушыларға қайтарылуы тиіс жалпы сомма 408 млн теңге шамасында. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарифтік сметаның шығын баптарының ведомство бекіткен мөлшерлерден 5%-дан астам орындалмауына, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру секілді реттелетін қызметтер үшін амортизациялық аударымдардың мақсатсыз пайдаланылуына жол берген. Тарифтік…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Биыл мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады. «Бұл екі іс-шара оффлайн түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — бұл балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді», — деді вице-министр. Қазіргі уақытта іс-шараларды өткізу форматы бойынша ұсыныстар дайындалуда. «Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз ұсыныстарды дайындап әріптестеріміз бен БАҚ өкілдеріне жариялаймыз. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара. Әрине, өткен жылдары коронавирусқа байланысты…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Еліміздегі дүкен сөрелерінде сатылатын сиыр консервілері мен Ресей федерациясынан әкелінетін «Мусульманская» жартылай сүрленген шұжығынан шошқа етінің ДНҚ-сы табылды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (КСЭК) баспасөз қызметі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің мамандары өткен айда халық тұтынатын тауарлар сапасын тексеру үшін 38 ет сынамасын сатып алған. Зерттеу барысында кей тауарлардың заттаңбада көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмейтіні анықталды: — «Мусульманская» жартылай ысталған шұжық (дайындаушы: Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы); — «Говядина тушеная высший сорт» стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы: «Курганский мясокомбинат» ЖШҚ «Стандарт» Ресей, Курган қ.); — «Говядина тушеная высший сорт» стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы:…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Тәртіп сақшылары өздеріне түскен жедел ақпаратты тексеру барысында Nissan Teana автокөлігімен бекіре тұқымдас балық тасымалдаған үш азаматты ұстаған. Көліктен табылған 80 келіден астам су маржаны тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Осы тәрізді және екі дерек тіркелгенін айта кетейік. Қараөзек ауылының маңында Toyota Camry-дың жүргізушісін тоқтатқан полицейлер одан 20 келіге жуық, ал Балықшы ықшам ауданында ВАЗ-2110 автокөлігінің руліндегі тұрғыннан 15 келідей бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Бұл азаматтар да тергелуде.

Read More

CaspianLife, 14 сәуір — Қызылқоға ауданының тұрғындары Ойыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қолда бар құрал-жабдықтармен жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде. Олар қауіпті аймақтарға құм салынған қаптарды текшелеп жинап жатыр. Миялы селосындағы осындай жұмыстарға 100-ге жуық адам мен техника жұмылдырылды. Жергілікті әкімдік өкілдері жағдаймен танысу үшін моторлы қайықпен Ойыл өзенінің арнасын көріп қайтпақшы. «Қазіргі уақытта су деңгейі әлі де көтерілуде, дегенмен жағдай бақылауда», — дейді құтқарушылар.

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Маңғыстау облысында мал суару үшін құдық қазғанға бөлінетін субсидия көлемі 80% артты. Бұл — жайылымды суландыру және мал шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іс-шара. Бірақ 375 метр тереңдікке дейін қазылған ұңғыма ғана субсидияланады. Одан да тереңге кетсе шығынын шаруа өзі төлейді. Бір құдық кемінде 50 ірі қараға есептеліп отыр. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Маңғыстау және Қызылорда облыстары үшін құдықтарды бұрғылауға кеткен шығынды субсидиялау мөлшерін 80%-ға дейін арттыруды тапсырған еді. «1 метр қазу 70 000 теңге болса, 80%-і субсидияланады. Инвестициялық салымдарды өтеу республикалық бюджеттен 50 % және жергілікті бюджеттен…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында 10 035,9 млн теңге мөлшеріндегі бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618,5 млн теңге қалпына келтірілді және 7,1 млн теңге өтелді.

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз», — дейді Қорғаныс министрлігінен. Дегенмен, Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жоспарланған. Министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізбекші.

Read More