CaspianLife, 19 сәуір — Қызылқоға ауданында жолдың арғы жақ бетінде орналасқан елді мекендермен байланыс құтқарушылардың көмегімен жүзеге асырылуда. Аудан орталығымен байланыс жасау үшін тас жол үзілген жерде жергілікті тұрғындарды тасымалдау үшін құтқарушылармен бірге моторлы қайық қойылды. Қазіргі уақытта 671 адам, оның ішінде 19 бала тасымалданды. Сонымен қатар, елді мекендерге бағыт алған азық-түлік өнімдерінде тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда. 18 сәуірде құтқарушылар Миялы ауылында туған нәрестені анасымен жолдың арғы жақ бетіне аман-есен жеткізді. Жолдың арғы жағында оларды туыстары қарсы алып, Жангелдин ауылына бет алды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы Ойыл өзенінің тасып, арнасынан асуына байланысты Қызылқоға ауданында Төтенше жағдай жарияланып, Миялы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 сәуір — Атырау облысында 57 мектеп пен балабақшада директор жоқ. Олардың міндетін уақытша орынбасарлар атқарып отыр. Мұны білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылау іс-шарасы кезінде анықтаған. «Бұл — білім сапасына әсер ететін ең бірінші фактордың бірі. Сол жердегі оқу процесі ақсайтын жағдай. Сондықтан да көпшілігі мектеп басшылығынан қашады. Жауапкершілікті алғысы келмейді. Ал жауапкершіліктен қашпай, басшы болуға ұмтылғандар тест сұрағынан сүрініп жатыр», — дейді Атырау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәз Сүлейменова. Қалалық білім беру бөліміндегілердің айтуынша, бұрын сауалнаманың 50 пайызын тапсырғандар директор боп тағайындалса, енді 70 пайызына дұрыс жауап беруі тиіс. Қазір «Жол…
CaspianLife, 18 сәуір — Бір ай бұрын Атырау қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Мейірім Қалауи өзінің фейсбуктегі парақшасында қашан және қалай жер телімін алғандығын түсіндіріп, жазба қалдырды. Құрметті достар! Соңғы күндері менің атымды жариялап, әр түрлі ақпаратты таратып жатыр. Жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Мен бұл туралы алғаш рет 2019 жылы хабарлама жасаған болатынмын. Индер ауданының әкімі қызметін атқарып жүргенде осы тектес ақпараттар республикалық электронды құралдарына шыққаннан кейін өзімнің бастамаммен журналистерге хабарласып, барлық жайтқа орай түсіндірме (ratel.kz, azh.kz) бердім. 10 жыл бұрын (2012 жылы) мемлекеттік қызметке келгенге дейін, мемлекеттің тарапынан берілген жер телімін қазіргі қызметіммен байланыстырып, заңсыз әрекеттер жасады деп мәлімделуде. Мен…
CaspianLife, 18 сәуір — Атырауда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің 30 жастағы офицері Нұрсұлтан Мұятовқа қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Сот процесі тараптардың жарыссөзіне көшті. Еске салсақ, Антикор офицері былтыр 30 маусымда Атырауда 21 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Ұстау операциясын Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жүзеге асырды. Антикордың жедел басқарма қызметкері «Самұрық-Қазына» компаниясының еншілес Атыраудағы бір компанияның басшысынан 30 миллион теңге талап еткен. Ақша талап ету себебі — компанияға қатысты департаментте тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша басшысын қылмыстық жауаптылыққа тартпау. Алғашында Н.Мұятовтың үстінен Қылмыстық…
CaspianLife, 18 сәуір — Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 және 29-шағынаудандар арасында, «Метрополис» сауда орталығының алдында болған. «Жаяу жүргіншіні бүгін, 18 сәуір күні сағат 10:57-де қағып кеткен. «Метрополис» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан 28-29 ықшамаудандар арасындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде Lada Priora көлігінің жүргізушісі 14 жастағы баланы қағып кеткен», — делінген ПД хабарламасында. Зардап шеккен жасөспірім Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
CaspianLife, 15 сәуір — Маңғыстау облысында мектеп жетіспейді. Аймақтағы 4 ауданның оқушылары 3 ауысыммен оқуға мәжбүр. Тек Бейнеу ауданының өзінде 3000-ға жуық бала мектеп жетіспеуі себепті зардап шегіп отыр. Көпбалалы аналар болса үш ауысымды оқудан шаршағандарын айтады. Мектепте оқитын 4 балам бар. Олар әлі де үш ауысымда оқиды. Біреуін күтіп алсаң, біреуін күтіп жібересің мектепке. Өзім көпбалалы болған соң, күнім балаларды тасумен өтеді, — дейді Бейнеу ауылының тұрғыны Бақытгүл Әбдіраманова. Бейнеу ауданындағы екі мектепте әрқайсысы 640 балаға арналған қосымша нысандардың құрылысы 90%-ға аяқталған. Аудандық білім бөліміндегілер Күйкен ауылындағы мектеп оқушыларын осында көшіруді жоспарлап отыр. Ондағы 500 адамға арналған білім ошағында…
CaspianLife, 15 сәуір — «Бекіре» балық қорғау акциясының алғашқы екі аптасы қорытындыланды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ақпаратына сүйенсек, рейд кезінде 307 заңбұзушылық тіркелген. 214 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 23-не қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оларға салынған айыппұл көлемі 4,3 млн теңге. «Бекіре» акциясына табиғатты қорғау прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, су полициясы және Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары қатысуда. Осы орайда әуесқой балықшыларды браконьерлікпен айналыспай, балық аулау ережесін сақтауға шақырамын, — дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытов. Акция басталғалы бері Жайық Өзені мен Каспий теңізі акваториясынан 10 мың…
CaspianLife, 15 сәуір — Облыстық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «Дина» базарына қатысты «Монополиялық жағдайды теріс пайдалану, сауда орындарын жалға беру қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу» дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша «Дина» сауда-өндірістік компаниясының қала аумағында басым жағдайға ие екені анықталды. «Сауда нүктесіне қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда басшылыққа кірістің 3 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады және монополиялық жолмен алынған кіріс тәркіленетін болады», — деп мәлімдейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
CaspianLife, 15 сәуір — Бүгін Атырау облысының тұрғыны Жайық өзенінде жүзіп жүрген итбалықты видеоға түсіріп алды. Автордың сөзінше, бұл каспий итбалығының баласы екен. Айта кетелік, Каспий итбалықтары – тек Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректілер. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 746 қаулысымен Қызыл кітапқа енгізілген.
CaspianLife, 15 сәуір — Атырау қаласындағы «Авангард-3» ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртеніп, бір адам мерт болды деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Жалын тұрғын үйдің 15 шаршы метрін шарпыған. Пәтер иесі 1949 жылғы азамат медициналық тексерістен кейін үйге жіберілсе, жұбайы екінші дәрежелі күйікпен аураханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, олардың 46 жастағы ұлы оқиға орнында қайтыс болды. Құтқарушылардың айтуынша, өрт отты дұрыс қолданбағаннан шыққан.
