Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 сәуір — Атырауда жол мәселесінің жыры бітер емес. Бұл жолы “Көктем” ықшам ауданының аумағындағы «Широкая» көшесінің тұрғындары жол салып беруді сұрады. Олардың айтуынша, жылдың төрт мезгілінде де бұл жермен жүру мүмкін емес. Осыған дейін ауылдық округтің әкімінен бастап, облыстық әкімдікке дейін барып, проблеманы шешіп беруді сұраған. Бірақ, нәтиже болар емес. «Қыстың кезінде күн жылы болады. Қар қайта-қайта еріп кетіп, балшыққа батып, өздеріміз де жұмысқа бара алмай қорлықты қатты көреміз. Осы мәселені депутаттар мен министрлер көрсе халыққа көмектеседі деген сенімдеміз», — дейді “Көктем” ықшам ауданының тұрғыны Жайболсын Матаева. Қазір осы көшеде 60-қа жуық отбасы тұрады. «Широкаяға» 2018 жылы асфальт…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында ауырған малдың саны 200-ден асып, оның 80-ге жуығы өліп қалған. Осылайша бір айдың ішінде бірнеше шаруа айтарлықтай шығынға ұшырады. Қазір олар түлігінен түгелдей айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр. Ал ветеринарлар төрт түліктің неден қырылып қалғанын әзірге айта алмайды. Олардың сөзіне сенсек, соңғы 3 күнде ауырып тұрған мал тіркелмеген және жүргізілген алғашқы сынамалардың нәтижесінде жылқылардан жұқпалы ауру анықталмаған. «Күдік бойынша паразитарлық ауруларға сынамалар жолдадық. Оның ішінде Алматы қаласындағы Қазақ ғылыми институты және биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институттың мамандарымен, қосымша облыстық зертхана, ұлттық реферондтық орталық мамандары сынамалар алып кетті. Нәтижесін күтіп отырмыз»,…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Өткен жылдың желтоқсан айында қалалық әкімдіктің балансына өткен ретро саябақты көркейту жұмыстарымен енді тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі айналыспақ. Жыл басында әкімдік осылай деп ұйғарған. Демалыс орнын қайтарып алуға саябақтың сын көтермейтін жағдайы туралы тұрғындардан түскен арыз-шағымдар себеп болыпты. Алайда әзірге паркті қалпына келтіру мен көркейту туралы нақты жоспар жоқ. Бұған бюджеттен қаражат қарастырылмаған қазіргі уақытта. Біздер ол қалпына келтіру жұмыстарын бәрін жаңағы демеушілер арқылы жасайтын боламыз. Қазіргі уақытта демеушілер іздестіріліп жатыр,- дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Жұмабек Жұмағалиев. Қала тұрғындары Жайықтың жағасында 50-жылдардағы неоклассикалық стильде салынған ретро саябақты жасыл оазиске айналады деп күткен…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылының тұрғындары техникалық су ішіп отыр. Себебі осыдан 5 жыл бұрын құрылысы басталған су стансасының жыры әлі күнге бітер емес. Аяқталмай қалған жобаның биыл да іске қосылуы екіталай. бюджеттен қайта қаржы қаралып, жаңа мердігер анықталуы тиіс.  Жауапсыздықтан, уақытында қарамағандықтан. Заказ беруші кім? Бармақ басты, көз қысты. Жіберілген ақша қадағаланбайды. 5 жыл өтті. Су беріледі дегеніне. Су берсе жайлы тұрмыс, жақсы болар еді, — дейді Сарға ауылының  тұрғыны Айберген Ізбасаров. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жобаны қолға алған жеке компанияға кезінде бюджеттен 427 млн теңге бөлінген екен. Бірақ істі аяқсыз қалдырған мердігер 203…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Наурызда өсімдік майы 23,2%-ға және дәнді дақылдар 17,1%-ға қымбаттаған. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуін инфляцияның рекордтық деңгейімен байланыстырды. «Қазақстандағы инфляция 2022 жылдың наурыз айында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап шарықтау шегіне жетіп, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Азық-түлік өнімдері инфляцияға ең көп үлес қосты. Бағаның өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жетті. Бір айда инфляция 5,8 пайызға өсіп кетті», — деді Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында. Пірматовтың айтуынша, жыл сайын бағаның айтарлықтай өсуі қырыққабат, қант, картоп, қызанақ сынды өнімдерде байқалады. Бұған қоса, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (киім, химиялық тұрмыстық заттар) бағасы…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Намысына тиетін сөздер жазамын деп қамауға алынды. Индер аудандық сотында 45 жастағы азамат әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын іс әрекетіне байланысты жауапқа тартылды. Ол азаматтық некеде болған бұрынғы әйелінің әлеуметтік желідегі парақшасында оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөз қалдырып, жала жапқан. Ал келіншек аудандық сотқа экс-жұбайының үстінен арыз түсіріпті. Жаман сөз жазуға құмар азамат сот отырысы кезінде өзінің тарапынан қателік кеткенін мойындап, кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ал оның кінәсі лингвистикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дәлелденіпті. Сот барысында анықталғандай аталған азамат өзінің ұялы телефоны арқылы коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жалған жала жабу азаматтық абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Жаңаөзен қаласындағы ҚазақГазӨңдеу зауыты 28 млн тг айыппұл төлейтін болды. Монополияға қарсы орган тексеріс кезінде мекеменің газды электрондық сауда алаңында сату кезінде бірқатар заң бұзушылыққа барғанын анықтады. Шикізат сатудан түсетін ай сайынғы орташа табыс – 10 млн тг болса, зауыт бұл нормативті көрсеткішті жүздеген есеге асырып жіберген. «Бағаны өсіру 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында болған. Осы аралықтағы мекеменің табысы 559 млн тг жеткен. Айыппұл сол жалпы табыстың 5%ы көлемінде салынады. Бұл жағдайда 28 млн тг, — дейді ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің МОД тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Самат Құсайынов. Ереже бойынша электронды сауда алаңдарында сұйытылған газ 5…

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — Енді жер телімін алу үшін кезекке онлайн тұруға болады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға әкімдікке бармай-ақ, egov.kz арқылы кезекке тұра аласыз. Тіркелу бар болған 5 минутты алады. Сонымен қатар, сіз онлайн режимінде арыздың статусын қадағалап, деректеріңізді жаңарта аласыз. Тек электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, жер телімін алу кезегін цифрландыру сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жолындағы үлкен қадам. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөліміне өтесіз, содан кейін «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін қарау немесе тіркеу »…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір — Биылдан бастап түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыратын мүмкіндік берілді. ҚР білім және ғылым министрлігі осындай өзгеріс енгізді. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшыларының сөзінше талапкер мамырдағы тестілеу кезінде жақсы нәтиже көрсетсе, мемлекеттік грантты иелену үшін құжат тапсыра алады. Биылғы ҰБТ-ны өткізу ережелерінде осыдан басқа өзгеріс жоқ. Студенттер мен оқушылар бұрынғыша үйде отырып-ақ, тестілеу күнін белгілей алады. «Егер талапкер++ мемлекеттік грант, арнайы гранттар, жергілікті атқарушы органдар мен вуздар бөлетін грантқа қаысқысы келетін болса, олар міндеттті түрде мамыр, маусым айында өтетін тегін түрде өткізілетін ҰБТ бару керек болады. Сонымен қатар информатика пәні биылдан бастап ҰБТ пән…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір — 11 сәуірден бастап қазақстандықтар Ресей шекарасынан кедергісіз өте алады. Тек азаматтарда короновирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын ПТР сынамасының оң қорытындысы немесе вакцинация паспорты болуы керек.  Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеуді эпиджағдайдың тұрақталуына байланысты алып тастап отыр. Жаңа өзгерістің Өзбекстан және Қырғызстан арасындаңы өткізу пункттеріне де қатысы бар. Сондай-ақ, әуе қатынасы арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтуге қойылған барлық шектеу де алынады.

Read More