Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 сәуір — Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өңір басшысы болып тағайындалды. Серік Шәпкенов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономика-математика мамандығы» бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы сол ЖОО-да оқытушы болып бастады. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспектор болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдар аралығында Атырау қаласының әкімі, кейін 2020 жылға дейін облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2020-2021 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және бүгінге дейін министрі болып келген.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір — Каспийдегі теңіз туризміне қауіп төніп тұр. Ақтауда 50 жылдан астам жұмыс істеп келетін жалғыз яхта клубы жабылып қалуы мүмкін. Яхталар мен қайықтарды жалға беретін жүздеген кәсіпкер су көліктерін қоятын тұрақ таппай дал болуда. Қоғамдық ұйым мен жергілікті басшылардың арасындағы келіспеушілік жер теліміне қатысты болып отыр. Ақтау әкімдігі жағажайдың абаттандырылуына байланысты яхта клубының аумағын үштен бірге қысқартпақ. Алайда, кәсіпкерлер бұл шешіммен келіспейді.  «Олар осылайша теңіздегі бизнесті құртып жатқандарын түсінбейді. Мұнда туристердің көп келетініне қарамастан, аумаққа плитка төсеп тастайын деп отыр. Мүмкін бұл қысым көрсетіп, бизнесті тартып алудың бір түрі шығар. Бәлкім, орталық салғылары келетін шығар», — дейді…

Read More

CaspianLife, 7 сәуір — Атырауда өткен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесінде 140-қа жуық кәсіпорын қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімін таныстырды. Оның ішінде материал, тамақ, химия өндірісі, машина жасау өнеркәсібімен айналысатын компаниялар және қолөнершілер, сондай-ақ, 20 жылдан бері желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерін жобалау, жеткізу және орнатумен айналысатын компания өкілдері болды.  Отандық өнімді насихаттау мақсатында өткізілген көрмеден тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды іздесе, кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынасты дамытуға келгендерін айтады. Ал, ұйымдастырушылар отандық өнімдерді қолдап, тұтынатын кез жетті дейді. «Пандемия салдары біздің өнеркәсіпке қатты соққы тигізді. Енді экономиканы аяғына тұрғызу үшін өнеркәсіптік тауарларды кеңінен насихаттауымыз қажет», — дейді облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық…

Read More

CaspianLife, 7 сәуір — Атыраудағы Абай орталығында 19-шы Солтүстік Каспий аймақтық «Атырау мұнай және газ 2022» көрмесі басталды. Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия, Нидерланды мен АҚШ-тан келген 60-тан аса компания қатысуда. Пандемиядан кейін алғаш бас қосқан мұнай және газ саласының мамандары шешімін табуы тиіс мәселелерді ортаға салып, заманауи жабдықтарын таныстыруда. Жоспар бойынша алдағы уақытта Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында мұнайгазхимиялық кластер құру үшін 7 жобаны іске асыру көзделген. Үкіметтің шикізат және өңдеу өнеркәсіптерін дамыту туралы жоспары мұнай-газ және сервистік қызмет көрсетуші компанияларға зор мүмкіндік береді. «Шикізат базасы Атырау өңірін ұлттық мұнай-газ кластерін дамыту үшін ең қолайлы аймаққа айналдырып отыр. Бұл…

Read More

CaspianLife, 6 сәуір — Маңғыстау облысында бір күнде үш әкім тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаровтың басқа қызметке ауысуына байланысты орнына Айбек Қосуақов тағайындалды. Ол Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мен Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай кәсіпорнында оператор болып бастап, 2001-2004 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2004-2006 жылдары «Жазық» АҚ атқарушы директоры болып және 2007-2020 жылдар аралығында «Таушық ауыл шаруашылығы» серіктестігінің басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Түпқараған ауданының әкімі…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Сот үкімімен заңсыз әкелінген контрабандалық жүк мемлекет кірісіне айналдырылды. Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаменті шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жалған құжаттарды пайдалана отырып, «жалған транзит» схемасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелді. «Бұған дейін әзірленген қылмыстық жоспар бойынша ол Әзербайжаннан Ауғанстанға Қазақстан арқылы – Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз портынан Жамбыл облысына дейін транзитке жалған мәлімделген сигареттері бар жүк көлігін басқарған. Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде ұсталды», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі туралы да пікір білдірген. Бүгін журналистер Сыртқы істер министрінен Тимур Сүлейменовтің бұл айтқандары оның жеке ұстанымы ма, әлде жалпы Қазақстанның ұстанымы ма деген сұрақтың жауабын сұрады. “Сүлейменовтің бұл сұхбаты ел басшылығымен келісілген бе еді, әлде оның жеке пікірі ме?”, деп сұрады журналистер. “Біріншіден, ол – ресми тұлға. Ол шетелдік басылымдардағы тілшілердің өтініші бойынша сұхбат берді”, – деп…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген әкім лауазымына кандидат Рахат Елтизаровты ұсынды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, Рахат Елтизаров Ақтөбедегі «Дүние» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ «Мұнай және газ кен орындарын игеру» бойынша инженер мамандығын алған. 2005-2007 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат департаментінің маманы және бас маманы болып қызмет етті. 2007-2010 жылдары — Маңғыстау облысының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болды. 2010-2015 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау облыстық сумен…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір — «Қазмұнайгаз құбыр сервис» вахташылары Атырауға қайтып бара жатқанда автобустары мұз астына түсіп кетті, адамдар автобус төбесінде екі сағатқа жуық отырған. Таңертең бұрғылаушылар екі автобуспен үйге қайтып бара жатқан. Олар Жем өзені арқылы өтпек болып, осындай жағдайға тап болды. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Асылхан Жұбаналиннің сөзінше, олар қыста осы жолмен жүретін. «Мұз біртіндеп шытынап, олар өзеннің ортасына жеткенде көлік түсіп кетті. Автобустар суға тола бастады. Адамдар автобустың жоғарғы жағындағы люк арқылы көтеріліп, төбеге шықты. Ер адамдар басшылығына қоңырау шалып, көмек сұрады. Таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін 25-ке жуық адам өзен ортасында автобустардың үстінде…

Read More

CaspianLife, 5 сәуір -«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифіне заңға сәйкес келмейтін шығындарды қосқаны үшін тұтынушыларға 70 млн теңгені қайтарып береді. Сондай-ақ, кәсіпорынға 2,4 миллион теңге айыппұл салынып, көрсетілген қаражатты қайтару міндеттелді. «Тарифтерді саралауға байланысты қайта есептеуді кезең-кезеңімен жүргізіп, әрбір жеке тұлғамен жұмыс істейтін боламыз», — деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Бектемір. 1 сәуір күні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тарифті есептеуде заң бұзушылықтарды анықтаған болатын.

Read More