Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 наурыз — Егер 2021 жылы 2 жағдай тіркелсе, биыл олардың саны 9-ға жетіп отыр. Дәрігерлер бұған пандемия кезінде ата-аналардың БЦЖ ревакцинациясынан жаппай бас тартуы себеп болды дейді. Маңғыстаулық эпидемиологтардың сөзінше, 2020 және 2021 жылдары Диаскинтест пен Манту сынамасын өткізу кампаниясы дұрыс жүргізілмеген. Пандемияға дейін бұл жоспар 95 пайызға орындалатын, ал соңғы екі жылдағы статистикаға қарасақ, балалардың тек 72 пайызы туберкулезге қарсы екпе алған дейді олар. Дәрігерлерге сенсек, КОХ таяқшасын жұқтырған балалардың арасында ауруы дендеп кеткендер жоқ. Қазір кішкентай пациенттер облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем алып жатыр. Емдеудің жаңа стандарттарына сәйкес ата-ананың таңдауы, дәрігердің ұсынысы ескеріліп, балалар амбулаторлы…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Ақтаудағы жаңадан бой көтерген 17 шағын аудан тұрғындары облыстық әкімдік алдына наразылыққа шықты. Олар үйлерінің қасынан мәйіт жууға арналған кешеннің салынуына қарсы. Негізі мердігер компания мәйітхана емес, балалар алаңын тұрғызуы тиіс екен. Бірақ, ол жоспарын өзгертіп жіберген көрінеді. Енді тұрғындар атынан ат үркетін ғимаратты қаланың қақ ортасына салуға кімдер рұқсат бергенін білмей дал. Кешеннен үй алдық. Сол кезде бұл жер туралы айтқан жоқ, алдап сатқандай боп отыр. Қазір үй алдынан жерді қоршап, мәйітхана салмақшы, — дейді қала тұрғыны Зулфыхар Кенжеғалиев. Бұл мәселе бойынша мердігер компания өкілдері жауап беруден бірден бас тартты. Есесіне халыққа қалалық әкімдіктегілер басу…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Кеше Атырау облысында қатты жел салдарынан ғимараттардың шатырлары көкке ұшып, алған жарақат салдарынан бір адам ауруханаға түскен еді. Атырау қаласындағы «Сарықамыс» шағын ауданында, Қызылбалық Геолог, Ақжар ауылдық округтерінде екпінді жел салдарынан электр желісі үзілген. Қазір барлық абонентке электр жарығы берілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 29 наурызда қатты желдің салдарынан құтқарушыларға 34 шақырту түскен.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 31 наурызға, сондай-ақ 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Батыс антициклоны келеді. Антициклон әсерінен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде жауын-шашын тоқтайды. «Сондай-ақ, антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді. Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Лондондағы үйін сатылымға шығарды. Зәулім сарай 9 млн фунт стерлингке бағаланып отыр. Элиталы тұрғын үйге жасалған виртуалды тур аталған сайтта жарияланған. Зәулім үйде төрт қонақ бөлме, жеті жатын бөлме мен алты жуынатын бөлме бар. Ол Лондонның престижді ауданында орналасқан. Үйден Highgate гольф-клубы көрінеді. Дариға Назарбаеваның бұл үйді 2008 жылы 9,3 млн фунтқа сатып алғаны атап өтілген. Дариға Назарбаева үйді өзі сатып алған бағадан төмен бағада сатылымға шығарып отыр (9 млн фунт — 5,67 млрд теңге).

Read More

CaspianLife, 30 наурыз —  Өйткені жалаудың салмағы тиісті нормадан бірнеше есе көп. Мұндай мәліметті облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Мүтәлиев сессия отырысында айтты. Ол үп еткен желге бола тудың неге орнынан жиі алынатындығын білмек болып, жоба авторларымен де сөйлесіпті. Жобаның авторын тауып, сөйлескенде эскизін жіберген. Сол жобаны қарағанда тутұғырда тудың көлемі 7*15 метр болу керек. Ал қазір ілінген ту 15*30. 4 есе салмағы үлкен, 4 есе көлемі үлкен туды ілген, — деді депутат. Жиынға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл мәселеге қатысты жұмыс тобын құру керектігін айтты.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Атырау облысында ұйытқуы 22-28 м/с болатын қатты желдың салдарынан үйлердің, ғимараттардың шатырларының ұшып, құлау оқиғасы орын алып, олардың құлауы адамдардың өміріне тікелей қауіп төндірді. Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, шұғыл түрде аварийялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бір тәулік ішінде 112 номіріне 34 қоңырау түсті (қала — 28, аудандар бойынша — 6). Көп қабатты тұрғын үйлер – 18, Денсаулық сақтау басқармасының объектілері – 3, балабақшалар – 3, мектептер-3, мәдениет үйі-1 және басқалар. Атырау қаласында қатты желдің салдарынан Қ. Сәтпаев көшесі 19а, М. Баймұханов 39а, Қожақаев 27, М. Әуезов 57, Азаттық даңғылы 72, Алмагүл №2 (қаптама), 6, Нұрсая 29 (қаптама),…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр. «Біз жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға болатын сынақ мерзімін жойғымыз келеді. Осы норманы қарастырып, ұсынып, қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына да оң әсер етеді деп ойлаймын»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде. Оның айтуынша, министрлік Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуге бастамашылық етіп жатыр. Ол сондай-ақ «жас қызметкер» ұғымын енгізу жоспары туралы айтты, бірақ бұл қандай жаңашылдықты білдіретінін нақтыламады. Сынақ мерзімі — бұл жұмыс берушінің қызметкердің кәсіби жарамдылығын тексеру үшін қызмет ететін уақыт кезеңі, көбінесе үш ай. Егер жұмыс беруші…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз — Атырау облысында белгісіз дерттен жылқылар қырылып жатыр. Құрманғазы ауданының халқы далада жайылымда жүрген малының өлексесін тауып алуда. Олардың айтуынша, кесел төрт түліктің ішінде тек жылқыда кездесіп отыр. Артқы екі аяғынан шойырылып, дем жетпеу – кеселге тап болған жылқылардың бәріне ортақ дейді мамандар. Әзірге нақты диагноз қойылмай отыр. Жергілікті мал дәрігерлері қан ауруы ретінде тіркеп, емдеуде. Дәл қазір 27 жылқы мамандардың бақылауында. Ал қаншасы қырылғаны әлі есептелмеген. Жылқының көбі Хамит каналы бойында жайылады. Екі шақырым аумақта 45 үйір жылқы жүр дейді ветеренарлар. Шаруалар дабыл қаққанымен, аймақта әлі күнге комиссия құрылмаған. «Мал жалпы әлсіз, артқы аяғынан шойырылады. Сосын тұрып құлайды. Аузын ашады.…

Read More

CaspianLife, 29 наурыз — Атырау қаласында қатты желдің әсерінен тұрғын үйлер мен мекемелердің ғимараттарына зақым келді. Табиғы құбылыс салдарынан қаладағы Қ. Сатпаев, М. Баймуханов 39а, Қожақаев 27, М. Ауезов 57, Азаттық даңғылы 72, Алмагуль №2 үй (қаптама) мекен-жайлары бойынша 6 тұрғын үйдің шатыр бөліктері ұшып кетті. Сонымен қатар, Ақжар поселкесіндегі «Ақбөбек» және Нурсая №29 мекен-жайында орналасқан 2 балабақшаның шатыр бөліктерінің ұшу фактісі тіркелді. Мақат ауданында Алиев №80/3 мекен-жайындағы көпқабатты тұрғын үйдің (10х7) шатыр бөлігі де желден зардап шекті. Құтқарушылар алпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бүлінген шатырлардың конструкцияларын (лист) нығайтып, көлік жолына түскен шатырларды жинақтауда. Тұрғындарға жедел көмек көрсету үшін Атырау облысы…

Read More