CaspianLife, 29 наурыз — Атырау қаласында қатты желдің әсерінен тұрғын үйлер мен мекемелердің ғимараттарына зақым келді.
Табиғы құбылыс салдарынан қаладағы Қ. Сатпаев, М. Баймуханов 39а, Қожақаев 27, М. Ауезов 57, Азаттық даңғылы 72, Алмагуль №2 үй (қаптама) мекен-жайлары бойынша 6 тұрғын үйдің шатыр бөліктері ұшып кетті.
Сонымен қатар, Ақжар поселкесіндегі «Ақбөбек» және Нурсая №29 мекен-жайында орналасқан 2 балабақшаның шатыр бөліктерінің ұшу фактісі тіркелді.
Мақат ауданында Алиев №80/3 мекен-жайындағы көпқабатты тұрғын үйдің (10х7) шатыр бөлігі де желден зардап шекті.
Құтқарушылар алпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бүлінген шатырлардың конструкцияларын (лист) нығайтып, көлік жолына түскен шатырларды жинақтауда.
Тұрғындарға жедел көмек көрсету үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 құтқарушысы 4 техникасы жұмылдырылды.