CaspianLife, 30 наурыз — Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Лондондағы үйін сатылымға шығарды. Зәулім сарай 9 млн фунт стерлингке бағаланып отыр.
Элиталы тұрғын үйге жасалған виртуалды тур аталған сайтта жарияланған. Зәулім үйде төрт қонақ бөлме, жеті жатын бөлме мен алты жуынатын бөлме бар. Ол Лондонның престижді ауданында орналасқан. Үйден Highgate гольф-клубы көрінеді.
Дариға Назарбаеваның бұл үйді 2008 жылы 9,3 млн фунтқа сатып алғаны атап өтілген. Дариға Назарбаева үйді өзі сатып алған бағадан төмен бағада сатылымға шығарып отыр (9 млн фунт — 5,67 млрд теңге).