CaspianLife, 5 сәуір — Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бас лицензиясынан айырылды. Мұндай шешімді Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті университет жұмысындағы көптеген заңбұзушылықты анықтады Университетте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптары сақталмаған. «Университетті тексеру барысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Мысалы, оқытушылардың бір уақытта әр түрлі тілде оқытатын екі түрлі топта сабақ өткізу фактілері белгілі болды. Бірақ мұғалімдердің оқу жүктемесінде әр топ бойынша аудиториялық сабақтар бөлек есептелген. Одан бөлек, университетте кейбір сабақтар мүлдем өткізілмеген. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 сәуір — Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді. «2 миллион баррельге аздап төмендейді. Барлығы — 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр», — деп түсіндірді министр Үкімет отырысы аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
CaspianLife, 5 сәуір — 48 жасар келіншектен трамадол дәрісінің 29 данасы мен тропикамид дәрісінің 11 флаконы тәркіленген. Ол психотропты заттарды қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатқан. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, әйел қаңтар айында дәл осындай заңбұзышулық жасап, жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Қазір аталған іс бойынша құжаттар жинақталуда.
CaspianLife, 5 сәуір — Атырауда жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15 жасөспірім анықталған. 3 сәуір күні сағат 15:29 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері әкімшілік аумақты қарау барысында Тайманов көшесі бойымен Lada granta автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын анықтап, Батыс-25 қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлікті полицейлер Сәтбаев көшесі бойынан тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісінің 18 жастағы жасөспірім екендігі белгілі болған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, барлығы 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
CaspianLife, 1 сәуір — Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, арнайы құрылған жедел тергеу тобы қылмыстық топтың іс-әрекетін бес ай бойы бақылапты. Нәтижесінде топ басшысының Қызылорда облысының тұрғыны екендігі және оның марихуананы “Шымкент – Атырау” бағытындағы автобустар арқылы жеткізетіндігі анықталған. Ал топ құрамындағы Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарының азаматтары тауарды күтіп алып, сақтап-сатып, түскен ақшаны жинап, картаға аударып отырыпты. https://youtu.be/un9YCSPgpZg Тінту кезінде олардан 6 миллион теңгеден астам астам ақша табылды. Қазір қылмыстық топтың үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Егер кінәлары…
CaspianLife, 1 сәуір — Ақтау қаласын абаттандыруға 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл ақша қаладағы ескерткіштер мен стелаларды тазалап, жөндеуге, орындықтарды сырлауға және ауыстыруға, т.б. жұмыстарға жұмсалады. Сондай-ақ, 100 урна мен 100 орындық сатып алу жоспарлануда. Аталған жұмыстармен «Алаш Констракшн» ЖШС айналысады. Әкімдік мердігер компания өз міндеттерін орындауды бастағанын айтады. Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың наразылығын туғызған жасанды пальмаларды жөндеуден басталды. Еске сала кетсек, «Алаш Конастракшн» ЖШС наурыз айының басында Ақтау қаласының әкімдігі ұйымдастырған байқауда жеңіске жеткен еді. Сатып алу сомасы 107 142 857 теңгені құрайтын келісім жыл соңына дейінгі уақытқа жасалды.
CaspianLife, 1 сәуір — Атырауда төрт көліктен денесін шығарғандарға айыппұл салынды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек 30 наурызда сағат 18:30 шамасында тіркелген. «Атырау қаласындағы Құрманғазы көшесі мен Сәтбаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында «Toyota Camry 40», «LADA Vesta», «Toyota Camry 50» және «LADA Granta» автокөліктері жол жүрісі қағидасын бұзған. Көлік құралының қозғалысы кезінде жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпай, терезесінен және люктен денесін шығарған. Жүргізушілер жолдың жүріс бөлігінде маневр қағидасын бұзып, апаттық жағдай тудырған. Мемлекеттік белгісі жоқ көлікті кәмелет жасқа толмаған, жүргізу құқығы жоқ күйде басқарғаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Осыған байланысты «Тoyota Camry 40» жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық…
CaspianLife, 31 наурыз — Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар жолдарында «электр бақташы» орнатылды. «Маңғыстау өңірінде жануарларды үркітетін «электр бақташы» (электропастух) құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейтінін ескеру қажет (тоқ күші шамамен 12 вольт). Орнатылған құрылғының жалпы ұзындығы — 25 шақырым. Құрылғы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы мен «Жетібай-Жаңаөзен» тасжолы бойында орнатылды», — деді компаниядан. Ұлттық компаниядан мәлім еткендей, былтыр республикалық маңызы бар автожолдар бойына үй жануарларының 14 муляжы (түйе, жылқы) және 13 мың метр жол қоршаулары орнатылған. «Муляждар жүргізушілерге жолға кенеттен жануарлар шығуы мүмкін екенін еске салуға арналған. Жол қоршауларына келетін болсақ, олар «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолына, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолына орнатылды. Биыл (Ман-Ата, Беки,…
CaspianLife, 31 наурыз — 17 наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады. «49 жастағы азамат өзінің үйінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 келі 100 грамды құрады», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
CaspianLife, 31 наурыз — Қызылқоға ауданында Сағыз стансасы ішімен ағатын Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылындағы үйлерді су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің адамдары колледж бен мектепке эвакуациялануда. Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер мен өзге де мекеме қызметкерлері бар барлығы екі жүздей адам мен ондаған техника жұмылдырылған. Тұрғындардың сөзінше, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда. Қазір Сағыз ауылындағы ахуал тұрақты бақылауда.
