CaspianLife, 29 наурыз — Ол психотроптық есірткі заттарын қарызға беру үшін тұтынушылардың құжаттарын кепіл ретінде алып отырған. 48 жастағы азаматша аса ірі көлемде психотроптық дәрілерді сақтаған. 1974 жылы туған әйелдің пәтерінен 114 дана «Трамадол» дәрісі, 18 дана «Лирика» пластинкасы, 82 дана «Тропикамед» дәрі-дәрмектерінің ақ түсті бөтелкесін, 10 дана «Сомнол» дәрі дәрмектерінің пластинкасы табылған. Пәтердің жатын бөлмесіне тінту жүргізу кезінде 725 дана «Тропикамед» табылған. Психотроптық есірткі заттарын сатумен айналысқан әйелден өзге азаматтардың 35 дана куәлігі шыққан. Тергеу барысында тиым салынған заттарды тұтынушыларға қарызға беріп, кепіл ретінде олардың құжаттарын алып отырғаны анықталды. «Белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 1 млн 375…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 наурыз — Атырауда инклюзивті театр ашылады. Театрдың ерекше әртістері жыл соңына дейін 2 сахналық қойылым мен 2 шығармашылық кеш ұйымдастырмақ. «Біз де адамбыз» қорының басшысы Гүлназ Қосмұрзиеваның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арт-терапиясын жүргізу үшін инклюзивті театр ашу жобасы қолға алынған. «Инклюзивті театр – мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен өтетін сахналық әрекет. Мұндай театрды құру идеясы қор резиденттері арасында сауалнама жүргізіліп, Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың уақытын өткізуге қолайлы орын жоқ деген қорытынды шығарғаннан кейін туындады. Тиісті жағдай жасалмаса, мүгедек адамдарды әлеуметтендіру мүмкін емес. Идея туындағаннан кейін жоба дайындап, қаржылай көмек көрсететін демеушілердің қолдауымен алғашқы қадамға кірістік. Инклюзивті театрдың…
CaspianLife, 29 наурыз — Атырауда жүргізуші әйел екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оның бірі – 1 жастағы бала. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 28 наурызда сағат 14:00 шамасында болған. «Атырау қаласындағы Берғалиев көшесінде орналасқан үйлердің бірінің тұсында 43 жастағы әйел «Lexus RX 300» автокөлігімен жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік қаққан жүргіншінің бірі – 40 жастағы әйел, ал екіншісі –2021жылы туған бала. Жол-көлік оқиғасының салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған бір жастағы балақай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір жүргізуші әйелдің автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталып…
CaspianLife, 29 наурыз — Қазақстан Қара теңіздегі жүк кемелерін Каспийге қайтарады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты. «Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі өседі деп болжап отырмыз. Транзит үшін түрлі кедегілерді жою бойынша қандай шара қабылдап жатырсыздар», — деп сұрады Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Министрдің айтуынша, бұл мүмкіндікті пайдаланудың бірнеше жолы қарастырылып отыр. «Қазіргі жағдайға байланысты ең тар жерлерді қарастырып отырмыз. Ең маңыздысы қазір Ақтау портында контейнерлік хаб құру болып тұр. Инвесторлармен кездесіп жатырмыз. 10 млрд теңге көлемінде жоба дайын. Сәуір айында сингапурлық компания келгелі отыр. Олар нарыққа қызығушылық…
CaspianLife, 29 наурыз — Елімізде азаматтардың жеке басын куәландыратын кей құжаттарға салынатын БАЖ салығы қымбаттауы мүмкін. Жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен көп ауыстыруға өтініш бергендерге енді 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жасау керек болады. Яғни құжатына ұқыпсыз қарап, жиі ауыстыратын азаматтар 3063 теңге салық төлейді. Сонымен қоса, шетелге жиі шығатындарға паспортты қайта рәсімдеу бағасы 12 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілмек. Бұл дегеніміз 36 756 теңге. Дегенмен, паспортты бір рет алу бағасы өзгеріссіз қалды. Оған 24 500 теңге төленеді. Сондай-ақ, 16 жасқа толғаннан кейін 10 жылға берілетін жеке куәлік алу бағасы 612 теңге көлемінде болмақ. Егер жеке құжаттың…
CaspianLife, 29 наурыз — Атырау тұрғыны алматылықты 45 млн теңгеге 3 пәтер алып беремін деп алдаған. Қазір алаяқ қамауға алынды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 наурызда Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынынан шағым түскен. «Полицияға шағымданған алматылық өзінің алданғаны туралы айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, оны 44 жастағы әйел Атырау қаласындағы элиталық үйлерден 3 пәтер алып беремін деп сендірген. Сөйтіп, жәбірленушінің 45 млн теңгесін иемденіп алған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтықпен айналысқан 44 жастағы атыраулық әйелді анықтады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір ұсталған алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп,…
CaspianLife, 28 наурыз — Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері браконьерді «Атырау-Астрахан» тас жолы бойында ұстаған. Тексеру кезінде 43 жастағы ер адамның Datsun маркалы автокөлігінен 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық шыққан. Аулауға заңмен тиым салынған балық тәркіленді. «Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 1979 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деді облыстық ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.
CaspianLife, 28 наурыз — Қазақстанда есірткіні беймедициналық мақсатта қолданғаны үшін жазаны жеңілдету жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтып берді. «Есірткіні беймедициналық мақсатта қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді. Яғни, есірткіні аз мөлшерде қолданған және сақтаған адамдар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Бақытжан Әмірханов министрлік ұйымдастырған онлайн-брифинг барысында. Спикердің айтуынша, заң жобасы прекурсорлар мен қатты әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Сонымен бірге, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелерін елдің жоғары басшылығы мемлекеттік басқару органдарының басым міндеттерінің бірі ретінде айқындаған. Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға…
CaspianLife, 28 наурыз — Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз 29-30 наурыз күндері өтетін болды. Осы жолы тараптар бетпе-бет жүздеседі деп келісілді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский өзінің Telegram-каналында хабарлады. Украина делегациясын бастаған Давид Арахамия әлеуметтік желіде шараның Түркияда өтетінін мәлім етті. Айта кетейік, бұған дейін Түркияда Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері кездескен болаты. «Алда кезекті келіссөз өтеді. Біз бейбіт өмірді қалаймыз. Украинаның егемендігі мен жер тұтастығына еш күмән жоқ. Мемелекетіміз үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кепілдік керек. Біздің мақсатымыз айқын. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанын көздейміз», – дейді Украина президенті Владимир Зеленский. Еске сала кетейік, екі ел…
CaspianLife, 28 наурыз — 2022 жылғы 25 наурызда 460,1 миллион АҚШ доллары сомасына «Big Sky Energy Corporation» («Big Sky») мұнай компаниясы берген талап арыз бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған төрелік шешім күшіне енді. Осыған дейін Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың трибуналы Big Sky мұнай компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы барлық талап-арыз талаптары бойынша бас тартып, қорғауға жұмсалған төрелік шығындар үшін Қазақстан Республикасына шамамен 575 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарған болатын. Апелляцияның мерзімі 2022 жылдың 24 наурызында аяқталғанын және Big Sky осы шешімнің күшін жою туралы өтініш білдірмегенін ескере отырып, төрелік енді аяқталды деп саналады. Төрелік процесс…
