Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 наурыз — Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 31 жастағы ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған. «Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағым өкілінен серия нөмірі өшірілген «ОСА» маркалы травматикалық тапаншаны тауып, тәркіледі. Қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды» — деді полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда жақын арада бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. «Қазақстан ТМД елдері мен дүниежүзінде бензин бағасының арзандығы бойынша алғашқы бестікке кіретінінен бастайық. Бұл бестікте нарықтық қатынас мүлде жоқ елдер кіреді және т.б.», — деді Ақшолақов брифинг барысында. Министр Қазақстандағы мұнай өнімдері бағасының төмендігі көршілес мемлекеттерге үлкен көлемде рұқсатсыз тасымалдануы себебінен болғанын айтты. «Былтыр не себепті тапшылық көрдік? Өйткені мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз тасымалданды. Экспортқа тыйым салынғанына қарамастан. Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін, бірақ қазір қымбаттады, өйткені Қазақстан мен Ресейдегі баға арасында өте үлкен алшақтық болды – шамамен 100 теңге.…

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Қылмыстық іс сәуір айында басталуы мүмкін. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Департаменті тергеді. Бұл істе Хаменовадан бөлек, құқық қорғау органдарына өз кінәсін мойындап келіп, кейін уақытша босатылған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың да аты аталады. Иә, тергеу аяқталды. Қазір қылмыстық іспен танысу басталды, — деді адвокат Игорь Вранчев ЭК тілшісіне. Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан «откат» ретінде 4,5 млн тг пара алды деген күдікке ілінген еді.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — 24 наурыз күні Атырау қаласындағы Еркінқала ауылында «Volkswagen Vento» маркалы автокөлігі өртке оранды. Өрт сағат 09.45-те оқшауланып, сағат 09.50-де толықтай жойылды. Болжам бойынша оқиға көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі токтардың қысқаша тұйықталуынан болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №13 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы қатысты. Атырау облысы ТЖД автокөліктерде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өз көлігіңіздің жарамдылығын бақылау, ақауларды уақытында жою қажеттігін, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеді.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Украина Президенті Владимир Зеленский кеше НАТО саммитіне қатысушыларға үндеу жолдап, Украинаға тағы да жан-жақты әскери қолдау білдіруін сұрады. Украина Ресей әскерімен бір айға жуық соғысып келе жатқанын атап өткен Зеленский Солтүстік Альянсты қазіргіден де көбірек қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар Ресейдің соғыста Украинамен шектелмейтінін де қаперге салды. «Украина әскері Ресеймен тең болмаса да бір айдан бері соғысып келеді. Біздің халқымыз бен қалаларымызды қорғау үшін Украинға жан-жақты әскери көмек қажет. Ешқандай шекктеусіз. Өйткені Ресей қолында бар барлық қаруын қолданып жатыр», – деді Украина Президенті Владимир Зеленский.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Жол-көлік оқиғасы 24 наурызда сағат 23:00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылында болған.  Лада Приора көлігі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Приора көлігінің 1983 ж.т., жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Mercedes автокөлігінің 1997ж.т., жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Атырау қаласы Алмалы ауылдық округтің тұсында Жайық өзенінің жағасында сиыр малы батпаққа батып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқанның көмегімен сиырды аман-есен шығарып алды. Құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушы мен 1 бірлік техникасы қатысты.

Read More

CaspianLife, 25 наурыз — Маңғыстауда 13 мыңнан астам көлік жүргізушісі салық төлеуден жалтарып жүр. Бұл туралы Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мәлім етті. Олардың берешегі 550 млн теңгеден асып кеткен. Қарыз 2018 жылдан бері төленбеген, дейді қалалық кірістер басқармасының мамандары. Берешекті 1 сәуірге дейін жабуға кеңес береді. Себебі бұл қос тарапқа да тиімді. Былтыр 9 көлік айыптұраққа қойылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Қазіргі таңда мамандар жүргізушілерге хабарлама жіберіп жатыр. Ескертуді елемей жүргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. «1 сәуірден кейін жеке тұлғаларда өсімпұл жүріп бастайды. Оны төлемесе, хабарлама жібереміз. Жүргізуші хабарламаға да назар аудармаса, 30 күннің ішінде жеке сот орындаушыларға жіберіледі. Кейбір жүргізушілердің атында…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Монғолия елдеріне құрлық шекарасына арналған шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі айтты. «Жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:00-ден бастап Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының шығуына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Қазақстанға Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық бөлігі арқылы, сондай-ақ Моңғолия азаматтары Ресейге және Ресей азаматтары Моңғолияға Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы өтеді», –  делінген коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Атырау облысында 18 наурыздан бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 17 наурызда қауіпті вирусқа 1 адам шалдыққан. Ал, 18 наурыздан бері коронавирус инфекциясын ешкім жұқтырмаған. «Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 6 науқас емделіп жатыр. Өз үйінде 27 адам ем-дом қабылдау үшін оқшауланған. Соңғы бірнеше тәулікте коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Атырау облысында былтырғы 1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 269 863 адам ектірген. Вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 256 764 адамға жетіп отыр. «Былтырғы 20 қарашада басталған Рfizer вакцинасын алатын…

Read More