Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 наурыз — Energyprom.kz порталының мәліметінше, ақпан айынан бері Қазақстанда медициналық қызмет көрсету ақысы 2%-ға қымбаттаған. Атап айтсақ, амбуаторлық қызметтердің бағасы 1 айда 1,8 пайызға, ал 1 жылда 6,4 пайызға қымбаттады. Айлық динамикада дәрігер-мамандардың қызметі 6,1 пайызға, дәрігерлердің алғаш қабылдауы 2,1 пайызға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4 пайызға, тіс дәрігерлерінің қызметі 0,6 пайызға өскен. Energyprom.kz порталының хабарлауынша, Денсаулық сақтау жүйесі сапасына қатысты рейтингте Қазақстан әлемнің 95 елінің ішінде 58-орынға тұрақтады. Еліміздік әлемдік рейтингтегі индексі – 59,99. Индекс жоғары болған сайын денсаулық сақтау жүйесі де жақсы деген сөз. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі сапасының индексі медициалық қызметкерлерді, құрал-жаддықтарды, қызмет…

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Жаңаөзенде автожуу кешенінің қызметкерін көлік жаншып өтті. Зардап шеккен қызға тез арада операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр, қазір орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер оның аяғын ампутациялаған. «Kia жүргізушісі көлік жуу орнына жылдамдықпен кірген. Осылайша, іштегі көлікпен соқтығысқан. Дәл сол кезде әйел көлік жуып жатқан. Нәтижесінде инерциямен көлік қызметкерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», — деді куәгерлер. Айта кетейік, оқиға 22 наурыз күні таңертең Жаңаөзендегі «Empire» көлік жуу орнында болған. Видео:Lada.kz

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Ақтау полиция басқармасының бастығы Мадияр Омаров Каспий теңізіне батып бара жатқан қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттады. Ол қала тұрғыны Замир Мұсаев болып шықты. Омаров оған батыл әрекет еткені үшін алғыс хат пен сыйлық табыс етті. «Ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін рахмет. Сіз құрметке лайық іс жасадыңыз. Ең бастысы, адам өмірін құтқарып қалдыңыз», — деді Омаров. Замир Мұсаев полиция қасында болған қызметкерінің әйелдің өмірін сақтап қалудағы батыл әрекетін атап өтті. Бұған дейін polisia.kz сайты Ақтау патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ержан Көкенов пен Мұрат Шыныбековтің өзіне қол жұмсамақ болған 30 жастағы Ақтау тұрғынын аман алып қалғанын хабарлаған болатын.

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде ТМД елдерін басып озып, 40-орынға шықты. Рейтингте 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесі көрсетілген. Бақыт туралы сауалнамаға дүниежүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты. Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия сынды елдер бар. АҚШ 16-орында, Ұлыбритания — 17, БАӘ 24-орында. Қазақстан ТМД елдерін басып озды. Былтыр үздік болған Өзбекстан 53-орында, 62-орында Молдова Республикасы, Қырғызстан 64-орында, Беларусь 65-орында, Ресей 80-орында, Армения 82-орында, Тәжікстан 83 және Әзербайжан 92-орында.

Read More

CaspianLife, 24 наурыз — Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға айтарлықтай зақым келді деп жазады Reuters агенттігі. Аталған құбыр арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екісі сыртқа тасымалданатын. Консорциум мамандарының айтуынша, танкерлерге мұнай құятын үш қондырғының екеуі айтарлықтай зақымданған. Қазір тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Құбырларды жөндеуге қажетті жабдықтарды сатып әкелуге дейін мұнай тасымалының көлемі жоспардан үш есеге дейін азаюы мүмкін. Ал, Ресей Энергетика вице-министрі Павел Сорокиннің айтуынша, аталған ақауды жөндеу үшін 1,5-2 айдай уақыт кетеді екен. Яғни, мұнай экспортының көлемі тәулігіне 1 млн баррельге дейін төмендейді деген сөз. Сарапшылар Еуропаға тасымалданатын мұнай көлемі күрт азайғандықтан…

Read More

CaspianLife, 21 наурыз — Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды. Бұдан бұрын Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түскенін жазған едік. «Күдікті ұсталған кезде тапаншасы болмаған еді. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 19 наурызда теректің түбінен екі тапаншаны тапты. Тапаншалар атыс болған шағын ауданда өсіп тұрған теректің бірінің түбіне жасырылған. Қазір екі тапанша сараптамаға жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 21 наурыз — Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды. «2022 жылғы 19 наурызда «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған. Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды», — делінген хабарламада. Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Read More

CaspianLife, 21 наурыз — Ақтау қаласында терезесіне «Z» таңбасын жапсырған Jeep Cherokee маркалы автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынған,- деп хабарлады жергілікті Lada.kz басылымы. Қаладағы жүргізушілердің бірі терезесіне «Z» таңбасын жапсырған Jeep Cherokee көлігін жол полициясы тоқтатып тұрғанын 19 наурызда видеоға түсіріп алған. Сұңқар» патруль полициясы Ақтау қаласының 3 б ықшам ауданында көлікті тоқтатып, әкімшілік кодекстің үш ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырып айыппұл салған, — деп жазады Lada.kz. Сайттың жазуынша, айыппұлды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590 — бабы («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») 601- бабы («Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау») бойынша белгілеген. Бұған дейін Алматы полиция…

Read More

CaspianLife, 21 наурыз — Ақтау түбінде жоғалып кеткен 26 жастағы жігітті 16 күннен бері іздеп жатыр. Еламан Нұржановтың туыстарының айтуынша, олар әлі күнге дейін жігіттің аман-есен табылатынына үміттеніп отыр. Еске сала кетсек, наурыз айының басында Еламан Нұржанов Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында достарымен бірге көңілді отырыста болған. Кештен кейін ол ештеңе айтпастан белгісіз бағытта кетіп қалыпты, дейді туғандары. Жігіттің телефоны да, құжаттары да жоқ. Нұржановтың бойы — 168-170 сантиметр, киген киімі – қара-сұр түсті жейде және қара түсті спорттық костюм. Еламан Нұржановты көрген немесе қандай бір ақпарат білетін азаматтарды мына телефонға хабарласуды сұрайды: 8 (775)-157-50-17 немесе 102. Фото:Lada.kz

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Маңғыстау облысында жаңа газ өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылғы 5 қаңтардан бастап елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін сұйытылған газ нарығы бойынша мынадай шұғыл іс-шаралар қабылданды. Өңірдің қашықтығына байланысты сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы литріне 50-ден 75 теңгеге дейінгі дәлізде белгіленді. Сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 38,7-ден 28 мың теңгеге дейін төмендетілді. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Сауда-саттық қағидалары тоқтатыла тұрады. Оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс сататын болады. Өнімді беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу жөніндегі бұйрық бекітілді. Оған…

Read More