CaspianLife, 18 наурыз — Ел аумағында дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізіледі. Елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Еркінұлы Баттақов мәлім етті. «Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда. Осылайша, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып отыр. Бұдан басқа, бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді», — деді Е. Баттақов. Оның айтуынша,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 наурыз — Жаңаөзендік өрт сөндірушілер жалақыларын көтеріп, EXPO-2017 көрмесін өткізу үшін зейнетақы жинақтарынан алынған қаражатты қайтаруды сұрады. «Өздеріңіз білетіндей, қазір Жаңаөзен қаласындағы барлық мекеме жұмысшыларының жалақысын көтеруде. Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақылары жыл сайын көтерілгенмен бірінші қажеттіліктегі тауарлар, коммуналдық қызметтер мен жалдамалы пәтерлер ақысы да жыл сайын өсіп жатыр. Өрт сөндірушілера алатын 130 мың тг жалақы бұл шығындарды өтеуге жетпейді. Басқа құқық қорғау органдарына қарағанда, біздің жұмысымыз әлдеқайда қиын. Өрт сөндірушінің қоғамдағы статусының төмендеп кеткен», — дейді жұмысшылар Президентке жолдаған үндеуде. Айтуларынша, Үкіметте азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерін әлеуметтік қамту мәселесі талай рет көтерілгенімен, осы күнге дейін нақты шешім…
CaspianLife, 17 наурыз — БҰҰ-ның Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейге қатысты талап-арызы бойынша шешім шығарды. Төраға болған судья Джон Донахью сот Ресей Федерациясының Украинаға қарсы күш қолдануына алаңдайтынын, бұл халықаралық құқыққа байланысты мәселелерді туындататынын айтты. «Сот мынаны талап етті: Ресей Федерациясы 2022 жылғы 24 ақпанда Украина аумағында басталған әскери әрекеттерді дереу тоқтатуы қажет. Ресей Федерациясы кез келген әскери немесе қарулы топ, сондай-ақ, оның бақылауындағы ұйымдар мен тұлғалар Украинада әскери операциялар жүргізуге байланысты ешқандай шара қолданбауы керек, — делінген сот хабарламасында. Ресей халықаралық сотта «талап-арыздың айқын абсурд болуына байланысты» тыңдауларды өткізіп жібергенін айтты, кейінірек Ресей тарапы сот ешқандай шара қолданбауы керек…
CaspianLife, 17 наурыз — Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, елімізде Наурыз мерекесінің тойлануына орай 22 наурыз күні Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Қалалық әкімдік тұрғындарға мерекелік көңіл-сүй сыйлау мақсатында мұндай шараны жыл сайын ұйымдастырады.
CaspianLife, 17 наурыз — Қазақстандағы әлеуметтік желілерде несиені жою мен зейнет жасын төмендетуге қатысты жаңа реформа туралы хабарлама тарап жатыр. WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада әр балаға 60 мың теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, тиісінше, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бірақ ақпарат жалған болып шықты. «Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ. Аталған идеялардың авторы қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан. Алайда,…
CaspianLife, 17 наурыз — Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, 28 градусқа дейін аяз болады. Алдағы үш күнге болжам жасаған синоптиктер әсіресе, солтүстік өңір тұрғындары беті-қолын домбықтырып, үсітіп алмасын деп отыр. Оңтүстік өңірлер де антициклонның ықпалында болады. Бұл жақта қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Ал батыста қазірдің өзінде ақтүтек боранның кесерінен жолдар жабылып жатыр. Ақтөбе облысындағы Мәртөк пен Темір ауданындағы бірнеше ауылға қатынас тоқтаған. Ойыл ауданында он шақты жолаушысы бар көлік қар құрсауында қалып, құтқарушылар көмекке келді. Батыс Қазақстан облысында үш күннен бері қар тоқтамай жауып тұр. Оның үстіне жел ұйытқып, жылдамдығы секундына жиырма метрге дейін жетеді. Алай-дүлей бораннан көлік…
CaspianLife, 17 наурыз — Қазақстан Сбербанкі MasterCard пен Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізеді. «18 наурыздан бастап MasterCard, 20 наурызда Visa карталары бойынша ішінара шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, Сбер карталарынан басқа банктердің картасына ақша аудару жағынан шектеу болады. Басқа банктердің банкоматтарынан ақша алынбайды. Ал Сбербанк желісінің өз ішінде барлығы сол күйінде қала береді», — деді банк мамандары. СберБанктің барлық картасы (Visa и MasterCard) бойынша басқа ешқандай шектеу болмайды. Қазақстан бойынша және банктің өз ішінде істей береді. «Сондай-ақ, бұрынғыдай СберБанктің POS-терминалдары арқылы төлем жасай беруге болады. Банкоматтарда ақша беріледі. Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар мен төлемдер жасалады», — дейді банк қызметкерлері.…
CaspianLife, 16 наурыз — Алдын ала ақпаратқа сәйкес тәркіленген каннабистік топтағы есірткінің қара базардағы бағасы 60 млн тг құрайды. Аталмыш фактіге сәйкес Атырау облысының тергеу соты тексеру амалдарын жүргізіп, күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Еске сала кетейік, 6-7 наурыз күндері Атырау облыстық ҰҚК Департаментінің қызметкерлері есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстаған еді.
CaspianLife, 16 наурыз — Өңірдегі халық санына байланысты әкімдік аппаратын қыстарту ұсынылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде айтты. «Әкімдердің үш орынбасары ғана болу керек. Ары кеткенде төрт орынбасар. Бұл мәселені Президент Әкімшілігі өз құзыретіне алуы қажет. Осы ретте институттарды жергілікті басқару орындарының жұмысына араластыру керек. Жергілікті өзін өзі басқаруға жергілікті мәслихат жетекшілік етуі тиіс. Жергілікті өңірлердің қаражатын қайта қарау керек. Қазір ауыл-аймақтар тек әкімнің қолына қарап отыр», — дейді Президент.
CaspianLife, 16 наурыз — Жол-көлік апаты 16 наурызда сағат 08:30 шамасында «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолдың бойында болған. «Жолдың қарсы бағытына шыққан «Toyota Camry» автокөлігі «Skoda» қызметтік көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. «Тoyota Camry» көлігіндегі жолаушыларды шығару үшін облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.
