CaspianLife, 16 наурыз — Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру тәсілдерін атады. «Қалыптасқан халықаралық жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие болып отыр. Украинадағы жағдай азық-түлік бағасының кенет қымбаттауына әкелді. Бұл бағалар жуық арада бүкіл рекордтарды бұзуы әбден ықтимал. Осының аясында егіс науқанын сапалы өткізу бірінші жоспарға шығады. Алайда, менің білуімше, фермерлердің көбі егіс науқанына дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер бұл жұмысты ерекше бақылауына алуы керек. Диқандарды қолайлы бағадағы жанармайдың қажетті көлемімін қамту қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын тұқым мен тыңайтқыштардың қауіпсіздігін қайта бір тексеру керектігін еске салды.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 наурыз — Кеше кешкіліктегі Атырау қаласындағы «Авангард» ықшам ауданындағы атысқа әйелдің себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда қаза тапқан жігіттер – сол әйел адамның туыстары көрінеді. Қазір полицейлер үш жігітті атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралаған күдіктінің тапанша мен оқ-дәріні қайдан алғанын анықтап жатыр. Осы іске күдікті Маңғыстау облысының 1993 жылы туылған азаматы анықталып, ұсталды. Бұрын ешқандай соттылығы жоқ азамат. Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әлеуметтік желіде ақпараттар тарады. Полицейлерден қаңтар оқиғасы кезінде тартып алынған мылтық қарулар арқылы болған атыс деп. Бұл ақпараттардың жалған екендігін айтқымыз келеді.…
CaspianLife, 16 наурыз — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағасы қызметінен кететінін, сонымен қатар оның қатарынан шығатынын мәлімдеді. «Президенттің міндетін заңды түрде рәсімдеп, өкілеттігін атқару кезінде партиядағы мүшелігін тоқтатуды ұсынамын. Осы норма саяси бәскелестікті арттырады. Барлық партияға бірдей жағдай жасайды. Соның арқасында біз елдің болашақ көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өз ыңғайына жығуға деген қызығушылықтан құтқарамыз», — деді Тоқаев халыққа жолдауында. Мемлекет басшысының айтуынша, партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен араласып кетуі дұрыс емес. Себебі саясаттағы монополия әлеуметтік наразылықтарға себеп болады. Сондықтан саяси үстемдікке тосқауыл қою қажет. Бұдан бөлек, президент бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлері партия қатарынан шығуға тиіс деді. Олар: Есеп комитеті;…
CaspianLife, 16 наурыз — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет екенін айтты. «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», — деді Президент Жолдауында.
CaspianLife, 16 наурыз — Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. «Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», — деді Президент.
CaspianLife, 15 наурыз — Қазақстандықтардың Наурыз мейрамында неше күн демалатыны белгілі болды. Биылғы мерекеде қазақстандықтарды 5 демалыс күні күтіп тұр. Сенбі, яғни 19 наурыздан бастап 23 наурыз аралығы демалыс болады.
CaspianLife, 15 наурыз — 16 наурыз күні президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялайды. Ол Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, жақында жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтатын болады. Жолдау елорда уақытымен сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
CaspianLife, 15 наурыз — Амал мерекесі қарсаңында Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта қазақы нақыштағы босану бөлмесі ашылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Аналардың босану бөлмесі ұлттық үлгіде безендірілген. Мұны жасау идеясын ұжым болып қолға алдық. Бүгін міне, мейрам қарсаңында ашылу сәті түсіп тұр. Босануға келген әр анаға психо-эмоционалды тұрғыда ерекше әсер сыйлайды. Бұл жер жайлы, әрі жылы. Жалпы босанатын әйелдердің басым бөлігі әр отбасының келіндері. Бұл бөлме ұлтымыздың тарихымен байланыс тапқандай әсер алып, дәстүрді танып білсін, сәбилерін де ұлттық болмыспен тәрбиелеуге ұмтылсын деген мақсатта дайындалды», — деді облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Жапырақ Епенова. Босану…
CaspianLife, 15 наурыз — Әлеуметтік желіде 14 наурыз күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің баланы басып кеткен видеосы тарады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 наурызда сағат 13:30 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Келдаман» сауда үйіне қарама-қарсы тұста болған. Opel Vectra көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кеткен. «Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп хабарлады облыстық полиция. Видео:Lada.kz
CaspianLife, 15 наурыз — Атырау облысында полицейлер көпбалалы ананың үйіне жөндеу жүргізіп берді. Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Біржан Махмудов әріптестеріне Жұмекен ауылында тұратын көпбалалы ана Екатерина Копрованың отбасына көмек көрсету туралы ұсыныс берген. «Қазір Екатерина егде жастағы сырқат анасымен бірге тұрады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына кіреді. Балаларының үлкені 3-сыныпта оқиды. Кенжесі – 1 жаста. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері менің ұсынысыма қолдау білірдіріп, қаражат жинады. Сол қаражатқа көпбалалы отбасының үйіне жөндеу жүргізіп, есігі мен терезелерін жаңасына ауыстырдық. Бұрын оның үйінде еден болмаған. Сондықтан, ағаштан еден төселді. Табиғи газ желісін кіргізіп, тамақ пісіруге арналған газ…
