CaspianLife, 11 наурыз — Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде 1-ықшам ауданы маңындағы жағажайда шашылып жатқан өлі шаяндардың видеосын таратуда. Айтуларынша, буынаяқтылардың өлексесі Приморский елді мекеніндегі «Сарбаздар жағажайында» да қаптап кеткен. Каспий жағалауында бұл құбылыс жыл сайын қайталанады. Балық инспекциясының мамандары жайбарақат. «Қорқатындай негіз жоқ» деп отыр. «Қыстан әлсіреп шыққан шаяндар теңізге өз беттерінше жете алмайды. Сол себепті көктем сайын дауылдан кейін жағалауға шығып қалады. Бұл табиғи құбылыс. Кейбіреулерінің аман қалуы да мүмкін»,– дейді олар. Маңғыстау облыстық балық инспекциясының қызметкерлері тірі шаяндардың табиғи ортасына аман-есен оралуы үшін оларға тиіспеу керектігін ескертеді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 11 наурыз — Жыл басынан бері зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдаудың 7 фактісі тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. «Азаматтар «жасыл» дәліз арқылы өтіп, жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ екенін мәлімдеген. Багажды кедендік тексеру кезінде жалпы сомасы 1063 дана (жеті дерек бойынша) зергерлік бұйым – сырғалар, кулондар, сақиналар мен білезіктер табылды. Азаматтар өз түсініктемелерінде зергерлік бұйымдарды достарына сыйлық ретінде сатып алғанын айтты», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Зергерлік бұйымдардың нақты құны сараптама арқылы белгіленеді, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
CaspianLife, 11 наурыз — Тұрғындардың айтуынша, көпшіліктің мазасын алатын жалғыз басты келіншек психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Көршілердің шағымынан кейін оны емдеу орталығына алып кеткен. Бірақ аз уақыттан кейін үйіне қайта жіберіпті. Бұл әйелге «шизофрения» диагнозы қойылған. Туыстары мен қамқоршысы жоқ. Пәтерде жалғыз тұрады. Келіншек біздің алаңсыз өмір сүруімізге кедергі келтіріп отыр: балконнан ауыр заттар лақтырады, түн ортасында теледидардың бар дауысын шығарып қояды, көршілердің есіктерінің алдына қоқыс қойып кетеді. Психоневрологиялық диспансерге хабарластық. Оны «емдейміз» деп алып кеткен еді. Бір айдан кейін үйіне қайта жіберіпті, — деп ренжиді № 52 үйдің тұрғындары. Көршілер полицейлерге де хабарласып, мәселені шешуге көмектесуін сұраған, бірақ әлі…
CaspianLife, 11 наурыз — Бұл туралы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының» басқарма төрайымы Айгүл Соловьева «Жер сағаты» туралы брифингте айтты. «Жер сағаты» науқанына биыл 175 мемлекет пен 2,5 миллиардтан астам адам қатысады. Жыл сайын ұйымдастырылатын науқан Жер атмосферасына зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған. Энергияны үнемдеу үшін жарық 26 наурыз күні 20:30 бен 21:30 аралығында өшеді. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер өте өзекті болып отыр. «Жер сағаты» науқаны – табиғатты аялауға бағытталған, планетаның климатын сақтау және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасау бойынша шешуші шараларға қоғамдық үндеу, планетадағы ең ауқымды экологиялық науқан, — деп атап өтті Айгүл Соловьева. Сағат сайынғы жарықты сөндіру Жердегі экологиялық жағдайды…
CaspianLife, 11 наурыз — Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда қайталама тұрғын үйдің бағасы рекордтық деңгейде қымбаттаған. Бюро мәліметтеріне сенсек, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы — 0,4 пайыз. Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен, үш пайызға қымбаттаған.
CaspianLife, 11 наурыз — Атыраулықтарды жаңбыр әуреге салып-ақ тұр. Тұрғындар телегей теңіз болып жатқан аумақтардан аяқ киімін бүлдірмей өтетін жер іздеп әлек. Амалы қалмаған халық тізіліп, қауіпті болса да бордюр үстімен жүруге, ал жүргізушілер көліктерін су астында қалған шұңқырларға соқпас үшін мысықтабандап қозғалуға мәжбүр. Коммуналдық сала қызметкерлері «техникамыз жеткілікті, бірақ қайта-қайта жауған жаңбыр жұмысымызды көрсетпей жатыр» деп налиды. Жаңбыр осы марттан басталды ғой. Күндізде , түнде де жұмыс жасап жатырмыз. Спецавтобаза мекемесінен 9 бірлік вакуум шықты. Осы қай жерлерде көп су жиналады. Мінекей қарапайым Молдағұлова мен Афанасьев көшесінің қиылысын алу үшін кешке дейін – рейс су алынады бір жердің өзінен.…
CaspianLife, 11 наурыз — Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен. Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған. «Полиция қызметкерлері мектепте жедел тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Жалған хабар жіберген 16 жастағы жасөспірім анықталды. Оның айтуынша, сенбі күні үйінде отырып, қалжың үшін жарылғыш зат қойылғаны туралы жазған. Қазір жасөспірім анасымен бірге полицияға жеткізіліп, тергеуге алынды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Аталған дерекке қатысты іс…
CaspianLife, 11 наурыз — Шетел азаматтары облыстық полиция департаменті өткізіп жатқан «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Іздестіру» акциясында анықталған. «Аталған іс-шаралар кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі мен көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жылға шеттетілген шетелдікті ұстады. Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы өз еліне барып, жеке басын растайтын құжатындағы ақпараттарды өзгертіп, Қазақстанға кері келгені белгілі болды. Ал, Әзербайжан Республикасының 53 жастағы азаматы да дәл осындай әрекетке барған. Ол 2018 жылы сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, еліміздің аумағынан шығарылған. Алайда, еліне барған шетелдік төлқұжатын өзгертіп, биылғы ақпанда Атырауға қайта келген», -дейді…
CaspianLife, 10 наурыз — Украина мен Ресей сыртқы істер министрлерінің Анталиядағы келіссөзі аяқталды. Екі министр арасындағы әңгіме шамамен 90 минутқа созылды, осыдан кейін Дмитрий Кулеба мен Сергей Лавров БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Unian.net сайтының мәліметінше, Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келе алмағанын айтқан. «Украина Мариупольге дейін және Мариупольден гуманитарлық дәліз құруды, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке атысты тоқтатуды ұсынды. Ресей тарапы бұған келіспеді. Мен келіссөздерді жалғастыруға дайынмын», — деді министр. Кулеба егер Ресей мұны жасағысы келмесе, Украина соғысты тоқтата алмайтынын баса айтты. «Бүгін мен Украина Путиннің шарттарын…
СaspianLife, 10 наурыз — Биыл Атырау облысында 79 еңбек дауы тіркелген. Шағымның басым бөлігі жалақының төмендігіне қатысты, дейді Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы. 9-10 наурызда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында КФ басшысы бірқатар әлеуметтік әріптеспен кездесу өткізді. Талқыланған басты тақырыптар – жалақы берешегі, оны көтеру мәселесін шешу, еңбек дауларының алдын алу және өңірдегі әлеуметтік әріптестік жүйесін ары қарай дамыту. Жұмысшы топтың төрағасы – Атырау облысы Кәсіподақ орталығының жетекшісі Ізтұрған Баймұханов бұл кездесуге жұмыскерлері белгілі бір талаптар қойған мұнай сервис компанияларының жетекшілері шақырылғанын атап өтті. Бұл кәсіпорындар жұмыскерлерінің басты талабы қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселе –…
