CaspianLife, 9 наурыз — Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келді. Оның ішінде 10 ұл, 8 қыз бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сәбидің дені Атырау қалалық перзентханасында жарық дүние есігін ашқан. «Мұнда 8 ұл мен 3 қыз, оның ішінде бір егіз өмірге келді. Облыстық перинаталдық орталықта 5 қыз бен 2 ұл ата-анасын қуанышқа бөледі. Нәрестелердің салмағы әр түрлі. Қалалық перзентханада нәрестенің бірінің салмағы 4 280 келіні құрады. Ал, ең аз салмақ – 2 800 келі», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 наурыз — БҒМ Ғылым қорының қолдауымен қазақстандық ғалымдар 40-тан астам экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі жариялады. Мысалы, Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия инстиутының ғалымдары газ тәрізді қалдықтарға арналған сүзгілерді жасады (газ шығарындыларындағы улы компоненттердің каталитикалық түрлендіргіштері). Мұнай өндіруші кәсіпорындар объектілерінде осындай сүзгілерді орнату Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы ауаға улы газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ғылыми әзірлемелерінің арқасында ғалымдардың табысы 336 млн теңгеден асты. Біз түтін газдарына арналған арнайы сүзгілер өндірісін ұсынып жатырмыз. Көп деңгейлі сүзгілер улы компоненттерден тазартып қана қоймайды, сонымен қатар парниктік газдарды, ең алдымен СО2 алады, содан…
CaspianLife, 9 наурыз — «Балықшы» ықшам ауданындағы Бейбітшілік даңғылы бойында орналасқан екі көпқабатты үйдің тұрғындары «Баспанамыз құлаудың аз-ақ алдында тұр» деп дабыл қағуда. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынған бұл үйлердің жағдайы расымен сын көтермейді. Қабырға мен төбе жарылып, үйден сыздың иісі мүңкіп тұр. Электр желілері тораптан шығып, қалай болса солай жатыр. Мұнда көпбалалы отбасылармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да тұрады. 4 баланың анасы Кристина Каплина 3 жыл бойы осында пәтер жалдайды. «Бір күні төбе опырылып түсіп, отбасыммен үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқамын» дейді ол. Өмір сүру үшін ешқандай жағдай жоқ. Балалар кішкентай, айнала сыз, лас, жөндеуден көз ашпаймыз. Қыста…
CaspianLife, 9 наурыз — Мәжілісте әлеуметтік желілерде балаларға жасалған буллингке қатысты жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды. Бұл норма Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданған бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған. «Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс. Мысалы, ата-ана АҚДМ-ға баласына әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс», — деп түсіндірді…
CaspianLife, 9 наурыз — Атырау облысының Құрманғазы ауданында 400-ге жуық электр бағанасы құлаған. Құрманғазы ауданында 5 наурыздан бері электр энергиясындағы ақау әлі толық қалпына келтірілген жоқ. «Жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Құрманғазы ауданының орталығындағы шағын аудандарға электр энергиясын кезең-кезеңмен беру іске асырылды. Қазір Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл округтеріне ток көзі берілді. Ал, Көптоғай округінде құрамында 6 адам, 4 техника бар 1 бригада, Бірлік ауылдық округінде 3 бригаданың құрамында 14 адам мен 3 техника электр энергиясын, кейбір елді мекендерде электр және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. «Қазақтелеком»…
CaspianLife, 9 наурыз — Білім министрлігі мектептегі каникулдың ұзақтығына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін кәсіпкер және Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулдың ұзақтығын төрт аптаға қысқартуды және сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұлғайтуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, оқу жылының ұзақтығы Азияның алдыңғы қатарлы елдеріне қарағанда қысқа, бұл білім берудің тиімділігіне әсер етеді. Сондай-ақ кәсіпкер компанияның тұрғын үй кешені жанынан ашылып жатқан BINOM орта мектептерінде биыл Білім министрлігінің рұқсатымен оқу жылының ұзартылатынын да атап өткен болатын. Алайда білім министрлігі елімізде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталатынын және бұл өзгеріссіз қалатынын хабарлады.…
CaspianLife, 9 наурыз — 6 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Теңіз қалашығында екі ауыр автокөлік соқтығысқан. Оқиға салдарынан дене жарақатын алған бір жүргізушіге дәрігерлік көмек көрсетілген. Аталған факт ұсақ жол-жөлік оқиғасы ретінде тіркелді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жүргізушілердің бірі автокөлікті мас күйде басқарған.
CaspianLife, 9 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігіне байланысты негізгі цифрларды екшеп шықты. «Даму» Қоры арқылы қолдау алған микро, шағын және орта бизнестегі кәсіпкер әйелдердің орташа статистикалық портреті: 39-40 жастағы, ЖК ашқан, көбінесе сауда саласында 10 шақты адамды жұмыспен қамтып отырған жан. Әр екінші кәсіпкер әйел мемлекеттік қолдауды инвестиция үшін пайдаланады. «Даму» Қоры қолдау көрсеткен барлық жобалардың ішінде 72,3 мың жоба немесе 46%-дан астамы – әйелдердің идеясымен жүзеге асқан. Бизнестегі аруларға көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 1,26 млрд теңгені құрайды. «Даму» Қоры кәсіпкерлікті қолдайтын ұлттық даму институты…
CaspianLife, 9 наурыз — Ресейге салынып жатқан санкицялардың Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы экспортталатын басқа елдердің мұнайына қатысы жоқ. Америка Құрама Штаттары Қаржы министрлігі осындай мәлімет таратты. «Каспий құбыр консорциумы сияқты тарату жүйелері шикі мұнайды түрлі көздерге бөліп тарата алады. Яғни, Ресейден тыс өндірілген шикі мұнай жеке сатылып, тиелуі керек. 8 наурыздағы АҚШ-қа белгілі бір тауарларларды импорттауға салынған тыйым Ресей Федерациясында өндірілгендерге ғана қатысты. Яғни, Ресейден тыс өндірілген тауарлар тіпті транзит бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалданған күннің өзінде немесе Ресейден тасымалданған күннің өзінде бұл тыйымға кірмейді», — деп жазылған АҚШ Қаржы министрлігінің сәрсенбідегі мәлімдемесінде. Сонымен қатар Қазақстанның мұнай экспортындағы…
CaspianLife, 9 наурыз — Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған құжатты даярлауға Парламент депутаттары бастамашылық жасады. Заң жобасының негізгі мақсаты — байланыс саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. «Пандемия және халықтың қашықтан жұмыс істеуі режиміне көшуі кезінде ұсынылатын байланыс қызметтері сапасының маңыздылығы арта түсті. Ол халықтан келіп түсетін шағымдардың көбеюінен байқалып отыр. Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер бойынша анықталған заң бұзушылықтар осыған байланысты проблеманың бар екенін дәлелдейді», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанна Телпекбаева. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес, ірі кәсіпкерлік…
