CaspianLife, 9 наурыз — Қазақстан өңірлерінде 5G үш жыл ішінде пайда болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәжілістің пленарлық отырысы барысында мәлімдеді. «Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыстар атқардық, қазір тестілеу жүргізілуде. Осы жылдың соңына қарай технология Республикалық маңызы бар қалаларда – Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, ал 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында енгізіледі деп күтілуде. Бұл ретте ауылға 5G тартпаймыз», — деді ол. Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан Қазақстандағы алғашқы 5G қала болды. Сонымен қатар, басқарма Қазақстанда 5G-ді іске қосуға 442 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған еді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 наурыз — Ақтаудың 5-шағын ауданындағы дәмханаға келген қыздың ұнамсыз қылығы тұрғындардың мазасын алды. Оқиға 8 наурызға қараған түні сағат 02:30 шамасында №2 үйдің артындағы «Папа бар» дәмханасының жанында болған. Тұрғындар түнгі сағат 02:30 шамасында қыздың қатты айқайлаған дауысынан оянып кеткен. Айтуларынша, ол тамағы қарлыққанша айқайлаған, алайда ешқандай төбелес болмаған. «Ол «Папа бар» дәмханасының жанында тұрған бір топ жаспен бірге болды. Ол шынымен есінен адасқан. Оған ешкім тиіскен жоқ, өзімен өзі айқайлап жүрді. Тұрғындар терезеден айқайлап, оны тыныштандыруға тырысқанымен, ешқандай реакция болмады. Сағат 02:45-те полиция келді, содан кейін ғана тынышталды», — дейді №2 үйдің тұрғыны Наталья. Полиция департаменті оқиғаға…
CaspianLife, 9 наурыз — Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді. «Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып жатыр. 1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады. Өкінішті, бірақ расы сол», — деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев. 2021 жылдың соңында Kinopark-Kinoplexx біріккен желісі жалпы сыйымдылығы 18 684 орындық 25 кинотеатрды басқарды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісінің жабылу себебін білмейтінін және Голливуд Қазақстанға санкция жарияламағанын айтты. Голливудтық компаниялардың ешқайсы Қазақстанға санкция жариялаған жоқ. Яғни, әлі…
CaspianLife, 9 наурыз — Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мал ұрысы» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. «Іс-шара кезінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарларды тексеру үшін 10 топ құрылды. Топ құрамындағы полицейлер мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 154 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 75 орын мен 229 шаруа қожалығын тексерді. Соның нәтижесінде мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдауға қатысты 16 дерек анықталды. Ал, 12 адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 406-бабы, 1-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес 459 450 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтар мен шаруа қожалықтарын тексеру кезінде тіркелмеген «ИЖ-К» маркалы…
CaspianLife, 9 наурыз — Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі ауыл әлі жарықсыз отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Құрманғазы ауданында 5 наурызда екпіні секундына 22-23 метрге жеткен қатты жел соққан. Сол күні электр энергиясының желісінде ақау шығып, сағат 3:10-нан бастап 38 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған. Ал, 6 наурызда 10 ауылдың тұрғындары жарықсыз отырды. Кеше, 7 наурызда 8 ауылға жарық қосылған жоқ. Құрманғазы ауданында ток көзінен 10 890 абонент ажыратылған. Оның ішінде 7 650 абонент электр қуатына қосылды. «Қазақтелеком» АҚ-ның 27 станциясының 19-ында байланыс орнатылды. Ауданда қатты желден сөнген электр энергиясын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.…
CaspianLife, 9 наурыз — Атырау облысында соңғы үш күнде жолда жүру ережесі 644 рет бұзылған. Мас күйде рульге отырған 10 адам ұсталды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-6 наурыз аралығында өңір аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» рейді өткен. «Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – мас күйде рульге отыратындарды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау. Олардың қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Үш күнге созылған іс-шара кезінде 644 жолда жүру ережесін бұзған 644 дерек анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 10, жүргізуші куәлігінен айырылған 1 адам ұсталды», -дейді полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
CaspianLife, 7 наурыз — Наурыздың алғашқы бір аптасында мамыр айында жеткізілетін астықтың құны 40 процентке көтерілген. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс астық нарығын абдыратып тастады. Себебі бұл екі ел де ең ірі бидай өсіруші мемлекет саналады. Нақтырақ айтсақ, әлемдегі астық экспортының 30 проценттейі бауырлас қос мемлекеттің үлесінде. Мұндағы шиеленіс ушыққан сайын, нарықта баға шарықтап барады. Жұма күні Чикаго тауар биржасында мамыр айында жеткізілетін бидай 6 жарым процентке қымбаттап, бір бушелі 12 доллардан асты. Осылайша 2008 жылдан бергі рекордын жаңартқан. Айта кетейік, бір Бушель шамамен 38 келі. Трейдерлердің айтуынша, Қара теңіз арқылы бидай тасымалы 24 ақпаннан бері тоқтап тұр. Ал Ресейге…
CaspianLife, 7 наурыз — Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қабылданған жарлықта Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізуін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етуін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруін міндеттеді. Сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 15 қаңтарға дейін мынадай міндеттерді орындауы тиіс: жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуін; республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаланың әр ауданында тоқсан сайын…
CaspianLife, 7 наурыз — Жаңаөзен айналасында қоқыс үйіліп жатыр. Күн өткен сайын иен дала «полигонға» айналып барады. Былтыр ғарыштан бақылау арқылы үйіндіге толы 38 нүкте анықталған. Үйілген қоқысты әкімдік те тазалауға асығар емес. Олар бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 191 млн теңге сұрап отыр. Тау болып үйілген қоқыс арасынан құрылыс материалдарын, тамақ қалдықтары, көліктің темір-терсектерін, тіпті үй жиһазын кездестіруге болады. Бұл үйіндінің бір бөлігі ғана. Жаңаөзеннің іргесіндегі Теңге, Қызылсай, Кендірлі ауылының да маңы қоқысқа толған. Экологтар тұрғындардың қалдықты ретсіз тастап кететінін айтады. Ал ауыл жұрты бұған жауапты мекемелерді кінәлайды. Биыл жүргізілген ғарыштық мониторинг көмегімен облыста рұқсат етілмеген 103 қалдық орыны анықталған.…
CaspianLife, 7 наурыз — Аммиак селитрасын өндіретін «ҚазАзот» АҚ-ға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті мәлім етті. Монополияға қарсы органдар өндірілген тауарлар бағасының өсуі салдарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілері тыңайтқыш сатып алудан бас тартуға мәжбүр болғанын анықтады. «Тергеу монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі бойынша (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде, өндірілетін тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық табыс табыстан бес пайыз мөлшерінде айыппұл салумен тәркіленеді», — делінген ведомство хабарламасында
