CaspianLife, 5 наурыз — Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан шаршадық дейді. Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы есірткі секілді әсер беретін «трамадол», «тропикамед» препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды. Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Шашылған қанды шрицтер соның дәлелі, дейді тұрғындар. «Алаңдаймыз, қорқамыз. Есірткіге тойып алғандар балаға қауіп төндіруі мүмкін ғой. Шара қолдану керек», — дейді Береке ықшам ауданының тұрғыны Ержан Қадырбаев. Шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Ал полицейлер психотропты препараттарды сататындарға айыппұлдан басқа…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 наурыз — Каспий теңізінің қазақстандық секторында әскери теңізшілер зымыран-артиллериялық корабльдер топтарын жауынгерлік жағдайда қолдану іс-қимылдарын пысықтауда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Қарулы күштерде жауынгерлік оқу шаралары Қазақстан Президентінің армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Оқу-жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басшылық жасауда», — делінген министрлік мәліметінде. Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдірілуде. Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында елдің аумақтық тұтастығын, егемендігін және экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өзара іс-қимыл тәртібі пысықталып жатыр. «Оқу-жаттығуда теңізде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету бойынша экипаждардың құтқару іс-қимылдарына ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек,…
CaspianLife, 4 наурыз — Атырау облысында 1 мамырдан бастап баспанасы жоқ мұқтаж жандарға жалға берілетін тұрғын үй ақшасын 50 пайыз субсидиялауды жоспарлап отыр. Бағдарламаның өңірде орындалу барысын «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман мәлімдеді. Банк директорының айтуынша, бағдарламаны Атырау облысында жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 1 млрд 764 млн теңге, жергілікті бюджеттен 441,1 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Атырау облысы бойынша пәтер жалдау құны 1 ш.м. — 2172 теңгені құрайды. Мемлекет тарапынан жалдау ақысына шектеу белгіледі, отбасында 3 адам болса – 86 894 тенге, 5 адам болса – 130 340 тенге, 6 және одан көп болса 173…
CaspianLife, 4 наурыз — Атырау қаласындағы № 1 ХҚО-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын цифрлық қызметтер бұрышы ашылды. Цифрлық бұрыш есту және сөйлеу қабілеті нашар клиенттер үшін толығымен бейімделген компьютерден тұрады. Ол құлаққаппен және арнайы пернетақтамен жабдықталған. Арнайы бағдарлама барлық қажетті ақпаратты құлаққап арқылы хабарлап тұрады. Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін цифрлық бұрыш ашу идеясын Атырау ХҚО қызметкерлері Айбек Идаятов пен Айнұр Мұстажапова ұсынды. «Біз барлық клиент үшін қолайлы жағдай жасаймыз, біздің филиалда ерекше қажеттілігі бар 25 адам еңбек етеді. Олардың ішінде Айнұр Мұстажаповамен бірге Айбек Идаятов та бар. Біз олардың бастамасын қолдап, цифрлық…
CaspianLife, 4 наурыз — Ақтау қаласының әкімдігі жергілікті демалыс паркін қалыпқа келтіріп, абаттандыру үшін мекемені сенімгерлік басқармаға берген еді. Бірақ жөндеу жұмыстарын бастауға саябақтың бұрынғы жалға алушысы кедергі келтіріп отыр. Тендерде жеңіске жеткен жекеменшік компания заманауи демалыс орнын құру ұшын бірнеше миллиард қаражат құймақ. Саябақтың жаңа концепциясын алматылық дизайнерлер жасап жатыр. Концепция 10 наурызда дайын болады. Жобаға кезең-кезеңімен екі миллиард ақша құюды жоспарлап отырмыз. Демалыс орнына кіру тегін болады. Жобаны жақтау үшін алматылық урбанистерді жұмысқа тарттық. Мұз айдынын салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ жұмыстарға кіріспес бұрын бұрынғы ойын аттракциондарын алып тастауымыз керек, олар бізге кедергі келтіреді, — дейді инвесторлық компания басшысы…
CaspianLife, 4 наурыз — Бейнеу ауылында орналасқан су тазарту қондырғысынан бөлек, сыйымдылығы 20 мың текше метр су қоймасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті. Әкімнің дерегінше, жазғы маусымда Бейнеу ауылында ауыз су тапшылығы байқалады. «Бұл мәселені шешу үшін Бейнеу ауылында орналасқан су тазарту қондырғысынан бөлек, 20 мың текше метрлік су қоймасын салу жоспарлануда. Қазір бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын уақытылы қаржыландырылған жағдайда жүргізу жоспарлануда», — деді Бейнеубек Әбілов. Оның айтуынша, жалпы аудан тұрғындарының 95 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ әкім 2021 жылы…
CaspianLife, 4 наурыз — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлердегі жалақы мөлшерін жариялады. Ведомство ақпаратына сәйкес, жалақы мөлшері бойынша мұнайлы өңірлер көш бастап тұр: Атырау облысы – айына 420,4 мың теңге; Маңғыстау облысы – 382,4 мың теңге; Нұр-Сұлтан қаласы — 391,4 мың теңге; Алматы қаласы – 329,1 мың теңге. Сондай-ақ министрлік табысы жоғары саланы да атады «Су көлігі саласында орташа жалақы 890,7 мың теңге шамасында, бұл елдегі ең табысты сала», — делінген ақпаратта. Айта кетері, 2021 жылдың 4 тоқсанында елде номиналды жалақы орташа есеппен 275,6 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ке жоғары. Жастар қай саланы…
CaspianLife, 4 наурыз — Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту жоспарлануда Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында ТМД-ға жеткізуге арналған баға шегі қосылған құн салығынсыз тоннасына 28 мың теңге мөлшерінде белгілеу жоспарлануда. Егер жоба қабылданса, онда бұйрық сәуірден бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстанда өңірге байланысты газ литріне 55-70 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген болатын. Оның ішінде Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында бір литр сұйытылған мұнай газын 50 теңгеден сатады. Өңірлердің шалғай аудандарында — 55 теңгеден. Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында литрінің құны 60 теңге. Шалғай аудандарда -…
CaspianLife, 4 наурыз — Президент Әкімшілігінің келісімен сәйкес облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымын Мейірім Қалауи атқаратын болды. 36 жастағы жаңа әкім Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» мекемесінде бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» мекемісінің директоры, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болды. 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Индер ауданын 2 жылға жуық…
CaspianLife, 4 наурыз — Атырау облысында заңсыз сақталған 24 қару тәркіленді. Оның ішінде тегіс ұңғылы 15 атыс қаруы бар. Облыстық полиция департаментінің баспасөсз қызметінен мәлім еткендей, 7 ақпаннан бастап «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. «Іс-шара кезінде қыстақта отырған шаруа қожалықтарында, фермерлік және аңшылық шаруашылықтарында қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін анықтау үшін 148 рейдтік, 219 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде сақталған 24 қару тәркіленді. Оның ішінде тегіс ұңғылы 15 атыс қаруы, 6 травматикалық тапанша, 3 электрлі қару бар. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)…
