CaspianLife, 2 наурыз — Президент тапсырмасынан кейін бұл мәселеге қатысты тексеру басталған еді. Майнинг фермалары әртүрлі жолмен анықталады. Бастысы – энергиямен жабдықтау және энергияны тарату мекемелері ұсынған есепті салыстыру. «Атырау облысында тіркелген екі майнинг фермасы жұмыс істейді. Олар «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның қуатына қосылған. Энергия тұтыну қағидасына сәйкес майнинг фермаларының әрқайсысына 10 мегаваттан аспайтын лимит белгіленген. Қазір криптовалютаны өндіру тоқтатылды. Өйткені, тексеру кезінде майнинг фермалары электр энергиясынан ажыратылды», — дейді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президенті Мақсот Әленов.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 наурыз — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берді. Ол қазақстандықтардың табысын арттыру мәселесі мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті. «Қазір біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен жұмыс істеп жатыр. Кімнің айлығы медиандық жалақыдан төмен екеніне талдау жүргізіп жатырмыз. Елімізде медиандық жалақы 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мұң-мұқтажын түсініп, қолдау көрсетуі керек», — деді Шәпкенов мәжіліс кулуарында. Оның айтуынша, ведомство осы мәселеге қатысты ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. «Біз қазір ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен экономикамыз қандай сценарий бойынша…
CaspianLife, 2 наурыз — Бұл туралы 23 жастағы мас жігіт Атырау қалалық полиция басқармасының 102 номеріне хабарлаған. «Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері Атырау қаласының М.Баймұханов көшесінде орналасқан орта мектеп ғимаратына тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 1999 жылғы тұрғынды анықтап, ұстады. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен 23 жастағы жігіттің жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сəйкес жарияланбайды.
CaspianLife, 2 наурыз — Ресейге салынған санкция Қазақстан мұнайына да әсер етуі мүмкін. Себебі экспорттың негізгі бөлігі тасымалданатын Каспий құбыр консорциумы Ресей арқылы өтеді. Осы жағдайдың аясында LS сайты Қазақстандағы қара алтынды негізгі сатып алушылар қай елдер екенін инфографикада талдады. 2021 жылы Қазақстан 65,7 млн тонна шикі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз. Ақшалай есептегенде бұл 31,2% өсіммен 31,1 млрд долларды құрайды. Негізгі шетелдік тұтынушы Италия – 17,9 млн. Одан кейін Нидерланды, Франция, Қытай, Түркия, Испания, Оңтүстік Корея, Румыния, Үндістан және т.б. ТОП-12 елдің ішінде ең үлкен өсім Сингапурда тіркелді — 11 есе. Бұл ретте…
CaspianLife, 2 наурыз — FlyArystan әуекомпаниясы Ақтаудан Ыстамбұлға тікелей рейс ашты. Әуе қатынасы 26 наурыздан бастап ашылады. Рейстер сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Әуе билетінің бағасы 34 999 теңгеден басталады. Бұған дейін 21 наурыздан бастап қазақстандық лоукостер Атырау — Сочи жаңа рейсін іске қосатыны хабарланған еді. Атырау — Сочи және кері тікелей рейстер аптасына бір рет дүйсенбі күндері Airbus A320 ұшағында орындалады. Атырау — Сочи рейсін іске қосу жоспары 2021 жылдың қарашасында белгілі болды. Сонымен қатар, Атыраудан Санкт-Петербург, Краснодар және Ростов-на-Дону рейстері жарияланды.
CaspianLife, 2 наурыз — Қазақстанда теңгенің құлдырауы салдарынан көлік бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды LS басылымы. «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, елдегі көлік құны доллар бағамына байланысты. Халықаралық жағдайларға байланысты автокөліктер АҚШ валютасы өскен сайын қымбаттауы мүмкін. Бізде отандық көліктерге арнап бірнеше ай бұрын ескі бағамен сатып алынған жинақтаушы бар. Енді теңгенің курсына байланысты Қазақстанда құрастырылған көліктердің де бағасы өседі деп күтіліп отыр, – деді ол. Несіпбаев автокөлік бағасы 5-7%-ға өсуі мүмкін екенін айтты.
CaspianLife, 2 наурыз — Кеше Атырау облысының Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде Теңіз кен орны аумағындағы «NASAR SOLUTIONS» ЖШС аумағында шыққан өрт 2800 шаршы метрге дейін тараған. «Жақын жерде орналасқан ашық контейнерлерде, металл бөшкелерде және пластик ыдыстарда жалпы ауданы шамамен 2800 шаршы метрді құрайтын сұйық жанғыш қалдықтар тұтанған. Өрт салдарынан жүк көтергіш (Car) жанып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өртті сөндіруге Теңіз кен орнының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, «COCR» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің…
CaspianLife, 2 наурыз —Ақтөбе — Атырау тасжолының Ақтөбе — Қандыағаш қалалары аралығындағы құрылысы биыл жалғасады. Ақтөбеде өткен жиында «Ақтөбе — Қандыағаш» автокөлік жолын қалпына келтіру барысы талқыланды. Мәжіліске облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры Марат Махамбетов, мердігер мекемелердің басшылары қатысты. «Ақтөбе — Қандыағаш» автокөлік жолын қалпына келтіру жұмыстары былтыр басталған болатын. Биыл 11-ден 52 шақырымға дейінгі учаскенің жұмыстарын «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ұйымы жалғастырады. «Сине Мидас Строй» ЖШС директоры Ахмет Будан: «Бүгінде жол салуға қажетті аумақтық төменгі қабатының жұмыстары 72% орындалды. 16 байланыс желісі, 1 газ құбыры мен 2 су…
CaspianLife, 1 наурыз — 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Атырау, Маңғыстау және Қазақстанның тағы басқа аймақтарында ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габритті автокөліктердің қозғалысына тыйым салынады. Бұл шектеу көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін енгізіледі.
CaspianLife, 1 наурыз — Партияның бүгін өткен кезектен тыс съезінде «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты. «Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», — деді партияның атқарушы хатшысы. Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды. Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.
