Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 наурыз — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері 2021 жылдың 30 маусымында пара алған департамент қызметкерін ұстады. Олардың айтуынша, күдікті компания басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін павлодарлықтан 21 миллион теңге талап еткен. 21 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкеріне қатысты сот басталды. Күдікті 366-баптың 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша айыпталуда. Процесс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жалғасуда. Егер офицер сотталған болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы қызметінен кетуі керек.

Read More

CaspianLife, 3 наурыз  — Кейінгі кездері Атырау қаласында байланыс пен интернет кабельдерін ұрлау жиілеп кетті. Тек жыл басынан бері осындай 32 жағдай тіркелген. Келітірлген залал көлемі 1 млн тг асады. Қазахтелекомның Атырау облыстық филиалындағылар «Қаскүнемдер байланыс сымдарын тек ішіндегі мыс үшін ұрлайды. Оны кейін түсті металл қабылдау пункттеріне тапсырып, ақша қылады», — дейді. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларға сенсек, ұрлықшылар қылмысты тал түсте де жасай береді. Алайда, көптеген магистральды желілердің бірнеше жыл бұрын ешқандай құндылығы жоқ оптоталшықты кабельдермен алмастырылғанын ескеретін болсақ, ұрлықшылардың әрекеттері ақылға қонымсыз. Ал зардап шегетін қашан да қарапайым халық. Осындай заңбұзушылардың кесірінен жуықта Авангард ықшам ауданында 500 ден астам…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз — Маңғыстау облыстық ПД баспасөзі Түпқараған ауданында көлік құралын басқарған 13 жастағы жүргізуші ұсталғанын хабарлады. Рейдтік іс-шара кезінде «Toyota Alphard» автокөлігі тоқтатылып, баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, Атамекен ауылында өзбек азаматы көлікті «орташа» мас күйінде басқарған. Оны  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік хаттама негізінде 15 тәулікке қамауға алды. Оған қоса, ер азаматтың ҚР аумағында көші-қон заңнамасын бұзып жүргені анықталды. Кейін тәртіп бұзушы Қазақстан аумағынан шығарылады.

Read More

CaspianLife, 3 наурыз  — Қазақстанда теңге құлдырауына байланысты электроника, тұрмыстық техника және үйге арналған өзге де тауарлар қымбаттады. Sulpak Sulpak дүкендерінде барлық тауардың емес, тек кейбіреулерінің бағасы өзгерген. «Жеткізушілер доллар бағамындағы айырмашылыққа сүйеніп, бағаны қайта қарастыратыны анық. Бірақ бізде қазір тауарлардың көп бөлігін бұрынғы бағамен сатып алуға болады. Мысалы, Samsung өз өнімдерінің бағасын әлі өзгерткен жоқ. Ал Apple өнімдерін жеткізушілер бағаны 5-10 пайызға көтерді», — деді компанияның баспасөз қызметі өкілі. «Белый ветер» «Белый ветер» дүкендерінде баға өскен. Бірақ мұнда да кейбір тауар түрі қымбаттаған. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақта баға өзгеруіне теңгенің әлсіреуі ғана әсер етпейді. «Тұрмыстық және компьютерлік техника бағаларының…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз — Ақтауда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдар аралығында аталмыш ұйым азаматтарды тұрақты сыйақы береміз деп сендіріп, жарналарды қабылдаған. «Шындығында компанияның заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табысы болмаған, қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың есебінен жүргізілген. Осы қылмысты жасады деген күдікпен World Business Consulting компаниясының директоры Жеміс Жүгінбаева  ұсталды. », — деді ҚР Қаржы мониторингі Агенттігі. Агенттік былтыр осы қаржы пирамидасының Алматы қаласынан анықтап, жолын кескен болатын. World Business Consulting салымшыларынан Маңғыстау облысы бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің департаментіне +7 7292 40 36 59…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз — Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асхат Ержановтың мәліметінше, «Nasar Solusion» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің аумағында мұнай қалдықтары жанған. «Бұл серіктестіктің қалдықтарды басқару кешені жоғары тәуекелі бар деңгейге жатады. Сол себептен, былтырғы қыркүйекте серіктестікке тексеру жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталды. Соған байланысты заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Ал, 1 наурызда болған өрттің салдарынан «Car» маркалы 1 жүк көтергіш техника, 20 контейнер, 70 пластмасса ыдыс (1 тонна), сондай-ақ, 60 металл бөшке (200 литр) жанып кетті. Жалын шарпыған аумақ 2 800 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 16:40-та басталған. Оқиға орнына алдымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің өрт сөндіру…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз  — Индерліктер алғыс айту күнінде жерлестеріне алты бөлмелі баспана алып берді. Өрлік ауылындағы Альфаритовтар отбасы 24 жылдан бері ескі гаражда өмір сүріп келіпті. Жұртқа жағдайын айтып, көмек сұраған отағасының өтінішін ауылдастары жерде қалдырмай, лезде 3 млн 700 мың теңге қаражат жинаған. Арманы осыншалықты тез орындалады деп күтпеген үй иесі қайырымды жандарға алғыс айтты. Жиырма төрт жыл бойы гаражда тұрып өмір сүрдік. Маған ағайын болып, қайырымдылық қорлары бар осы қонысты алып беріп көмектесіп жатыр. Халқыма мың да бір алғыс айтамын, — деді отағасы Талап Альфаритов. Бұдан кейін аудандық мәдениет үйінде «Шын жүректен мың алғыс» деген атаумен салтанатты жиын…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз  — Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 44 жастағы Надия Нәбиқызы Ресей Федерациясынан көшіп келген. Үш баласы бар. Ол осы кезге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Сол себептен, балаларымен бірге тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған. Жұмыс істемеген. «Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлеріне өтініш бердім. Өтінішімді жауапсыз қалдырмай, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінен полиция капитаны Айдана Амангелдиева Ресей Федерациясының Астрахань қаласына барды. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін түсіндіріп, құжаттарымды реттеп берді. Елдің азаматы атанғаннан артық қуаныш бола ма? Енді еліміздің өркендеуіне үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын. Көші-қон қызметінің қызметкерлеріне қолдау көрсткені үшін алғыс айтамын», -дейді…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз  — Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 2 наурызда «Доссор-Құлсары» жолында өртенген. «Таңертеңгі сағат 7:24-те аталған бағыттағы жолдың 63-шақырымында «SCANIA R-500» маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шыққан. Тіркемеге тиелген кранның диаметрі 1 219 мм болатын 2 бекіткіші өртенді. Бұған қоса, тіркеменің 24 дөңгелегі жанып кетті. Өрт сағат 08:47-де оқшауланып, сағат 09:07-де сөндірілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Тіркемедегі дөңгелектің күпшегінің қызуынан өрт шыққаны анықталды. Жалынды сөндіруге №12 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Read More

CaspianLife, 2 наурыз — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай дамитыны туралы айтып берді.  Серік Шәпкенов министрлік жұмысының болашақ зейнеткерлердің жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін батыл шаралар қабылданып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда елімізде 2,2 млн зейнеткер бар, бюджеттен орташа зейнетақы мөлшері 99 937 теңгені құрайды. 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтарға өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін алу құқығы берілді. 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 2,79 трлн теңгеге жуық сомаға 1 миллионнан астам өтініш мақұлданды, — деді министр. Сонымен бірге жоғалған табысты зейнетақымен алмастыру коэффициенті ынтымақты зейнетақыдан жинақтаушы зейнетақыға көшуді…

Read More