CaspianLife, 7 наурыз — Атырауда 30 жастағы жігіттен жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Атырау қаласында тұратын 30 жастағы жігіттің аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтап келгені анықталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үйін тінту кезінде гаражынан ақ түсті ұнтақ зат салынып, скотчпен оралған полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына ұсынылған ақ ұнтақ жалпы салмағы 471,25 гр синтетикалық есірткі – альфа-пирролидин валерофенон (a-PVP) екені дәлелденді. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 наурыз — Ақтаулық әйел баласымен құжаттары болмаған соң Киевтен шыға алмай отыр. Себебі украиналық тарап үш жыл бойы баланың туу туралы куәлігін беруден бас тартқан. Қазақстанның Украинадағы елшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Киевте баласымен тұрып жатқан әйелдің анасы Татьяна Жежельдің айтуынша, қызы Ақтауға шыға алмайды. Себебі төрт жасар баласының туу туралы куәлігі жоқ, тек перзентханадан анықтама бар. «Украина тарапы бала дүниеге келген сәттен бастап туу туралы куәлік беруден бас тартты, өйткені баланың әкесімен неке тіркелмеген. Біздің консулдық баланың туған жері бойынша АХАЖ-ға барсын деді, ал олар консулдыққа жіберіледі. Үш жыл болды. Пандемия кезінде қызымның қазақстандық шетелдік төлқұжатының қолдану…
CaspianLife, 6 наурыз — Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы электр энергиясы өшіп қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы электр энергиясы өшіп қалған. «Құрманғазы ауданында 5 наурызда екпіні секундына 22-23 метрге жеткен қатты жел соқты. Ауа райының нашарлауынан сағат 03:10-да Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов кенттерінде электр энергиясы авариялық ақаудың салдарынан өшіп қалды. Осыған байланысты аталған ауылдарда 52 907 абонент жарықсыз қалды. «Атырау Жарық» АҚ қызметкерлерінен құралған 10 авариялық бригада жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізіп…
CaspianLife, 5 наурыз — Бүгін Атырауда №16 мектептің ресми электронды мекенжайына мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқу орнының әкімшілігі дереу тиісті органдарға хабарлаған. Полиция оқушылар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялады. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жұмысы ғимаратта жарылғыш заттың жоқтығын көрсеткен. Лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама жіберген адамды іздестіріп жатыр. Бұл кезде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, ал екінші ауысым бүгін онлайн оқиды.
CaspianLife, 5 наурыз — Ел аумағына 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында фитосанитариялық қатері жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелу жағдайлары (31 факті) әшкереленіп, жолы кесілді. Жалпы көлемі 500 мың тоннадан астам өнім Иран, Түркия, Қытай, Корея, Ресей және Өзбекстаннан жеткізілген, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Атап айтқанда 14 жағдайда Ресейден 152,7 тонна жеміс-жидек пен сәбіз, Ираннан 45,2 тонна алма және Оңтүстік Кореядан 1 тонна жүгері ұнын импорттау кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды. Сонымен бірге 11 жағдайда Ресей Федерациясынан 113 тонна ұн, жүгері, құрма, лимон, банан, көкөністер мен басқа да жемістер, Түркиядан 80,4 тонна кептірілген өрік пен Анар және Өзбекстаннан…
CaspianLife, 5 наурыз — Экология департаменті Каспий теңізі мен Қаракөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісі бойынша Ақтау қаласындағы «Aktau tourism city ltd» компаниясының филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Тексеру барысында сарқынды суларды ағызу фактісі расталып, ҚР Экологиялық кодексінің 222-бабы 8-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды. Қазір компания дихлорланған бассейндік су жіберу құбырын бөлшектеді, екінші құбырды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Су сынамаларын талдау нәтижесінде нитраттар мен хлоридтер бойынша нормативтерден ауытқушылық байқалған. Бұл факт Экокодекстің 39-бабы 9-тармағының талаптарына қайшы, деп мәлімдеді министрлік. «Бүгінгі таңда компания дихлорланған бассейн суы ағызылатын құбырды демонтаждады, екінші құбырды демонтаждау…
CaspianLife, 5 наурыз — Ұлттық нақышта киінген биші қыздардың мүсіні қала әкімдігінің назарынан тыс қалған. Осыған ашынған тұрғындар бұл — өнерді мазақ қылғанмен тең дейді. Өткен жылы қойылған бұл композиция осы уақытқа дейін екі рет қалпына келтіріліпті. «Биші қыз» мүсіндерінің біреуінің көзіндегі бояуы кетіп қалса, екіншісінің көз қарашығы қисық салынған. «Бояуы кеткен ескерткіштерді көргенде таңғалдым. Негізі жаман дүние емес. Бірақ ұлттық киімде тұрған ескерткіштерді қалпына келтірсе жақсы болар еді. Не дегенмен қазақтың ұлттық киімін киіп тұр ғой. Қала әкімшілігі жағдайды реттейді деген сенімдемін. Ескерткіш авторының өзі келіп хабар алып тұрса да жақсы болар еді деп ойлаймын», — дейді Ақтау қаласының…
CaspianLife, 5 наурыз — 44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты. Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кеткен. Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр. «Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда», — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
CaspianLife, 5 наурыз — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта Ақтау және Құрық порттары штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Ақпаратқа сәйкес, жүктердің кідіріп қалу оқиғалары болмаған. Қазақстандық жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылды. Еліміздің порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті, оның ішінде 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады.
CaspianLife, 5 наурыз — Қаладағы 26-шы шағынауданда 41-ші үйдің кірпіш қоршауы тұрақта тұрған автокөлікке құлаған. Одан бөлек, көпқабатты үйдің сыртқы қаптама бөлшектері жақын маңдағы көлікке түскен. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сай, сол күні Мұнайлы ауданы Қызыл-төбе ауылында Сағыныш көшесінде қатты жел салдарынан 30-шы үйдің аумағындағы уақытша құрылыстың шатыры ұшқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан электр желісінің екі тірегі зақымдалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Маңғыстау аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ, «Маңғыстауэнерго» МКК – 7 техника мен 27 адам жұмылдырылды. 09:00-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымын аяқталды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жетібай ауылында ұқсас жағдай болды.…
