Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 ақпан  — Алкогольді мас күйдегі ер адам ғарыш кемесі ішінде шу шығарып, полиция қызметкерінің денесіне зақым келтірген деп хабарлайды ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Көлік полицейлері құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш көрсету факті бойынша 25 жасар Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Мас күйдегі жолаушы Атырау-Нұр-Сұлтан рейсінің бортында шу шығарып, басқа жолаушылардың мазасын алып, тиіскен. «Құқық бұзушы полицейлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға күш көрсетіп, біреуінің формасын жыртып, дене жарақатын келтірген, — деді  көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев. Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жүйесінде ҚР ҚК 380 бабының 1 тармағы…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан  — Қазақстан қаржы министрінің бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз темекілер мен папиростардың ең төмен бөлшек сауда бағасы белгіленді. Фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төмен бағасы: 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге; 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда –570 теңге; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады. Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Read More

CaspianLife, 28 ақпан  — Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған алғашқы рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшып шықты. Украинадағы жағдайға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Украинадағы және Польшадағы елшіліктері, сондай-ақ «Эйр Астана» әуекомпаниясымен Украинадағы Қазақстан азаматтарына рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтаған. «Сонымен, Қазақстан азаматтарын экспорттауға арналған алғашқы KS 2203 рейсі 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:53-те Атыраудан Катовицеге (Польша) ұшты. А321 типті ұшақ (сыйымдылығы 179 орын). Катовицеден Атырауға ұшу уақыты Катовице уақытымен 28 ақпанда таңғы сағат 10:30-ға жоспарланған», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 28 ақпан  — 25 ақпанда Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласы мекенжайы бойынша орналасқан өнеркәсіптік аймақ аумағында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қоймадан ГАЗель көлігіне жүк тиеу кезінде үш адамды ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ГАЗель көлігінің борт бөлігінен жалпы салмағы 185 келі 980 грамм сары түсті марихуана есірткі заты бар сегіз картон қорап табылып, тәркіленді. Бұл есірткі құралы оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысының аумағына одан әрі өткізу мақсатында әкелінген. 38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан  — Атырау облысының Индер және Қызылқоға аудандарын еріген қар суы басып қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Индер және Қызылқоға аудандарында еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. «26 ақпан күні сағат 16.20-дан Индер ауданы Индербор кентінің көшесінде еріген қар 30 см жетті. Сондай-ақ Жарсуат ауылының көшелерін де су басып қалды. Су сору жұмыстарына ТЖД және аудандық әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды», — делінген ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелерінде де 25-30 см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 280…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан  — Ақтау полицейлері жолдың қақ ортасында шомылған жігіттерді ұстап, жауапкершілікке тартты. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жаяу жүргіншілер өткелінде жігіттің үстіне белгісіз адамның бөтелкеден су құйып жатқанын көруге болады. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бәстен ұтылмас үшін жолдың қақ ортасында шомылу ұйымдастырған бір топ жігіт жауапкершілікке тартылды. «Жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтарға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жолда көбікті сумен шомылғаны үшін және шомылуға көмек көрсеткендерге ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 27 ақпан  — Олардың өміріне, сондай-ақ, көлік компанияларының тауарды жеткізу және сақтауға қатысты міндеттемелеріне қауіп төніп тұр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соғыс іс-қимылдарының басталуына байланысты Украинадан шыға алмай жатқан және көрші мемлекеттердің шекара маңы аймақтарында орналасқан отандық жүк көліктері туралы деректер жинауға бастамашы болды Украинадағы қазақстандық жүргізушілер өміріне, сонымен қатар, көлік компанияларының тауарды жеткізу және сақтауға қатысты міндеттемелеріне қауіп төніп тұр. «Атамекен» ҰКП мәліметінше, қазір 24 жүк көлігі Украинадан шыға алмай тұр. Олардың көбі Киев облысында тұрып қалған, 3 көліктің ғана жүгі жоқ. «Біз ақпаратты жедел жинау мақсатында жүргізушілердің барлық чатына арнайы, салалық қауымдастықтарға форманы тараттық. Түскен ақпаратты уәкілетті…

Read More

CaspianLife, 26 ақпан  — 2022 жылы Жаңаөзенде 2500-ден астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласының жұмыспен қамтылу мәселесін шешу мақсатында құрылған облыстық комиссия мүшелері шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарын негізге ала отырып, еңбек нарығын жан-жақты зерделеді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, биыл Жаңаөзен қаласында 2570 адамды жұмыспен қамту жоспарланған: — 1434 тұрақты жұмыс орындарына; — 1136 уақытша уақытша жұмыс орындарына. Атап айтқанда: — Қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша кезекте тұрған 682 адам мұнай-газ саласына қолданыстағы алгоритмі бойынша жұмысқа қабылданады; — «Өзенмұнайгаз» АҚ…

Read More

CaspianLife, 26 ақпан  — Атырауда қаруды тіркеу ережесін бұзған 26 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 7 ақпаннан бері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. «Іс-шараны өткізудегі мақсат – атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру. Полиция қызметкерлері аталған іс-шара аясында 1974 қарудың иесін тексерді. Соның нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 70, қаруды тіркеу ережелерін бұзудың 26 дерегіі анықталды. Заңнама талабын бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 486, 484-баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді», -деп хабарлады…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — 25 қаңтарда Жылыой ауданындағы Сарықасқа учаскесіндегі қыстақтан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен 66 жастағы малшы өлі күйде табылды. Іздеу жұмыстарын құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жүргізді. Олар малшының денесін Сарытақыр учаскесінің жайылымынан тапты Зорлықпен өлтірілген белгілері жоқ. Қалың қар астында қалған малшы, далада адасып кетіп, үсіп өлген болу керек. Естеріңізге сала кетейік, құтқарушыларға Жылыой ауданындағы ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 12 ақпанда келіп түскен. «66 жастағы бақташы 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, әлі күнге дейін қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде жүргізілді», — деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Read More