Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 ақпан  — Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, 2020 жылы Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасы бекітілген. «Жаңа Экологиялық кодекстің енгізілуімен жергілікті атқарушы органдар табиғат қорғау іс-шараларына эмиссия үшін төлемақыны 100% пайдалана алады. Былтыр Атырау облысының бюджетіне экологиялық төлемдерден 9 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Жол картасын қайта қарап, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қосымша іс-шараларды қосуды ұсынамын. Тұрғындар Жол картасының орындалу барысы туралы білуге тиіс. Сол себептен, жұртшылықпен тоқсан сайын есеп беру кездесулерін өткізіп, жұмыс нәтижелері мен өңірдің экологиялық жағдайы туралы хабардар ету қажет», -деді Серікқали Брекешев. Министр облыстағы барлық ауданда экологиялық және…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Қорғаныс министрлігі жас жігіттерді әскери қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Олардың қатарында бір реттік  ақшалай сыйақы, кредиттік каникул беру қарастырылған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында маңызды проблеманы атап өтті. Ол – көптеген жас азаматымыздың әскери борышын өтеуден қашуы. Біздің маңызды міндетіміз – жастарды әскери қызмет өткеруге, ерекше миссия болып саналатын әскери борышын орындауға ынталандыру. Олар мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік каникул беруге, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген кезде бір жолғы ақшалай сыйақы төлеуге, сондай-ақ білім беру секторында және отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде жеңілдіктер беруге қатысты. Ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Бүгін, 25 ақпанда сағат 08:01-де Атырау қаласында тұрақта тұрған екі шетелдік жүк көлігінен өрт шыққан. «Атамбаев көшесінің бойында кәсіпорын аумағында «Mersedes» және «Renault Magnum» маркалы жүк көліктерінің кабинасы өртенді. Екі көлікте де жүк болмаған. Өрт сағат 08:33-те оқшауланып, сағат 08:35-те сөндірілді. Жалынды сөндіруге 11 өрт сөндіруші мен 2 арнайы техника жұмылдырылды», -деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Ақтаудағы ойын саябағындағы тирде жасөспірім оқ жарақатын алды. «Ақбота» ойын-сауық саябағында жасөспірім пневматикалық мылтықтан оқ жарақатын алған. 19 ақпанда ол Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне түскен. “Бала абайсызда оқ жарақатын алған», – дейді медициналық мекемеде. «Тексеру, рентген, томография жасалды. Балаға ота жасалды. Эндоскопиялық операция жасалды. Денеден бөгде зат алынды. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, нашарлаған жоқ, травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр», –  дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов. Блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, дәрігерлердің айтуынша, ота шамамен 40 минутқа созылған. «Балалар ауруханасының қабырғасында орнатылған заманауи эндоскопиялық құрылғының көмегімен олар күрделі операцияны айтарлықтай қиындықсыз жасай алды. Дәрігерлер құрылғы болмаған жаңдайда бөгде…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын жандарға пәтерақының 50 пайызын төлеу мамыр айында басталады. Нұр отандықтар кеше осы бағдарламаның шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылады. Аталмыш мемлекеттік қолдауға 4 санатқа жататын қазақстандықтар: 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар ие болады. Жобаны Атырау облысында жүзеге асыру үшін 2 млрд тг бөлінеді деп жоспарлануда. Оның 1 млрд 700 миллион теңгесі республикалық бюджет қаражаты. Жобаға қатысу үшін otbasybank.kz сайтына тіркеліп, онда көрсетілген құжаттарды жинақтау керек. Болжам бойынша бағдарламаға 2800 атыраулық отбасы қатыса алады.…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Ақтауда екі жылдан бері газсыз отырған тұрғындар шу шығарды. Мердігер мекеме пәтер аларда газ болады деп уәде берген. Бірақ одан бері екі жыл өтсе де, халық электрпешін қолдануға мәжбүр. Шыдамы таусылғандар құрылыс компаниясының алдына барып мәселенің тезірек шешілуін талап етті. Ал үйді салған компания 10 қабаттан жоғары нысандарға газ құбыры тартылмайды деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, үйді салып жатқанда құрылыс компаниясы құбыр жүргізіп, тұрғындар толық қоныстанған соң газ беріледі деп сендірген. Алайда берген уәдесін сол күйі орындамаған.  «Біздің үйге газ құбырын қондырды. Кәдімгідей үйдің ішінде, пәтердің ішінде бәрі тұр. Басында 70-80 пайыз қоныстану керек деген. Қазір 100…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан  — Ресей қалаларында Украинаның шабуылына қарсы наразылық акциялары өтті. Олардың көпшілігінде адам саны аз, бірақ кейбір қалаларда, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте жүздеген адам ұсталды. Билік ресейліктер наразылық білдірмеуі керек деп мәлімдеп отыр. Күндіз Ресейдің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Иркутск, Омбы, Астрахань, Тольятти, Саратов және Владивостокта жалғыз адамдық пикеттер өтті. Кешке қарай наразылық білдірушілер Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі стихиялық митингілерге жинала бастады. Полиция оларды ұстай бастады. Жалпы, ел бойынша құқық қорғаушылар бір жарым мыңнан астам адамды ұстады. Ресейдің Тергеу комитеті санкцияланбаған акциялардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартуға уәде берді. Мәскеу прокуратурасы келісілмеген акцияларға қатысудың жағымсыз…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Ақтау қаласының тұрғындары 7А ықшам ауданында орналасқан кафе аумағының теңізге қарай кеңейіп бара жатқанына қарсы шықты. Қазір олар 5 м кеңейтті, ертең 10 м кеңейтеді. 100 метрден кем су қорғау жолағында құрылыс жұмыстарын жүргізуге кім рұқсат еткен? Қандай Заң негізінде? Біздер бірнеше рет осы мәселені көтердік, құрылысты тоқтатуды сұрадық. Бірақ, Экологиялық кодекске қарамастан, кафелер де, басқа ғимараттар да жайық жағасына салынып жатыр, — дейді Галина есімді қала тұрғыны. Ал, әкімдік мамандары болса құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жер телімі де жеке меншік ретінде тіркелген дейді. Кафе ғимаратынан бастап теңізге дейінгі 5 м жер де жеке меншік ретінде…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Атырауда 5000-нан астам психотроптық дәрі тәркіленді. Заңсыз айналымдағы дәрілерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. «Дәрмек» іс-шарасы кезінде ҚР ӘҚБтК-нің  426-бабымен, яғни фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық қағидаларын бұзудың 3 дерегі тіркелген. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша Атырау қаласының 1973 ж.т. азаматшасы қала аумағында заңсыз 2900 дана трамадол және 76 дана трапикамид, 1985ж.т азаматша 1900 дана трамадол және 36 дана трапикамид,  1997ж.т азаматша 500 дана трамадол және 50 трапикамид дәрі-дәрмектерін сатып жүрген жерлерінен ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Жинақталған іс-құжаттар ҚР Денсаулық сақтау…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді», — делінген…

Read More