Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 ақпан  — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 3,23 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 437, 35 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433, 39 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,08 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,89 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны — 438, 48 теңге. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Ресей валютасы күрт арзандады. Бұл жағдай теңгеге де қысым көрсетті. Ресейдің…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — Маңғыстауда бір тәулікте өмірге алты ұл мен екі қыз келген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. Ең кішкентай баланың салмағы 1 950 грамды құрады, ал ең ірісі – 3150 грамм. Айта кетейік, 2021 жылы «Ана мен бала» перинаталдық орталығы егіздердің дүниеге келу көрсеткіші бойынша көш бастаған. Перзентханада бір жылда 169 егіз және үш үшем дүниеге келді.

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — 2022 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 27 млрд теңгеге орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 49 100 теңгені (4 бала), 61 383 теңгені (5 бала), 73 666 (6 бала) теңгені, 85 948 теңгені (7 бала), 8 балаға – 98 016 теңгені, 9 балаға – 110 268…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — «Қашаған» кен орнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кенорнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді. Аталған кен орны Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кен орны 2000 жылғы 30 маусымда «Восток-1» ұңғымасымен ашылды. Бұл соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен саналады. Кен орнын өнеркәсіптік өндіру үшін жасанды аралдар тұрғызылған. Ал, мұнай өндіру 2013 жылғы 11 қыркүйекте басталды. Кен орнын Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы игеріп жатыр. Солтүстік Каспий жобасы үшін күкіртті газды өңдеу, сонымен қатар, күкірт өндіру процесін қауіпсіз…

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты кеше, 21 ақпанда тіркелген. «Сағат 14:50 шамасында «Атырау-Орал» тас жолының 35-шақырымында екі көлік соқтығысты. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ-11183» автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші жолдағы арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «DAF FT XF 105» жүк көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі Өзбекстан Республикасында тіркелген. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, 2021 жылғы бала ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — Бүгін Үкімет отырысан кейін журналистермен сұхбаттасқан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донбасс халық республикасы мен Луганск халық республикасын Қазақстан мойындай ма деген сұраққа жауап берді. Мұхтар Тілеуберді бұл мәселеге қатысты өте жақын арада Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырыс өткізетінін хабарлады. «Қазір жағдай шиеленісіп барады. Ал, Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр. Бізде ол мемлекеттерді мойындау туралы сұрақ тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негізін және БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз», — деді ол. Ал, Қазақстан Ресей мен Украина шекарасына әскер жібере ме деген сұраққа Сыртқы істер министрі қысқа жауап берді. «Біріншіден, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Ол Қазақстан мүше мемлекет.…

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды. Осыған дейін, 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сыртқа алып кетуге шектеу қойылған болатын. «2022 жылдың 28 қаңтарында өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге осы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімге сандық шектеуді…

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл туралы кеше, 21 ақпанда сағат 20:20-да хабар түскен. «Ағайынды екі жігіт «КамАЗ» жүк көлігімен Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 80 шақырым жердегі Мұнайлы кен орнына баруды көздеген. Олар 20 ақпан күні сағат 12:00-де жүк көлігіне шөп тиеп, жолға шыққан. Содан кейін олардан еш хабар болмаған. Ағайынды жігіттердің бірінің жасы – 33-те, екіншісі – 31 жаста», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жоғалған жігіттерді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 қызметкер, жедел-құтқару жасағынан 1 қызметкері мен 1 «Трэкол» көлігі, аудандық полиция бөлімінің 1…

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам 5 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды.  Оқыс оқиға бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында болған. «Атырау қаласының «СМП-163» шағын ауданында орналасқан №7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да. Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт болды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Read More

CaspianLife, 22 ақпан  — Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентімен ересектердің 82,1%-ы егілді, бұл жалпы халықтың 53,4%-ын құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. «Екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 78,5%-ы және республиканың жалпы халқының 49,9%-ы. Қазіргі кезде негізгі профилактика шараларының бірі – ревакцинация. Биыл ревакцинация деңгейінің өсуі байқалады, бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды», – дейді министр. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, ревакцинациялау көрсеткіші Нұр-Сұлтан және Атырау облысында төмен.

Read More