Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 ақпан  — Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов мәлім етті. Қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған. Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов  және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ аңшы мылтығы мен спорттық мылтық жасырылған. Баспасөз қызметі басшысының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары Детектив есімді қызметтік ит көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты үш деректі анықтаған.

Read More

CaspianLife, 20 ақпан  —  Оқиға 19 акпан сағат 21.17-де Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округінде болған. Осындағы балық аулау және қабылдау цехына қарасты Қиғаш өзенің жағасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Қиғаш — 2» теплоходының 3×7м болатын алдыңғы бөлігінде өрт шыққан. Өрт сағат 22.33-те оқшауланып, сағат 22.41-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің дәнекерлеу кезінде ағаш материалына шоқтың түсуі себебінен шыққан. Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ 7-ӨСБ 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Read More

CaspianLife, 19 ақпан  — Бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова бірден екі қаулыға қол қойды, онда «көк» статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды. 19 ақпаннан бастап келесі шектеулер күшіне енеді: Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақтағы көп адам жиналатын орындарға — СОО, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караоке, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға, сауықтыру және діни объектілерге, ойын клубтарына, казиноларға барған кезде, сондай-ақ үй-жайларды 70 пайызға дейін толтырған кезде салтанатты, естелік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға шектеулер алынды. Қызметтің барлық түрі үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынды. Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан  — Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазалайын деген ер адам бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды. Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған. БАҚ мәліметінше, ер адам балалары сабақ оқымай, үй жұмысын істемей жатқанына ашуланған. Ол үйіндегі Интернетті өшіру үшін арнайы құрал сатып алған. Алайда ол құрал тек үйіндегі емес, бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп тастаған. Тұрғындар шағымдана бастағаннан кейін мамандар Интернет неліктен бұғатталғанын тексере бастаған. Франция заңы бойынша ер адам орнатқан құрылғыларға тыйым салынған. Сондықтан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол алты айға қамауға алынып, 30 мың еуро (шамамен 34 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуі мүмкін.

Read More

CaspianLife, 19 ақпан  — Атырауда көпбалалы келіншекті өлтірді деп айыпталған танысы 10 жылға темір торға қамалды. Жеті баланы жетім еткен 25 жастағы жігіт қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім кесті. Тергеу барысында марқұмның денесіне жиналмалы пышақпен 8 жерден ауыр жарақат салынғаны анықталды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот үкімін тыңдауға айыпталушының ғана туыстары келді. Жәбірленуші тарап онлайн қатысты. «Сотталушы жәбірленушіні қасақана өлтіргені толықтай дәлелін тапты. Сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өз еркімен кінәсін мойындап, полиция бөліміне келген. Және қылмыс қаруын өзі тауып берген. Өзі ұсынған. Қылмыстың ашылуына белсенді атсалысқан», — деді Атырау…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан  — Атырауда 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шетелдік Атырауға ақпан айының басында келген. «Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 1987 жылғы азаматын ұстады. Халықаралық іздеудегі күдікті Ішкі істер министрлігінің тұрақты мониторинг жүргізілетін көші-қон ақпараттық базасы арқылы анықталған. Өзбекстандыққа 2011 жылы Ресей Федерациясы федеральдық қауіпсіздік қызметі РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігімен іздеу жариялаған», -дейді Нұрхат Оразбаев.

Read More

CaspianLife, 18 ақпан  —  Қазақстан аумағында бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді. Кеше, 17 ақпанда премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады. Бизнес үшін: Ashyq бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70 пайызға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі: (азық-түлік емес), сауда…

Read More

CaspianLife, 18 ақпан  — 17 ақпан күні сағат 03:58 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласы Сәтпаев көшесінен Lada X-ray көлігін тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 17 жастағы кәмелет жасқа толмаған жасөспірім екендігі анықталған. Одан бөлек, жасөспірімнен алкогольдік ішімдіктің иісі сезілген соң, медициналық сараптамаға жеткізіліп, сараптама қорытындысына сәйкес оның «жеңіл дәрежелі» масаң күйде екендігі белгілі болған. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жасөспірімге қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бер) және ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігіне (Әкімшілік қамаққа алу) сәйкес әкімшілік…

Read More

CaspianLife, 18 ақпан  — Атырауда ерекше балалар үшін айрықша жоба іске қосылды. Қазір олар жылыжайда гүл мен көкөніс өсіреді. Былтырғы желтоқсанда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанынан жылыжай ашылды. Жылыжайда гүл мен көкөніс түрлерін өсіруге арналған. «Біздің орталықта тәрбиеленетін ерекше қажеттілігі бар балалар гүлдер мен көкөністерді өсіруді қолға алды. Осылайша, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, ұсақ моториканы дамытып, қоғамға бейімделуіне көмек бере бастадық. Жақында балалар өздері өсірген қиярдың алғашқы өнімін жинап үлгерді», -дейді орталық директоры Анар Аюпова. Қазір орталықта 78 бала емделіп жатыр. Орталықта шағын асхана бар. Асханада балалар салаттың түр-түрін дайындайды. «Жылыжай мен бақшадан алынған өнімдерді сатылымға шығаруымыз мүмкін. Бұл балалардың…

Read More

CaspianLife, 18 ақпан  — Кәсіп иесі атанғандардың әрқайсысы «Еңбек» бағдарламасы аясында 583 мың 400 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Грант иегерлерінің барлығы да «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша арнайы курстарда оқыған. Кейін олар бизнес жоспарларын жасап, жобаларын сәтті қорғап шыққан. Олардың дені нан, кондитерлік өнімдер, тұшпара цехы, сондай ақ, сұлулық салоны, массаж жасау бағыттарында сервистік қызмет көрсетуде. Кәсібін жаңа бастағандар қатарында мал шаруашылығы бағыттары бойынша да еңбек етіп жатқандары бар. Атырау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тарапынан грант иелерінің жұмысына әрдайым мониторинг жасалуда. Грант иесі кәсіп ашуға берілген қаражатты мақсатсыз жұмсаған жағдайда, қаржыны сот арқылы қайтаруға мәжбүр болады. Былтыр грантты…

Read More