CaspianLife, 16 ақпан — Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, күдікке ілінген ер адам синтетикалық есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап келген. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген іс-шара кезінде тыйым салынған синтетикалық есірткіні сақтаған күдікті ұсталды. Күдіктінің өзі тұрған жалдамалы пәтерден есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары 907,12 грамм марихуана, 51,12 грамм гашиш екені дәлелденді», -дейді Нұрхат Оразбаев. Қазір құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтағаны үшін 1976 жылғы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 ақпан — Қазақстанда спорт ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтты. Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу институты болуы спорттағы жетістіктерді дамытуға көмектеседі. «Ұлттық Олимпиада комитеті спорттық медицинада оң жұмыстар атқарды. Медициналық орталықтар құрдық, заманауи жабдықтар сатып алдық, жан-жақты ғылыми топ мамандарын оқытуға тырысып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Өкінішке қарай, бізде ғылыми-зерттеу институты жоқ. Бұл бұқаралық спорт үшін де, жетістікке жету үшін де қажет. Мұндай ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі қазір де бар. Спорт ғылымы біздің жаттықтырушыларымызға көмектесу үшін жұмыс істеуі керек. Жаттықтырушылар ақпарат табуға тырысады, үйренеді, бірақ оны жүйелі түрде жүргізу керек. Барлық Олимпиада…
CaspianLife, 16 ақпан — Ақтауда металл іздеушілер зиратты тонап кеткен. Қала тұрғындарының айтуынша, зират қоршаулары үнемі жоғалып кетеді әрі тонаушылар бірден бірнеше данасын әкетеді. Жұрт осы мәселеге байланысты шенеуніктерге жүгінді. Билік бұл мәселені білетін болып шықты, бірақ әлі шеше алмай отыр. Ақтау тұрғыны Елизавета Степановна анасының қабіріне келіп, бірнеше қабірде қоршау жоқ екенін байқаған. Әйелдің айтуынша, тонаушылар зираттың периметрі бойынша бұзады, сонда ғана металды қоршаудан оңай лақтыруға болады. «Зират герметикалық жағынан жабылуы керек. Бұл жағдай бұрын да болған, тіпті ескерткіштерді де әкеткен. Бірақ ол кезде бір-бірден еді, қазір жаппай солай», — дейді әйел. Шенеуніктер үш зиратта металл қоршаулар ұрланғанын айтты.…
CaspianLife, 15 ақпан — Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің туған қызына бір жыл бойы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған педофил-әкеге қатысты үкім шықты. Сондай-ақ ер адамның қару-жарақтарды үйінде заңсыз сақтағаны анықталды. Айыпталушының кінәсі куәгерлер мен зардап шегушінің түсініктемелері, экспертиза нәтижесі мен видеожазба негізінде толықтай дәлелденді, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот үкіміне сәйкес ер адам ҚР ҚК 124 бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) және ҚР ҚК 287 бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды. 15 жылға бас бостандығынан айырылған қылмыскер кінәсін…
CaspianLife, 15 ақпан — Жаңаөзендегі әкімдік алдында ақпанның 1-нен бері жұмыс талап етіп тұрған қала тұрғындары бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма бастығы Алик Айдарбаевқа, Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа тағы видеоүндеу жолдады. Бұл жолы олар мұнай-газ саласына жұмысқа алуға жарияланған мораторий күшін жоюды талап етті. 2022 жылдан бастап мораторий жойылсын! «Өзенмұнайгаз» штаты кеңейтіліп, оған қызмет көрсететін компанияларға жұмыссыздар жұмысқа алынсын! Мұнай-газ өндіретін жаңа жұмыс орындары ашылсын. Біз, Жаңаөзен қаласының жұмыссыз халқы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан осы өңірге келіп мәселемізді тезірек шешіп беруін талап етеміз, — деді ереуілшілердің өкілі. Дүйсенбіде «Өзенмұнайгаз» компаниясына қызмет көрсететін FTC WIN мекемесінің жұмысшылары…
CaspianLife, 15 ақпан — Аренда ақысын субсидиялауға өтініштер осы жылдың 5 сәуірінен бастап қабылданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022 жылғы 1 мамырда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Өтінім қабылдауға арналған цифрлық платформаның тестілік нұсқасы 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосылмақ. «Өтінімдерді 5 сәуірден бастап қабылдауды жоспарлап отырмыз», — деді Өскенбаев үкімет отырысында. Азаматтар платформада өтінімді Электондық цифрлық қолтаңба арқылы береді. Өтінім берушінің бағдарлама шарттарына сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі. Деректерді тексеру мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграциялау жолымен жүзеге асырылады. Аренда төлемін субсидиялау 2022 жылы мамырда пәтер жалдау төлемін субсидиялаудың…
CaspianLife, 15 ақпан — Қазақстанда ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемесі қабылданады. Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы — «Жасыл Даму» АҚ-қа берілгенін еске салды. «Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП алаңында күн сайын утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, — деді министр. Ол 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кабель және сым өнімдерін кәдеге жарату төлемдерін…
CaspianLife, 15 ақпан — Жаңаөзен қаласында жұмыссыз тұрғындарды еңбекпен қамту бойынша облыстық комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазір шаһарда 3 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Үйде анам пенсионер. Сол пенсиямен күн көріп отырмыз. Маған мұнай саласынан жұмыс керек. Мен де ел қатарлы жұмыс істегім келеді, — дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ерболат Бөлтеков. Естеріңізге сала кетейік, жаңаөзендіктер биліктен жұмыс талап етіп, 10 күннен бері бейбіт шеруде тұр. Осыған байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен комиссия құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» және «Өзенмұнайгаз» компанияларының өкілдері кірді. Олар бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Нәтижесінде жұмыссыз…
CaspianLife, 15 ақпан — Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды, екі адам ұсталды. Оның өлгенге дейін немесе одан кейін бөлшектелгені әзірге белгісіз. Алайда прокурордың айтуынша, оны ұзақ уақыт бойы азаптап, қатыгездікпен өлтірген. «Екі сөмкенің ішінен адамның сүйегі табылды, ол Қазақстан азаматына тиесілі», — деді прокурор. Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Ер адамдар қазақстандық тұрған үйде бөлме жалдап тұрған екен. Прокуратураның мәліметінше, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушіден қарызын төлеткізу үшін келген.
CaspianLife, 15 ақпан — Жергіліктендіру деңгейін арттыру үшін автокомпоненттерді өндіру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Үкімет отырысында ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев отандық кәсіпорындардың автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін жергіліктендіру туралы уағдаластықтарды орындауына қатысты тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Сарапшылар Алматы, Қостанай және Орал қалаларындағы 3 зауытты аралады. Бұдан басқа, шағын торапты құрастыру және компоненттерді (айналардың корпустары, бамперлер, доңғалақ дискілері, шиналар және т.б.) өндіру бойынша міндеттемелерге баса назар аудару үшін өнеркәсіптік жинау туралы барлық келісімге талдау жүргізетінін хабарлады. Басқаша айтқанда, преференцияларды алушы зауыттарға жиналатын техниканы Қазақстанда шығарылған бөлшектермен құрастыруды міндеттейді. Ол үшін жаңа өндірістер құру, мүмкін тәжірибелі шетелдік компаниялардың қатысуымен пысықтау…
