CaspianLife, 15 ақпан — Атырау облысында жанармай таситын көліктің 27 жастағы жүргізушісі жоғалып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Урал» көлігінің жүргізушісі 12 ақпанда кен орнына бару үшін жолға шығып кеткен. «Бірақ, Атырау қаласынан жолға шыққан жүргізушінің Мақат ауданындағы «Қаратал» кен орнына жетпегені анықталып отыр. Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 14 ақпанда сағат 01:30-да хабар түсті. Көлік жүргізушісінің жасы – 27-де. Ол «Арна» ЖШС-де жанармай таситын «Урал» көлігін жүргізуші болып жұмыс істейді. Оны іздестіру жұмыстары бүгін, 14 ақпанда түнде басталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жоғалған жүргізушіні іздестіруге түнде №8 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкері мен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 ақпан — «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 15 ақпан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Ақтау мен Атырау қалаларында ғана ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
CaspianLife, 14 ақпан — «Қазгидромет» 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің солтүстік аймақтарында күн ашылғанымен, түнгі уақытта төменгі температура сақталады. 15 және 16 ақпанға қараған түні термометр бағандары 18-23 градус, ал кей аймақтарда 27 градус аязды көрсетеді. Шығыс және оңтүстік-шығыста антициклон ығысуы салдарынан 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градусқа, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін төмендейді. Фото: Tengrinews.kz
CaspianLife, 14 ақпан — Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг жасау ісін жолға қойған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша қаражатын шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған. Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірлесіп, қолма-қол валютаны…
CaspianLife, 14 ақпан — Қазақстан бойынша табиғи газбен жабдықтау көлемі 58%-ды құрайды. Республика бойынша сұйытылған газ бағасы 50-70 теңге аралығында. Баға облыстардың алшақтығына байланысты бекітіледі. Мысалы, Маңғыстау облысында 50 теңге, ал алыс облыстарда баға 75 теңгеден аспауы тиіс. «Болашақта тұтынушылардың көлемі өстетін болса, бізге газ қажет болады. Қазір «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, жаңа газ зауыты салынады деген жоспар бар. Келер жылы іске қосылады. Қазір газдың 50 теңге деп бекітілген бағасы өте төмен. Бұл ретте, тұтынушылар мен қатар, газ өңдейтін зауыттардың экономикалық тиімділігін ойлау керек. Бағаны көтермес үшін арнайы ережелер дайындап жатырмыз. Бекітілген бағадан…
CaspianLife, 14 ақпан — Білім және ғылым министрінің ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу тәртібіне өзгеріс енгізетін бұйрығы шықты. Атап айтқанда, өзгерістер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру мерзімдеріне және ҰБТ өткізу мерзімдеріне қатысты. Тестілеуге алып жүруге тыйым салынған заттар мен құрылғылардың тізімі кеңейтілді. Бұл мобильді байланыс құралдары (ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), смартфондар, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт-сағат, сымды құлаққаптар, сымсыз, микро-құлақаспаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құралдары және басқа ақпарат алмасу құрылғылары. Тестілеуді бастау үшін талапкерге: Тестілеу жүйесіне кіру үшін логин мен парольді көрсету; Компьютерде орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік…
CaspianLife, 14 ақпан — 12 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысын үдемелі индустриялды дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы инвестициялық жоба қаралды. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкер теңіз айлағы бар кеме жасау және кеме жөндеу зауытының құрылысын жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорын 2025 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Нысан Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының аумағында салынады. Қазір көлемі жоғары тоннаж кемелері бар азаматтар жөндеу жұмыстарын Ресей, Әзірбайжан, Иран сияқты көршілес Каспий маңы елдерінде жүргізуге мәжбүр. Сондықтан біз аталған қызметті Маңғыстауда іске асырып, өңірдің бюджетін толықтыру мақсатында осы жұмысты қолға алғымыз келеді. Жоба аясында жылына…
CaspianLife, 14 ақпан — Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 32 жасар әйел Қарағанды қаласынан есірткі тасымалдау мақсатымен арнайы келген. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 ақпанда «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы кезінде 1990 жылғы күдіктіні ұстады. Күдіктінің өзі мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты, есірткі дайындауға арналған құралдар табылып, тәркіленді. Ал, тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі затын көрсетті. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысқан әйел синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағанды қаласынан Атырауға арнайы келген», -деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық…
CaspianLife, 14 ақпан — 13 қаңтар күні сағат 16.50-лер шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 5 шақырым жерде, Аққора елді мекеніне бара жатқан жеңіл автокөлік қарға батып қалған. Автокөлік ішінде 3 адам: 1986ж.т. ер адам, 1990ж.т. әйел адам, сондай-ақ 2021ж.т.бала болған. Шақыру орнына 10-ӨСБ және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жедел жетіп, отбасын эвакуациялап, автокөлікті қардан шығарып, Аққора ауылына жеткізді. Отбасы медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару операциясына 10-ӨСБ 2 қызметкері, Жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері және 1 бірлік техника Урал-вахтовка жұмылдырылды. Атырау облысы ТЖД азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды! Жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық…
CaspianLife, 14 ақпан — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бастаманы іске асыру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл сайын жоба 5 мың адамды қамтиды деп күтілуде. Қазіргі уақытта «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні (бұдан әрі – НҚА) әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. НҚА-да жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар көзделетін болады. Осылайша,…
