CaspianLife, 14 ақпан — Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, перзентханаларда жүктілікті есепке алу қызметіне бағаны заңсыз өсіру дерегі анықталған. «Перзентхана қызметкерлері шығындарға заңнамамен алынып тасталған қызметтердің басқа да шығындарды негізсіз есептеген. Қалалық прокуратура қызметкерлері баға көрсеткішінің заңсыз өсіру тәжірибесін тоқтатты. Қазір бұл қызметтердің құны облыстық перинаталдық орталықта 175 000 теңгеден 130 000 теңгеге, қалалық перзентханада 125 000 теңгеден 109 500 теңгеге дейін төмендетілді», -дейді Аршат Тайтуллин.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 ақпан — Көлік полицейлері Маңғыстау облысында екі баланы өрттен құтқарды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 қаңтар күні Маңғыстау ауылында болды. Станциядан алыс емес жерде екі қабатты үйді жалын ораған. Өрт екінші қабаттағы пәтерден басталған. Қара түтін дәлізді басып кеткендіктен, адамдар, соның ішінде балалар өздігінен шыға алмаған. Өртті көрген көліктегі полиция бөлімінің алты қызметкері шұғыл жетіп, адамдарды шығарып, өртті сөндіре бастаған. Осы кезде олар пәтерлердің бірінен ересектердің қарауынсыз қалған балаларды байқаған. Полиция қызметкерлері балалар мен ересектерді сыртқа шығарып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.
CaspianLife, 12 ақпан — Эко-белсенді Сәкен Ділдахметтің айтуынша, құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі. «Қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, оларда сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Оның ішінде Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді. Талдыкөлге келсек, мамандардың мәлімдеуінше, мұнда кіші және үлкен 100-ден астам құс мекендейді. Оның қатарында қоқиқаз, аққу, қаз, үйрек, шағала, бірқазан және тағы басқа құстар бар.…
CaspianLife, 12 ақпан — Оқиға 11 ақпанда Атырау қаласының Панфилов көшесінің бойында болған. «Nissan Teana» маркалы автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігінің өртеніп, панелі бүлінген. Өрт сағат 18.08-де оқшауланып, сағат 18.13-те түгелдей жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің тоқ желісінің қысқаша тұйықталуы себебінен шыққан. Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ 1-МӨСБ 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
CaspianLife, 11 ақпан — Атырауда экономикалық тергеу департаменті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудинді қамауға алды. Аталған фактіні ведомствоның баспасөз қызметі растады. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қызметін 2021 жылдың 1 сәуірінде бастаған. қаржы басқармасына басшылық еткен. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жағдайдың медицина ведомствосына қатысы жоқ. Шенеуніктің бұрын облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Оған ҚР ҚК-нің уақытша бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін жазаны көздейтін бабы бойынша айып тағылады.
CaspianLife, 11 ақпан — Атыраудағы «Нефтестройсервис» компаниясының 40-тан астам жұмысшысы жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап етті. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін олардың айтуынша, айына бар жоғы 220 мың теңге айлық алады. Сол табыспен 60 күн жан бағуға тырысады. Көтереміз, көтереміз дейді көтермейді. Нарық күннен күнге өсіп жатыр жетпейді.Бір қап ұнымыз 10 мың теңге. Үйге бірдеме апарғымыз келеді.Апара алмаймыз. Неге? Айлық жетпейді. Кетуге жолымызға ақшаны әрең табамыз, — дейді “Нефтестройсервис ЛТД” ЖШС қызметкері Тоқтар Бақбергенұлы Трубомонтажда сағатына біздер 750 теңге. Түсіп кетпесе, көбейіп жатқан жоқ. Қазақтың жігіттері кішкентай зарплатқа күн көрінеді. Украинадан келген инностранстар бар. Біз істеп жатқан жұмысты оларда істейді. Әділдік…
CaspianLife, 11 ақпан — Маңғыстауда ұжымдардың наразылықтары бітер емес. Бұл жолы жолсеріктер еңбекақыларының 100% ға көтеруді талап етіп бейбіт шеруге шықты. Олар «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ қарамағында жүргенде қомақты айлық алғанымен, кейін «Сарыарқа компани» жеке компаниясына өткен соң жалақыға жарымай қалғандарын айтады. Бар жігіттер жұмыс жасап жатқан «Өзен Болашақ», «Бейнеу-Тассай», «Бейнеу-Қарақалпакия» деген сол жігіттердің окладтары 188 мың теңге. Біздікі 85 мың теңге болды, январьда 10 пайыз көтерді, 92 мың болды. Екі есе көп. Ештеңеге жетпейді. Бос уақытта таксовать етемін. Себебі бала шаға асырау керек, — дейді Sary-Arka Company ЖШС жолсерігі Асылбек Сейітқалиев Қосымша жұмысым жоқ. Осы айлықпен күнелтіп отырмын. Бала шағам көп,…
CaspianLife, 11 ақпан — Атырауда кафе ішіндегі жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. 4 ақпан күні сағат 01:30 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінің ішінінде 37 және 41 жастағы екі қала тұрғыны өзара келіспей, төбелесіп қалады. 41 жастағы ер адам 37 жастағы азаматтың ішінен және кеудесінен үшкір затпен жарақат салған. Оқиға салдарынан ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстап, одан қалта пышағы тәркіледі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
CaspianLife, 11 ақпан — Қазақстанда карантин шектеулері кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді. Нақтырақ айтсақ, азаматтар құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттерін 15 күнде бір рет кесіп өте алатын болды. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша, енді қазақстандықтарға құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттері арқылы шекарадан 15 тәулікте бір рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өтуге рұқсат етілген. Бұл ереже Қазақстанның мына азаматтарына қолданылмайды: — елдің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары және балалары); — шет мемлекеттердің шақыруы және Қазақстан Үкіметінің келісімі бойынша шетелге жіберілетін ҚР ресми делегацияларының мүшелері; — шет мемлекеттердің аумағында орналасқан…
CaspianLife, 11 ақпан — «Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды»,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Осы жылғы 9 ақпанда елордада «Сарыарқа» аренасында ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогының қорытынды матчтары өтті. Спорттық сайысқа 5 команда қатысты. Атырау облысының командасы 4 ойын ойнады. Бірінші ойында «Атырау барыстары» Ақтау қаласының «Каспий» командасына қарсы шығып, 86-60 есебімен жеңіске жетті. Қостанай қаласының «Тобыл» командасына қарсы келесі ойын Атырау облысының командасына жеңіс әкелді, ойынның есебі 81-64. Үшінші ойында жерлестеріміз «Ақтөбе» командасына қарсы ойнап, 77-52 есебімен жеңіске жетті. «Астана» Президенттік клубының командасына қарсы финалдық және қорытынды ойын «Атырау барыстары» командасының пайдасына 70-66 есебімен аяқталды. «Атырау…
