«Атырау барыстары» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Атырау барыстары» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

11.02.2022
Жаңалықтар, Спорт
0
«Атырау барыстары»  Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

CaspianLife, 11 ақпан  — «Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды»,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Осы жылғы 9 ақпанда елордада «Сарыарқа» аренасында ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогының қорытынды матчтары өтті. Спорттық сайысқа 5 команда қатысты. Атырау облысының командасы 4 ойын ойнады.

Бірінші ойында «Атырау барыстары» Ақтау қаласының «Каспий» командасына қарсы шығып, 86-60 есебімен жеңіске жетті. Қостанай қаласының «Тобыл» командасына қарсы келесі ойын Атырау облысының командасына жеңіс әкелді, ойынның есебі 81-64. Үшінші ойында жерлестеріміз «Ақтөбе» командасына қарсы ойнап, 77-52 есебімен жеңіске жетті. «Астана» Президенттік клубының командасына қарсы финалдық және қорытынды ойын «Атырау барыстары» командасының пайдасына 70-66 есебімен аяқталды.

«Атырау баскетболының ойыншылары бас бапкер Гекчян Тигранның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелерінен құралған «Астана» командасын ойсырата ұтты. Команда соңғы рет 2009 жылы кубок иегері атанған болатын»,-дейді баскетбол клубының директоры Болат Мұхамбетқалиев.

Сондай-ақ, клуб директоры команда биыл 15-20 наурыз аралығында Ереван қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастығы елдерінің чемпионатында және Қазақстан Республикасының 2021-2022 маусымдағы тұрақты чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Додада команда ойыншылары Рустам Өтеген 24 ұпай, Владимир Иванов 10 ұпай, Әділхан Марат 14 ұпай жинады.

Айта кету керек, 2003 жылы негізі құрылған «Атырау барыстары» баскетбол командасы 2 дүркін Қазақстан чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және Қазақтан кубогінің иегері атанды.

Тегтер: Caspianатырауатырау барыстарыатырау жаңалықтарыбаскетболҚазақстан кубогі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz