Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 ақпан  — 103 монополист субъектілерінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіне түзетілді. Белгілі болғандай Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) тарифтерді көтеруге мораторий енгізді. ТМРК халық үшін тарифтерді 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде 180 күн мерзімге ұстап тұру бойынша тиісті жұмыс жүргізді. «Осылайша, 103 монополист субъектілерінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіне түзетілді. Қабылданған шаралар мораторий қолданылған кезеңде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл халықтың табысына оң әсер етеді», — делінген ведомство хабарламасында. Оның барысында шамамен 3,2…

Read More

CaspianLife, 10 ақпан  — Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды деп жазады журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында. Алайда, артынша кепілмен үшеуін де босатып жіберген. Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін. «Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», — деп жазды М.Козачков. Еске салайық, бұған дейін аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Ақтауда Шыны талшықты құбырлар зауытының жұмысшылары бейбіт шеруге шығып, екі күннен бері өндіріс аумағында түнеп жүр. Олар жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етуде. Жалақыдан бөлек емдеу-сауықтыру ақысы мен тоқсандық сыйақы да беріліп, ұжымдық келісімшарт жасалсын дейді. Бұл «Маңғыстау Мұнай Газ» акционерлік қоғамының құрамында болған мекеме. Соны 2009 жылы жекеменшікке өткізіп жіберді. Жұмыс жасайтындарды еріксіз, заң бұзумен қол қойдырып. одан кейін айлық көтерілмей осылай қалып қойды, — дейді жұмысшы Серғали Кекешов. Біз үйімізге бармастан осы жерде жатырмыз. Үйге барғанда не деп барасың? Кеше түскен 80 мың айлыққа бала не алып берем айтшы? Не алып берем мен 80…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 25 720 жұмыс орындары ашылған. Оның ішінде 14 468 тұрақты жұмыс орны бар. Ал, уақытша жұмыс орны – 11 252. «Былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарымен 33 098 адам қамтылып, бөлінген қаражаттар толығымен игерілді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 513 адам қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберілді. Кәсіпке баулитын оқыту курсын 1 393 адам бітірді. Ал, 856 адам жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек 128 адам мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашты. Екінші бағыт шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 1 128 адам жіберіліп, оның 1 071-і оқуын…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Атырау облысында газ желісіне қатысты монополияға қарсы тергеу басталды. «Қазақстан жанармай қауымдастығы 1» бірлестігінің өтініші негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС газ желісі ұйымына қатысты тергеу бастады. Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижесі бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС Атырау облысының географиялық шекарасында сұйытылған мұнай газын қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті аталған газ желісі ұйымының қызметіне тексеру жүргізді және оған өңірдің монополияға қарсы департаментінің…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  —  9 ақпанда Жаңаөзенде «Бұрғылау» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар басшылыққа 10-нан астам талап қойып отыр. Негізгісі – еңбекақыны төлеу жүйесін дұрыс жолға қою, еңбек жағдайын жақсарту. Бұл Жаңаөзенде ереуілге шыққан үшінші мекеме. «Бұрғылау бойынша толық жұмыс тоқтатылып тұр» деді жұмысшылардың бірі Бауыржан Әбубәкіров Оның сөзіне қарағанда, жұмысшылар ереуіл жасап жатқан орын – автокөлік бекетіне 400-500 шақты адам жиналған. «Компанияда барлығы 2 мың адам жұмыс істейді. Төрт вахта. Бір вахтасы тұтас шыққан. Әлі де біраз адамдар қосылады деп ойлаймын» деді ол. Жұмысшылардың айтуынша, сәрсенбі күні компания директоры Дүйсенбай Таушаев мен мекеме заңгері жиналғандарға келіп, жұмысқа шығуға көндіруге…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  —  8 ақпан кешкі сағат 10 жарымдар шамасында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында көп балалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар адамдар облыс әкімдігіне барып, баспана мәселесін шешуді талап етті. Олар әкімдіктің фойесіне кіріп, әкімнің шығуын талап етті. Бірақ әкімдіктен ешкім шықпаған. Бұдан соң наразылар өздеріне биліктің назарын аударту үшін әкімдік жанындағы орталық көшелердің бірін жапқан. Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған әйелдің жолды жауып тұрғаны, көліктердің сигнал беріп жатқаны көрінеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген. Куәгерлердің Азаттыққа айтуынша, полиция жолды ашуға тырысып, аналар мен полиция біраз текетіресіп қалған. Бір қарт әженің жүрегі ұстап, құлап қалған. Оған…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Қазақстандық есепшілер мен бухгалтерлік ұйымдарға табысты жылыстату фактісіне тексеру жүргізілетіні туралы ескерту жасалды. Мұндай ескертуді Қаржы мониторингі агенттігі Telegram каналында хабарлады.  Бухгалтерлік ұйымдар қаржылық мониторингке жататын ақшамен және мүлікпен операциялар бойынша қызмет көрсетеді. Ведомствоның мәліметінше, олардың клиенттерінің жеке операциялары қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға байланысты болуы мүмкін. «Осыған байланысты бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторинг субъектілерінің тізіміне енгізілген және барлық күдікті және шекті операциялар туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндетті», — делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, жекелеген қаржылық мониторинг субъектілерінің кірістерін жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға…

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Қазақстанда жастар мен әлеуметтік осал топтарға берілетін гранттың көлемі ұлғайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады. Осының аясында 2016 жылғы бұйрыққа енгізілетін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған грант көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген. Грант жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы барлығы 20 мың адамға грант беру жоспарланып отыр.

Read More

CaspianLife, 9 ақпан  — Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов сан алуан диагнозбен түскен үш баланың қалай қайтыс болғанын айтты. «Бізде бала өлімінің үш фактісі тіркелген болатын. Бір баланы Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырған. Бірақ ол «Ана мен бала» орталығында көз жұмды», — деді Айтмұхамбетов арнайы брифингте. Оның айтуынша, астанаға ауыстырылған бала бас кезінде облыстық инфекциялық ауруханада емделген. Бірақ жағдайы нашарлап кеткеннен кейін 14 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Сол жерде 24 күн бойы емделді. Жағдайы тұрақты бола бастады. «Кейін Нұр-Сұлтаннан мамандар мен санитарлық авиация шақырылып, «Ана мен бала» орталығына жібердік. Бес күннен кейін қайтыс болды. Негізгі диагноз — өткір ішек…

Read More