CaspianLife, 8 ақпан — Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ қызы Ақнәр Адақтың көркіне ел сүйсінуде. Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сүйенсек, Ақнәр Адаққызы Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Ақнәрдің бойы — 165 см. Конькиші қыз Шыңжаң қыстық спорт түрлерін басқару орталығының атынан Олимпиадаға жолдама алған. Халықаралық Олимпиада комитеті бастапқыда Ақнәрдің шорт-трек бойынша жарыстарға қатысып, 2018 жылдан бері конькимен жүгіру спортына ден қойғанын жазады. Оның себебін Ақнәр Адаққызы қытайлық басылымға берген сұхбатында айтқан. «Мен өзімді үлкен қашықтықта сынап көргім келді. Мен осылайша түрлі қиындықтарға төтеп беріп, өзімді…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 8 ақпан — «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды, 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау бойынша соттылығы бар. «Олардың арасында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын. Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен…
CaspianLife, 8 ақпан — Қайта өңдеуге жіберілетін Airbus A380 ұшағы қонақүйге айналады. Мұны Airbus-тың бұрынғы инженері Фредерик Де Люс орындайды. Қонақүй Тулуза (Франция) әуежайының солтүстік бөлігінде орналасады. Әуе кемесінде 31 бөлме болады. Фюзеляжда бөлменің үш түрі ұсынылады: стандартты екі орындық, үш-төрт адамға арналған жартылай люкс және екі люкс. Люкстердің бірі A380 кабинасында, ал екіншісі ұшақтың артқы жағында баспалдақпен жалғанған екі қабатта орналасады. Сондай-ақ, қонақүй кешенінде террасасы бар 60 орындық мейрамхана болады.
CaspianLife, 8 ақпан — ІІМ қаржы пирамидаларын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ведомство бұл ұсынысты прокуратураға жолдады. Ресми емес ақпаратқа сәйкес , былтыр мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шегіп, 54 миллиард теңгесінен айырылған. Қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар ақша салып, жинағын ештеңе істемей көбейтуге жиі шақырады. Содан кейін полицияда зардап шеккендер мұқият болмай, осындай ұсыныстарға сеніп, миллиондарынан айрылғанын айтады. Бірақ қазір қаржы пирамидасының жарнамасы үшін жұлдыздарға қауіп төнбейді. Сондай-ақ, қаржы пирамидасы бойынша алаяқтардың қатарына енгендердің саны — 126. 38 адам сотталды, қалғандары бойынша қылмыстық іс жалғасып жатыр. Олардың қатарында «Гаранта 24 Ломбард» ұйымдастырушылар бар (17 мың зардап…
CaspianLife, 8 ақпан — Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдер үшін шекарасын ашады. Тиісті шешім ВАК отырысында шығарылды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап визаны ресімдеуді қажет етпейтін 74 мемлекеттің тұрғындары елге келе алады. Осыған қарамастан, кірер алдында туристерге КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алу, сондай-ақ өз елінен тікелей рейспен ұшып шығу қажет. Сондай-ақ, вакцина алғанына қарамастан, 72 сағат ішінде жарамды COVID-19 теріс ПТР-тесті туралы анықтаманы ұсыну міндет. Бірге алып жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді. Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан…
CaspianLife, 7 ақпан — Ақтау қаласы мен оған жақын елді мекендерді су, жылу және электр қуатымен қамтып отырған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің жұмысшылары наразылыққа шықты. Ортақ талап біреу — жалақыны 100% көтеру. Монополист мекеменің басшылары тариф құнын бірнеше есе өсіруді ұмытпаса да, жұмысшыларының жалақысын көбейтуді мүлде ұмытыпты. 2014 ж бері тариф 400% көтерілді. Айлық 1%-де көтерілген жоқ. Мен 6 разряд 167 мың аламын, 3-4 разряд жігіттер бар 100-120 мың тг айлық алады, — дейді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкері Асланбек Өтебаев. Бәрі қымбатшылық. Дымға жетпейді. Былай тартсаң былай жетпейді. Бәріміздің жұмысшыларды жұмыстан шығарамыз деп қудалауда. семьямыз бар. Кредит бар пайыздары үлкен. Талапты орындамаған жұмысшыларды…
CaspianLife, 7 ақпан — Атырау қаласындағы Геолог ықшам ауданындағы «Беймахис» бау-бақша қоғамына кіретін 30 үйдің тұрғындары билік басындағылардан көшеге жол салуды талап етіп, наразылыққа шықты. Қыс-көктем бойы балшыққа батып, ал жазда шаң жұтамыз деп ашынған тұрғындар 2016 жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырып, жол салуды сұрап келетін көрінеді. 2009 дан бері тұрамын осы көшеде. Мынау қайта икеленгені. Осыған дейін біз өзіміз ақша жинап, жолды икерге келтірдік. Міне, өзіңіз көріп отырғандай, жер балшық. Балалардың мектепке баруы өте қиын. Скорый жәрдеп көлігі де келе алмайды. Қазір көлік басқаша ғой, келуі мүмкін емес. Біздер анандай жерден галош беріп, галошпен әкеліп, солай кіргізіп жүрміз. Үлкен-кішілі…
CaspianLife, 7 ақпан — Атырау облыстық балалар ауруханасында 2020 жылы — 36, 2021 жылы 48 бала көз жұмған. Қанат Жұмаділов қаңтардың 3-і күні 2 жасар қызы Айшаны оң аяғындағы 6 пайыз күйікпен ауруханаға әкеліпті. Жарақат бөліміне түскен бөбектің көңіл-күйі алғашқыда жақсы болған. Алайда 3 күннен соң оны «пневмония» деген диагнозбен жан сақтау бөліміне алып кетіпті. Кейін дәрігерлер диагнозды сан түрлі өзгерткен көрінеді. «Күйікпен барған баламды ақыр соңында «миға қан құйылған» деген диагнозбен қайтыс болды деп хабарлады — дейді қан жұтқан әке. Қызыма 1 күнде 8 системадан салып жатқан. Менің қызым бұлардың системаларын, дәрі дәрмектерін көтере алмай анафилактический шоққа түсіп, бұл…
CaspianLife, 7 ақпан — US News & World Report нұсқасы бойынша білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 ел ішінен 71-орында тұр. Ranking.kz сарапшылары білім беру саласындағы жұмыспен қамту деңгейін және мұғалімдердің жалақыларын салыстырып көрді. Сарапшылар пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Білім беру саласы бойынша рейтингте Гватемала — ең соңғы. Рейтингке қатысатын ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан Қазақстаннан алда болды. 2021 жылдың төртінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 219,2 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,2 пайызға артық. Қазақстанда орташа айлық жалақы 275,6 мың…
CaspianLife, 7 ақпан — Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің ішінде 33-орынды иеленді. Алайда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өсті. Қазақстанда ластану индексі 73,4. Индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай соғұрлым нашар болады. Ең ластанған елдер қатарына Камерун, Моңғолия және Мьянма кірген. Финляндияда ластану индексі 12,1, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіш. Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Әзірбайжандағы жағдай нашар, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусьте көрсеткіш жақсы. Былтырғы қорытынды бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 4,3 пайызға, 163,9 миллиард теңгеге дейін өсті. Салыстыру үшін: 2020 жылы сектордағы инвестициялар 157,1…
