CaspianLife, 8 ақпан — Қазақстанда барлық оқушы 14 ақпаннан бастап мектепке оралады. Мұндай шешім коронавирус инфекциясыың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Жиын кезінде мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланды. «Нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сыныптың оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді», — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның білім және ғылым министрлігі. Айта кетері, ВАК-тың бұған дейінгі отырысының қорытындысы бойынша 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап 600-ге жуық оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқытуға көшті. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен 1-4 сынып оқушылары үшін жүргізілді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 8 ақпан — Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады. Бүгін, 8 ақпанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді. Комиссияның негізгі мақсаты — бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы шешімге келу. Еске салайық, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ахуалға тоқталды. «Облыстағы ахуал расында оңай емес. Менің тапсырмам бойынша осы өңірді…
CaspianLife, 8 ақпан — Атырауда облысында жыл басынан бері 16 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Руслан Әділовтің айтуынша, қандастар Ресей Федерациясы мен Өззбекстан Республикасынан көшіп келген. «Елімізде азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі 2020 жылғы тамыз айынан бері қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес қандастар бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматтығы және тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін құжаттар мен өтінішті бере алады. Мұндай құжаттар мен өтінішті қарастыру мерзімі шамамен үш айға созылады. Биылғы жыл басынан Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан көшіп келген 16 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды», -дейді полиция полковнигі Руслан Әділов. Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының…
CaspianLife, 8 ақпан — Утилизация алымының мөлшерлемесі төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты. «Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін айтарлықтай азайту жағы қайта қаралып жатыр», — деді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы сонымен қатар, тұщы суды тұтыну көлемін реттеу және табиғи қоқыстардың көлемін азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.
CaspianLife, 8 ақпан — Маңғыстаулық көпбалалы аналардың арасында белсенділері жалдамалы пәтерлерді жеке меншікке беру талабын қойып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. «Үлескерлік мәселесі де тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда 1 мың салымшыны қамтитын 8 проблемалық тұрғын үй нысаны бар. Үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында арнайы кеңес жұмыс жасайды», — деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Нұрлан Ноғаев әкімдік тарапынан жаңа инвесторларды тарту арқылы құрылысты жандандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. «Көпбалалы аналардың белсенділері әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін шешу және жалдамалы пәтерлерді меншікке беру жөнінде талап қойып отыр. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізілуде», — деді өңір басшысы. Фото:…
CaspianLife, 8 ақпан — Маңғыстау облысындағы ахуал оңай емес. Бұл туралы Үкіметтің кеңетілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Облыстағы ахуал расында оңай емес. Менің тапсырмам бойынша осы өңірді дамытуға қатысты кешенді жоспар қабылданды. Бұл құжат биыл тағы да пысықталды. Соған сәйкес қомақты қаржы бөлу көзделген. Қаражат бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалуы тиіс. Сондықтан істі созбалаңға салмай дереу жұмысқа кірісу керек», — деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысының атап өтуінше, қабылданған шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді. «Оны ашық айту керек. Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуға тиіс. Кәсіподақ жетекшілерімен және жұмысшылары шеруге шығып…
CaspianLife, 8 ақпан — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы 2021 жылғы баға деңгейінде сақталатынын айтты. «Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады. Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», -деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ ол тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.
CaspianLife, 8 ақпан — 2021 жылы Маңғыстау облысында 62 ұжымдық еңбек дауы тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. «Жоғары тәуекелдер еңбек саласында байқалады. 2021 жылы 62 ұжымдық еңбек дауы тіркелді, оның 24-і 3 сағаттан астам жұмысты тоқтатты. Басты талаптары — жалақыны арттыру. Бұл «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдары мен сервистік қызмет көрсететін жеке мердігерлік компаниялар қызметкерлерінің жалақысында айырмашылықтардың болуына, сондай-ақ қызметтер үшін әртүрлі тарифтерге байланысты», — деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Өңір басшысының айтуынша, бұдан басқа, бірқатар компания жалақыны арттыру және әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында мекемелерін мемлекет қарамағына өткізу туралы талаптарды көтеріп келеді. «Сонымен қатар, бірқатар компанияларда жалақыны…
CaspianLife, 8 ақпан — Атырау қаласында терможаңғыртуды қажет ететін 150 ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. 25 үйдің салынғанына 40 жыл болған. Мамандар биыл көктемде осы 25 баспанаға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 670 млн теңге қайтарымды қаражат бөлінбек. Құжаттамалар жинақталған соң көппәтерлі үйдің тұрғындары мен жобалық сметалық құжаттамамен танысу, мердігер мекемесімен танысады. Мердігер мекемелер туралы ақпараттар жиналған соң тұрғындар таныстырлып, таңдау жұмыстары жүгізіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін оны қадағалайтын техникалық бақылау қаладағы тұрғын үйлерге қызмет көрсету ЖШС мамандары және тұрғындар қадағалайды,- дейді Атырау қалалық «Тұрғын үйлерге коммуналдық…
CaspianLife, 8 ақпан — Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әніне өнер көрсетті. Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орын иеленді. Қысқы ойындар аясында 10 ақпанда ерлер арасында еркін бағдарламадан жарыс өтеді. Васильев қаңтардың аяғында өткен Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл — оның карьерасындағы ең жоғары жетістігі және латвиялық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже. Бейжің Олимпиадасы — Васильевтің карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол Пхенчхан-2018-да 19-орынға ие болды. Оның жаттықтырушысы — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель. Сондықтан Абай әні таңдалған болуы мүмкін.
