CaspianLife, 8 ақпан — Атырау қаласында терможаңғыртуды қажет ететін 150 ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. 25 үйдің салынғанына 40 жыл болған.
Мамандар биыл көктемде осы 25 баспанаға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 670 млн теңге қайтарымды қаражат бөлінбек.
Құжаттамалар жинақталған соң көппәтерлі үйдің тұрғындары мен жобалық сметалық құжаттамамен танысу, мердігер мекемесімен танысады. Мердігер мекемелер туралы ақпараттар жиналған соң тұрғындар таныстырлып, таңдау жұмыстары жүгізіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін оны қадағалайтын техникалық бақылау қаладағы тұрғын үйлерге қызмет көрсету ЖШС мамандары және тұрғындар қадағалайды,- дейді Атырау қалалық «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Бауыржан Тоқымбаев.
Жөндеу жұмыстары шамамен 4 ай бойы жасалады. Ал меншік иелері төлемді пәтердің жалпы аумағына байланысты 4000-8000 мың теңге аралығында 10 жыл бойы төлейді. Роза Жәкиева «Рахман» ПИК төрайымы. 2 жыл бұрын оның ПИК құрамындағы үйлердің бірі терможаңғыртудан өтті. Биыл тағы бірінде жөндеу жұмысы басталмақ. Ал оның сапалы жасалуына тұрғындардың өздері де ат салысу керек дейді ол.
Әр тұрғын подьезден өздері шығып тексеріп қырғанын, майлағанын неше рет майлады соның бәрін қарап жүрді. Бұл үйдегі тұрғындардың жауапкершіліктері жақсы. Өздері бәрін қарап тексеріп жүрді, — дейді «Рахман» ПИК төрайымы Роза Жакиева.
2020 жылы облыс орталығындағы 4 үйдің жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 200 млн тг бөлінді. Мердігерлер жұмысты тек 90 пайызға аяқтапты. Сапасы да сын көтермейді. Бүгінде бұл компанияларға қатысты сот шешімі шығып, іс сот орындаушысына берілді.
Сондай-ақ, әкімдік тұрғындарға жөндеу жұмыстарын қайта жүргізуге көмектесуде. Мамандардың айтуынша, термомодернизация өте тиімді бағдарлама. Тек пәтер иелері мен ПИК қызметкерлері бірігіп, жасалып жатқан жұмыстарды бақылап, жауапкершілік таныту керек. Сонда ғана лас су толған жертөле мен шұрқ тесік шатыр дегенді ұмытуға болады.