CaspianLife, 7 ақпан — ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақтағы газ бір жылда 6-10 есе қымбаттағанын мәлімдеді. Боррель ЕО-да стратегиялық газ қорын игеру мүмкіндігін шұғыл түрде қарастыруға шақырды. Ол ұзақ мерзімді мақсатқа — энергия қуатын үнемдеуге шақырды. Оның айтуынша, Вашингтондағы ЕО-АҚШ энергетикалық кеңесі осы бағыттағы трансатлантикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. «ЕО-дағы газ бір жыл бұрынғыға қарағанда 6-10 есе қымбаттады, бұл электр энергиясы бағасына үлкен әсер етеді. Өйткені бұл бағалар Еуропадағы электр энергиясының көтерме нарығында анықталады. Бұл 2021 жылдың аяғына инфляцияның өсуіне әкелді», — делінген хабарламада. Саясаткер энергия бағасы 2022 жылы жоғары болса, инфляцияның жоғарылауына…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 ақпан — 2022 жылдың 5 ақпанында РФ Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында (РФ Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік сынама ғарыш айлағы) ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің (ӘҒС) зымыраны сәтті ұшырылып, ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілді. «Космос-2553» технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандврмен және жүйемен жабдықталған, делінген хабарламада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.
CaspianLife, 7 ақпан — Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отыруының 70 жылдығы қарсаңында халыққа және оның отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, мерейтойын тойлауды асыға күтетінін мәлімдеді. Хаттың мәтіні Букингем сарайының Twitter-парақшасында жарияланды. «Кейінгі жеті онжылдықта біздің барлығымызға пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени ұмтылыс байқалды. Болашақ бізге, әсіресе, Ұлыбританиядағы және бүкіл Достастықтағы жастарға осындай мүмкіндіктер ұсынатынына сенімдімін», — деп атап өтті II Елизавета. Ол, сондай-ақ, 2021 жылдың көктемінде қайтыс болған жұбайы Ханзада Филиппті еске алды. «Мен сіздерге мәңгі риза болып өтемін және маған деген адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін қарыздармын. Таққа отыратын уақыт келгенде менің ұлым Чарльз бен оның…
CaspianLife, 7 ақпан — Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап, өзі жедел жәрдем шақырған. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Желі қолданушылары жұма, 4 ақпанда Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап түскенін, алайда ол аман қалып, өзі жедел жәрдем шақырғанын жарыса жазған еді. Артынша Желіде әйел адамның құлаған сәтінің видеосы пайда болды. «Якутск қаласы бойынша тергеу басқармасы 1991 жылы туған әйел адамның сегізінші қабаттан құлауы дерегі бойынша процессуалдық тексерісті бастады. Бүгінде әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шешім қабылданатын болады», — деді Ресей тергеу комитетінің тергеу басқармасы басшысының Саха (Якутия)…
CaspianLife, 7 ақпан — Грекиядағы танымал Калаврита тау шаңғысы курортының жанында үш альпинист өлі табылды. Афина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 5 ақпан күні 40, 49 және 56 жастағы үш ер адам із-түзсіз жоғалған. Олар биіктігі 2355 метр Гельмос тауына шығу үшін Калавритадан таңертең шыққан. Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтардың қолдауымен 22 өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамдардың мәйіттері кейбір заттары тікұшақтан көрінгеннен кейін табылған, оларды анықтау үшін ауруханаға жеткізілді. Туристердің өліміне қар көшкіні себеп болғаны анықталды. Бұған дейін әлемге әйгілі оңтүстіккореялық альпинист Пәкістан тауларында өрмелеу кезінде жоғалып кеткен болатын.
CaspianLife, 4 ақпан — 4 ақпанда Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындары басталады. 91 елден 3000-ға жуық спортшы жеті спорт түрінен 109 «алтынды» сарапқа салады. Айта кетейік, Бейжің 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан кейін 14 жыл өткен соң жазғы және қысқы ойындарды өткізген алғашқы қала. Ашылу салтанаты 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталғанын білдіреді. Қытай төрағасы Си Цзиньпин ойындарды тиімді әрі қауіпсіз өткізуге уәде берді. «Біз әлемге қауіпсіз және тамаша ойын өткізу үшін бар күшімізді саламыз», — деді ол. Айта кетейік, Бейжің қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпурда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында алған болатын.…
CaspianLife, 4 ақпан — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және микрокәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізді. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 жарлықтағы ерекшеліктер тізімі №13 тармақпен толықты. «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және профилактикалық бақылау, қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын: (…) 13) әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру». Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Еске салайық, 2019 жылғы 26…
CaspianLife, 4 ақпан — Қытайдың түрмесіне өмір бойы қамалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қыздың анасына жазған хатын жариялады. Адвокат Сұңқар Нұрмағанбетовтің айтуынша, Ақжарқын қазір Қытайда жазасын өтеп жатыр. Оның сауда жасауға, тұрақты түрде отбасына қоңырау шалып тұруға, сонымен қатар хат алып, хатқа жауап беруге мүмкіндігі бар екенін айтты. Заңгер Ақжарқынның анасына жазған хаттарының бірін жариялады. «Аяулы анашым. Отбасыммен бірге болуды қаншалықты армандайтынымды білсеңіз ғой. Балалық шағымды, сіздерді қатты сағындым. Білесіз бе, біздің жүрегіміз бір-бірімен тығыз байланысты. Біз әлі де жақынбыз. Мен отбасымыздың әрбір мүшесін сағындым және жақсы көремін. Сізден тағы да хаттар мен фотолар күтемін. Сүйіспеншілікпен, қызыңыз Ақжарқын», — делінген…
CaspianLife, 4 ақпан — Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растады. Ол сұйылтылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Қазіргі таңда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты таратылмайды», — деді Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінен.
CaspianLife, 4 ақпан — Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған. «Облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияны «Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілініп отыр. Қайрат Нұрлыбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға ол 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған), яғни 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидия келісімшартын жасаған және инвестициялық субсидияны төлеген. «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн теңге көлеміндегі борышты толықтай орнына келтірді» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Былтырғы қаңтардан бері облыс…
